161
Тәрбие тармақтары
− Қателерін түзетуді азайтып, оған деген жақындығымды
арттырар едім.
− Тек
көзіммен қадағалап, сағат шектеуін доғарар едім.
− Көп
көңіл бөліп, мейірімімді молайтар едім.
− Бірге
серуенге шығып, батпырауық ұшырар едім.
− Қаталдық танытудың орнына онымен бірге асыр салып
ойнар едім.
− Қырда бірге қыдырып, түнде жұлдыздарды тамашалар
едім.
− Аз ұрсып, көп құшақтар едім.
− Қатал тәртіптің қыспағына алмай, қайта жылы шырай та-
нытып, үнемі
қолдау көрсетіп, ынталандырар едім.
− Сүйіспеншілікті көп үйретер едім.
(Диана Луманс)
Достарыңызбен бөлісу: