Дамыта оқыту технологиясы



бет6/10
Дата20.02.2023
өлшемі149,74 Kb.
#69523
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
556307.pptx

Дамыта оқыту жүйесінің авторлары бала ойлауын абстрактіден қарапайымға қайта жетелейді. Мысалы: «А» әріпін өткенде алманы көрсете тұрып, оның не екенін, дәмі, түрі, формасы қандай екенін сұрағаннан гөрі, ол туралы не білетінін, не айта алатынын сұрап білудің баланы дамыту үшін тиімділігі зор екенін айтады. Бұл принципте жеңіл-желпі тапсырмалар орнына, баланың тапқырлығын зерделілігін дамытатын шығармашылық тапсырмалар орындау үлкен нәтиже береді. Дамыта оқыту жүйесінің маңызды принциптерінің бірі – теориялық білімнің жетекші ролі принципі. Бұл теорияда оқыту барысында қарапайым бақылаулар, зерттеулер жасау арқылы өмір заңдылықтарына көздерін жеткізу, қорытынды жасауға дағдыландыру. Заттар мен құбылыстардың тек сыртқы қасиеттері ғана емес ішкі байланыстарын заңдылықтарын меңгеру, олардың танымын тереңдететіндігі анықталады. Мысалы, жыл мезгілдері туралы сөз өткенде, біз ешқашан жасыл болып жайқалып тұрған ағаш жапырақтарының күз түсе сарғайып, ал қыста мүлдем түсіп қалатындығын неге байланысты екендігіне тоқталамыз. Қоршаған орта мен өмір заңдылықтарына көздерін жеткізіп қорытынды жасауға дағдыландырамыз.

Дамыта оқуда оқу процесіне дивергентті, яғни көптеген дұрыс жауаптары болатын тапсырмаларды да енгізіп отыру ұсынылады. Себебі ғылымда, өмірде адамға осындай көп жауапты тапсырмалар кездеседі. Мұндай есептер оқушылардың шығармашылықпен ойлауын қажет етеді.

Дамыта оқуда оқу процесіне дивергентті, яғни көптеген дұрыс жауаптары болатын тапсырмаларды да енгізіп отыру ұсынылады. Себебі ғылымда, өмірде адамға осындай көп жауапты тапсырмалар кездеседі. Мұндай есептер оқушылардың шығармашылықпен ойлауын қажет етеді.

Белсенді ойлауды керек ететін мысалдар келтірейік:

Өзіңізге берілген есептің шарттарын қиындатыңыз немесе оңайлатыңыз.

Егер Жерде темір жоқ болып кетсе не болуы мүмкін?

Дамыта оқыту технологиясы сабақта проблема қою әдісін және оқушыларын зерттеу әдісін қолданып отыруды көздейді.

Дамыта оқыту технологиясында оқушының барлық оқу әрекетіне мұғалім басшылық, бағыттау жасап отырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет