Баланы жалпы дамытатын жаңа мәселелерді (сұрақтарды) талдау, жолдасының көзқарасымен келісу немесе оған күдіктене қарау, өз пікірі дұрыс болмаса бас тарту. Ақыл-ой іс-әрекетінің алуан түрін орындау кезінде бала қиындықты жеңіп, табысына қуанады, қанағаттанады. Баға қойылмауы сыныпта жақсы жағдай туғызады. Сонымен Л.В.Занков жүйесі бойынша оқыту баланың дамуын анағұрлым тездететінін көрсетті, балалар - сыншыл.
Бастауыштан орта сыныптарға өткенде қиындық болады. Дамыта оқыту рефлексияға қабілеттілік сияңты бағалы сапаны қалыптастырады. Рефлексия - өзінің психикалық жағдайы туралы ойлануы, өзінің толғаныстарын таңдай білуге бейімділік. Бала өзінің мінез-құлқын, жүріс-тұрысын реттеп отырады. Л.В.Занков оқушыларының ерекшелігі ақыл-ой жұмысына құштарлықтары. Бала өз бетімен білім алуға ұмтылады. Білімді өз бетімен алу көңілге жақсы сезім ұялатады. Өзін жақсы көру достық, өмірді сүю сияқты қасиеттердің негізі.
Дамыта оқыту жүйесіндегі қойылатын сұрақтар проблемалы, ойлауды, пайымдауды қажет ететіндей етіп беріледі. Оқушы да ондай сұраққа өз ойын, өз пікірін білдіре жауап беруге дағдыланады.
Дәстүрлі оқытуды салыстырмалы түрде сипаттай кетсек , дәстүрлі сабақтарда мұғалімнің міндеиттері, атқарар істері үшін теңіз. Ол тыңдайды , сұрақ қояды, жазады, түсіндіреді, көрсетеді, тексереді, бағалайды. Оған кедергі келтірмей тып-тыныш тындау керек. Ендігі жағдай басқаша. Мұғалім – ақылды, бірақ барлығын өзі айтып бере салмайды. Ол өз пәнін жетік біледі, Бірақ өз білімімен таңқалдыруға тырыспайды. Мұғалім мәселе қояды, ойлаудың жолдарын ашады, әрекеттің барысына бағдар береді, жетектейді. Осылайша оқушы қоғам , ғылым шешіп қойған , бірақ ол үшін жаңа болып табылатын проблеманы шешуге кіріседі. Оқу әрекетімен айналысады. Үлгі бойынша білім алуға үйренген баланың шығармашылық қабілеті шектеліп, табиғи мүмкіндігі жойылады. Ал әр сабақ сайын ізденуге үйренген бала, кез-келген проблеманы тез шешуге үйренеді. Қорыта айтқанда дәстүрлі оқыту әдістемесі сандық, мазмұндық, ал дамыта оқыту технологиясы негізінен сапалық, мәнділік әдіснамасы деп айтуға болады. Дәстүрлі оқыту балаға білім, білік дағды алуға қажетті ақыл, сана бар деп есептеп, сол ақылға дайын білімді құю керек деген көзқарасқа, ал дамыта оқыту бала бойындағы табиғи қабілеттерді жаңа белестерге көтеруге мақсат тұтатын принциптерге негізделген .