Мысалы: дәстүрлі сабақтардағы сұрақ-жауап, әңгімелесу әдістері балалардан таныс нәрсені сұрап білуге негізделеді. Бір ғана жауабы бар сұраққа жауап та, тек бір сөзді қосып қайта айтып берумен қайтарылады.(Балалар қайда барады? Балалар мектепке барады. Немесе, 2-ге 7-ні қосса қанша болады? 2-ге 7-ні қосса 9 болады түріндегі жауаптар)
Дамыта оқыту жүйесіндегі қойылатын сұрақтар проблемалы, ойлауды, пайымдауды қажет ететіндей етіп беріледі. Оқушы да ол сұраққа өз ойын, өз пікірін білдіре жауап беруге дағдыланады. Жауаптардың бірнеше вариантта болуы мүмкін екендігі қарастырылады. Мысалы: «Әңгіменің кейіпкерлері туралы не айта аласың?» немесе «4» және «5» сандарымен қандай тапсырмалар ойлап табуға болады? түріндегі сұрақтар.
Оқу әрекеті деп білім, білік алуға бағытталған әрекетті айту қабылданған. Ол өз бетінше де, мұғалімнің жетекшілігімен де жүзеге асады.
Әрекеттің ішкі құрылымына енетін бұл компоненттер былайша сипатталады.
Әрекеттің ішкі құрылымына енетін бұл компоненттер былайша сипатталады.
Әрекеттің ішкі құрылымына енетін бұл компоненттер былайша сипатталады.
Қажеттілік - индивидтің өзінің өмір сүруге, дамуға білімнің, тәжірибесінің, басқа да әлеуметтік жағдайлардың жеткіліксіз екенін сезіну. Белсенді әрекеттің негізі.
Айтылғандарды қорыта келсек- дәстүрлі оқыту балада білім, білік, дағды алуға қажетті ақыл, сана бар деп есептеп, сол ақылға дайын білімді құю керек деген көзқарасқа бағытталса, дамыта оқыту бала бойындағы табиғи қабілеттерді жаңа белестерге көтеруді мақсат тұтатын ұстанымдарға негізделген.