Даму бағыттары Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного



Pdf көрінісі
бет8/102
Дата30.12.2016
өлшемі29,2 Mb.
#821
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   102

Қолданылған әдебиеттер: 

1. Отбасы және балабақша №1.2015 қаңтар - ақпан 

2. М.М.Мұқанов, «Жас және педагогикалық психология» ( Алматы 1982ж) 

3. Ү.Тұрғынтаева, «Халық даналығы-адамгерішілік тәрбие құралы. Отбасы және балабақша»      

(2001ж) 

4.  Ғаламтор көздерінен. 

 

 

 



БАЛАБАҚША МЕН ОТБАСЫНЫҢ САБАҚТАСТЫҒЫ 

 

 



Акыжанова М.С. 

№ 108 «Арман» балабақшасы КМҚК 

 

 

  «Адамның адамшылдығы- ақыл, ғылым,  



жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады». 

Абай 

Егеменді еліміз ерекше өркенниетке бет бұрған тұста бүлдіршіндерімізді заман талабына 

сай,  ел  тізгінін  ұстауға  лайық,  халық  мүддесін  ойлайтын  жоғары  рухты  адамзат  ретінде 


50 

 

тәрбиелеу  әрқайсымыздың  басты  парызымыз.  Бүгінгі  таңда  ата-  ана  мен  балабақша 



арасындағы ортақ мәселе- бала тәрбиесі екені баршамызға мәлім.  

Ата- ана үшін бала өмір жалғасы, үміт күткен шырағы, қызық көрсетер болашағы десек, 

балабақша үшін педагог еңбегінің нәрлі жемісі болып табылады.  

Елбасымыз  Н.  Ә.  Назарбаевтың  «Сіздер  мен  біздер  тек  болашақ  буынды  ғана  емес, 

адамзаттық,  қадір-  қасиеттердің  мән-  мағынасын  түсінетін  жаны  да,  тәні  де  таза,  білімді 

патриот  азаматтар  буынын  тәрбиелеуге  міндеттіміз»-  деп  айтқандай,  қоғам  алдында  үлкен 

жауапгершілік  тұрғаны  сөзсіз.  Бала  тәрбиесіне  тек  отбасы    ғана  емес,  сонымен  қатар 

балабақша, оны қоршаған орта да әсерін тигізеді.  

Отбасы  тәрбиесі  мен  балабақшадағы  тәрбие  бір-  бірімен  тығыз  байланысты.  Ата-  ана 

балабақшаға  көмекші,  сенімді  тірек  болып,  ортақ  байланысты  нығайтқанда  ғана  тәрбие 

жұмысы нәтижелі болмақ. 

Сондықтанда  бүгінгі  жас  ұрпаққа  үлгілі,  өнегелі  тәрбие  беру-  қазіргі  білім  беру  және 

тәрбиелеудегі  басты  міндеттердің  бірі.  Баланы  тәрбиелеу,  дамыту  және  білім  беру 

мәселелерінде отбасы мен мектепке дейінгі ұйымдардың бірлескен өзара тығыз байланыста 

болып, нәтижелі жұмыс түрлерін ұсынып ұйымдастыруы қажет.  

Бала  тәрбиесі  ана  сүтінен  басталып,  өмір  бойы  қалыптасатын  күрделі  құбылыс. 

Тәрбиенің ең алғашқы  негізі  отбасында қаланып, балабақшамен байланыс арқылы одан әрі 

жалғасады.  Балалақ  шақтан  бойына  орныққан  тәрбие,  ұлттық  сезім  нышандары,  сөз  өнері 

оның болашақ шамшырағына айналып, рухани байлығын кеңейтеді. Оны туған жерге, елге, 

халқына деген сүйіспеншілікке, патриоттыққа тәрбиелеу- аса жауапты міндеттердің бірі.  

«Жұмыла  көтерген  жүе  жеңіл»  дегендей  бала  тәрбиелеуде  осындай  міндеттерді  іске 

асырушылар-  балабақша  мен  отбасы.  Осы  екі  арнада  жүргізілген  тәлім  тәрбие  сабақтаса, 

ұштаса  жүргізілгенде  ғана  мақсатымыз  нәтижелі  болмақ.  Сондықтан  тұлғаның  қалыптасу 

нәтижелілігі ең алдымен отбасындағы өнегеге байланысты екенін үнемі естен шығармауымыз 

керек. Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытудың мемлекеттік стандартында: 

ата- аналарды мектепке дейінгі ұйымдар мен мектепалды топтардың педагогикалық процеске 

тарту мақсатында мектепке дейінгі ұйымдар мен отбасының өзара іс- әрекетін қамтамасыз ету 

қажеттілігін ұсынады. Мектепке жасына дейінгі мекеменің отбасымен өзара қарым- қатынас 

барлық  нысандары  мен  түрлерінің  негізгі  мақсаты  балалар,  ата-  ана  мен  педагог  арасында 

сенімділік қатынасты орнату, баламен тәрбие барысындағы кездесетін күйзелістермен бөлісу 

және бірлесіп шешу қажеттілігіне тәрбиелеу.  

Мектеп жасына дейінгі мекеме педагогтары мен ата- аналардың өзара сабақтастығы мен 

серіктестігін төмендегі ұсыныстар арқылы іске асыруға болады:  

- педагогикалық және психологиялық сауаттылықты жетілдіру

-  іс-  әрекеттің  түрлі  формалары  (ұйымдастырылған  оқу  іс-  әрекеттеріне,  әр  түрлі 

мерекелік ертеңгіліктерге ата- аналарды қатыстыру, үйірмелерді,  көрмелерді  ұйымдастыру) 

және қосымша қызмет көрсету; 

- балалардың ата- аналармен бірлескен шығармашылық түрлерін дамыту; 

- қалыптасу мен дамыту мәселелері бойынша тәжірибе алмасу; 

Ата-  аналарды  ұйымдастырылған  оқу  іс-  әрекеттеріне,  бірлескен  психологиялық 

тренингтерге, мектепке дейінгі мекемеде өтетін түрлі іс- шараларға қатыстырудың маңызды 

нәтижесі  дегеніміз  ата-  аналар  өз  балаларының  үйлерінен  тыс  ортадағы  қылығын,  оның 

басқалармен қалай араласуын, білім деңгейін, құрдастарының оған деген қарым- қатынасын 

зерттей алады.  

Бүгінгі  таңда  болып  жатқан  өміріміздегі  өзгерістерге  байланысты  педагог  пен  ата- 

аналардың  бала  тәрбиелеудегі  жауапгершілігі  арта  түсуде,  сондықтан  да    біздің  «Арман» 

балабақшамыз  оқыту  мен  тәрбиелеуде  отбасымен  бірлесе,  ынтымақтаса  отырып  жұмыс 

атқарады.  

Біздің  балабақша  балаларды  үш  жастан  бастап  қабылдайды.  Үш  жасқа  дейінгі  бала 

отбасында тәрбиеленеді. Отбасында алған тәрбиені біз одан әрі дамытып, жеке тұлға ретінде 

қалыптасуына ықпал етеміз.  


51 

 

Балабақшаға  ата-  ана  бала  әкелгенде  әртүрлі  мінез-  құлықпен  келеді.  Өз  тәжірибемде 



әртүрлі  қиындықтар  кездесті.  Мысалы:  Тәрбиеші  мен  ата-  ана  арасындағы  түсінбеушілік, 

баланың  балабақшаға  бейімделуі,  бала  тәрбиелеуде  әртүрлі  сұрақтардың  туындауы.  Осы 

қиындықтарды  шешу  жолында:  ата-  аналармен  кеңестер,  сауалнамалар,  тренингтер,  жеке 

жұмыстармен  қоса  «Психология  апталығы»  жүргізілді.  Айта  кететін  болсақ  оқу  жылының 

басында  ата-  аналардан  «Сіздің  балаңыз  балабақшаға  бейімделді  ма?»,  «Ата-  ананың 

балабақша  жұмысына  қанағаттануы»    деген  тақырыптарда  сауалнама  алынса,  «Баланың 

балабақшаға  бейімделуі»,  «Баланың  алаңғасарлық  мінезін  қалай  жоюға  болады?»,  «Бала 

қыңырлығы»,  «Сюжеті-  ролдік  ойынның  бала  өмірінде  маңызы»,  «Баланың  жауапгершілік 

қасиетін  тәрбиелеу»  және  т.  б  мәселелер  бойынша  ақыл-  кеңестер  мен  ұсыныстар  беріліп 

отырылды.  

Соныме  қатар  ата-  аналармен  «Психология  апталығында»  өткен  «Шаттыққа  толы 

жүрекпен» атты тренинг өте жақсы әсер қалдырды. Мақсаты: ата-ананың тәрбие мәселесіндегі 

психологиялық құзыреттілігін арттырып, баламен тиімді қарым-қатынас орната білу қабілетін 

дамыту, оқу-тәрбие жұмыстарына қатыстыра отырып, серіктестікке тарту. Ата- аналар үлкен 

қызығушылық  танытып,  өз  ризашылықтарын  білдірді.  Апталық  арасында  ата-  аналардан 

әлеуметтік-  сұрақ  «Қуаныш–  бұл…,  «Отбасы–  бұл…  блиц-  сұрақ  «Егер  де  мен  тәрбиеші 

болсам…»,  психологиялық    акция  «Тілек  ағашы»,    психологиялық  марафон  акциясы: 

«Көңіл-  күй  калейдоскопы»  алынды.  Акция  мақсаты:  ата-  ананың,  баланың  эмоционалдық 

күйін білу, жағымсыз күйге жағдай жасау  

 

 



 

 

 



Оқу жыл басында қойлған мақсат пен міндеттерді жүзеге  асыру брысын ата- аналармен 

өткізілген ашық сабақты да айта кетуге болады. «Менің отбасым» атты ашық түзету сабағы 

ортаңғы  топ  балаларымен  ата-  аналарының  қатысуымен  өткізілді.  Сабақтың  мақсаты: 

балалардың  отбасында  тұратын  адамдар  жайлы  «отбасы»,  «туысқандар»  деген  ұғымдырын 

кеңейту; отбасының туысқандық түсініктерін қалыптастыру; отбасына деген сезімдік қасиетке 

тәрбиелеу. Бұл ашық сабақ ата- аналарға, балаларға және тәрбиешілерге үлкен әсерін тигізіп 

ғана  қоймай  жоғары  деңгейде  бағаланды.  Өкізілген  шаралардың  бәріөз  жұмысымның  ата- 

аналар үшін де балалар үшін де өте тиімді екендігін байқатты.

  

 

          



     

     


 

 

 



Бірігіп жұмыс істеу барысында ата- аналардың психологиялық- педагогикалық істеріне 

педагогтардың қатысуының тиімді екенін айтқым келеді. Отбасында берілетін тәрбие дұрым 

жолға қойылса, жетер жетістігі мол болмақ. Бала тәрбиесіне дер кезінде көңіл бөліп, саналы 

ұрпақ  тәрбиелеуіміз  қажет.  Тәуелсіз  еліміздің  ұлдары  мен  қыздарын  жан-  жақты  дамыған, 



52 

 

өзіндік  пікірі  бар,  жерін,  ата-  анасын,  ұстазын  құрметтейтін  азамат  болуына  баланың  өсіп 



отырған ортасы мен отбасының ықпалы өте зор. 

Тәрбиелі  жас  ұрпақтың  білімді,  білікті  болуы  отбасы  мен  балабақшаның  үздіксіз 

бірлескен еңбегінің нәтижесі. Біздің ең биік мақсатымыз әр отбасындағы ұрпақтың дені сау, 

рухани бай, білімге, еңбекке, құштар болып өсуі. Ата- аналармен балалардың бүгінгі жасаған 

қадамы, ертеңгі тұлға болып қалыптасуына үлкен әсер беретінін ұғындыру.  

Еліміздің болашақ ұрпағын тәрбиелеуде баршамыз үздіксіз ізденіп, тыңғылықты еңбек 

етуіміз  керек.  Бала  дегеніміз-  болашақ.  Балаларымызды  қалай  тәрбиелесек,  болашағымыз 

солай болмақ. «Жас ұрпақ- келешек қожасы»- деп В.Г. Белинский айтқандай, болашағымыз 

бен  келешегіміздің  қожасы  балаларымызды  білімді  де  мәдениетті,  тәрбиелі  де  әдепті, 

кішіпейіл де қарапайым етіп тәрбиелеу өз қолымызда.  Сондықтан да, ұл- қызымызға көзбе- 

көз айтқан сөзіміз, берген тәрбиеміз, жүректен- жүрекке жетсе үлкен ғанибет! 

 

 

Қолданылған әдебиеттер: 

1. Ұлттық салт- дәстүр журналы: «Дәстүр» №2, №3. Баспасөз- 2014 жыл. 

2. Омарбекова А. И. «Тәрбие- тал бесіктен басталады»- әдістемелік құрал- Астана, 2010 жыл. 

3. «Бала тәрбиесі» Республикалық қоғамдық педагогика- психологиялық басылым. №9, 2014 

жыл.  

 

 

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ МЕКТЕПКЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ 

- ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАЙЫНДЫҒЫ 

 

 

Алдабаева Б.О 

КМҚК «Балбөбек» балабақшасы 

Қарағанды қаласы 

 

 

Мектеп табалдырығын аттау бүлдіршін өміріндегі заңды құбылыстардың бірі: әрбір бала 



жасы жеткенде мектепке барады. Қай жастан бастап үздіксіз білім алуды бастаған жөн: алтыда 

ма немесе жетіде ме, әлде сегіз жастан ба? Мектепке алғаш бару бала өміріне үлкен жаңалық, 

өзгеріс енгізеді, қоғамдағы жаңа орынға бейімделуі мен өсіп жетілуінің бір бастамасы болады.     

Баланы  мектепке  дайындықты  балабақша  мен  мектептегі  әдіс  -  тәсілдерді  ұштастыру 

арқылы жүзеге асыруға болады, бірақ оларға қойылатын міндеттілік, реттілік, ойын әдістерін 

пайдалану,  өз  кезегімен  бірдей  болуға  тиісті.  Баланы  қандай  бағдарлама  бойынша  оқытқан 

жөн. 

Демек, «Баланы мектепке даярлау қалай болуы керек?» деген сұрақтың ата  - ана үшін 



маңызы артып, тиісті жауап іздейді. Бұл сұраққа көптеген ата - аналарда екі пікір қалыптасқан: 

бір ата - аналар алғаш мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап данышпан етуді мақсат 

тұтса,  кейбіреулері,  керсінше,  бала  білмей  барса,  барлығын  мектепте  үйренуі  тиіс  деген 

пікірде.  Осы  пікірлердің  алтын  ортасын  қалай  таңдаймыз?  Баланы  мектепке  физикалық 

жағынан да, психологиялық жағынан да қалай дайындаймыз? 

Бірінші сыныпқа баратын бала жазу - сызуды біліп баруы міндетті емес, оған барлығын 

мектепте  үйретуге  міндетті.  Алайда,  қазіргі  заман  оқу  бағдарламасының  тапсырмаларын 

ауыртпалықсыз  орындау  үшін,  іс  жүзінде  мектеп  табалдырығын  аттамас  бұрын  жазу  мен 

оқуды біліп барғаны дұрыс. Балаңыз мектепке бармас бұрын оқу жазуды білсе жақсы. Балаға 

жазу  сызу  барысында  қарындашты  немесе  қаламсапты  дұрыс  ұстап  үйретуді  ұмытпаңыз. 

Баланың сөйлеу тілінде кемістіктің болмауы шарт, сөйлеген сөзінің мағанасы өзіне түсінікті 

болу керек, өзінің ойын жеткізе алуы қажет. Жазып санауымен ғана шектеліп қана қоймай, 



53 

 

салыстыра  білуді  және  талдауды,  ойлай  білуді  меңгере  алу  тиіс.  Сонымен  қатар,  өздігінен 



қорытынды жасай білсе, көп нәрсені жақсы түсінеді.  

Көрнекі  әрекеттік  ойлау  қабілеттілігі  жоғары  бала  көрнекі  үлгімен  жұмыс  істегенде, 

заттардың  кейпімен  мөлшерін  ұйқастырғанда  қойылған  міндеттерді  шешуде  тиімді 

әрекеттердің барлық түрін ұйымдастырып шығарады. 

Кез келген ата-ана баланың өсіп жетілуіне, рухани күшті етіп тәрбиелеу жолында алуан 

түрлі қуаныш пен қиыншылықтарды бастарынан өткізе отырып, оның рухани және ақыл ойы 

мен дене құрылысы жағынан жан - жақты дамуына баулуы керек.  

Баланың мектепке дайын болу жағдайы бірнеше түрге бөлінеді:  

1. Дене бітімінің дайындығы - баланың салмағы мен бойының өз жасына сай болуымен 

қатар он екі мүшесі сау болуы керек

2. Зиятының дайындығы - баланың ой - өрісінің, есте сақтау қібілетінің, тілінің, зейінінің, 

өз  еркімен  тапсырма  орындай  алуының,  мақсат  қоя  білуінің,  қателігін  түсіне  білу 

қабілеттілігінің өз жасына сай болуы;  

3.  Әлеуметтік  -  психологиялық  дайындық  баланың  жаңа  ортаға  деген  көз қарасының, 

оқушы жауапкершілігінің, өзін өзі ұстай білуінің, үлкен кіші адамдармен қарым қатынасының 

өз жасына, мектептердің талабына сай болуы; 

4. Ерік аясының дайындығы баланың өз іс әрекетін мақсаттытүрде қалыптастырып, өз 

кемшіліктері мен жетістіктерін дұрыс қабылдап, әрекет ете білуі; 

Әлеуметтік - психологиялық дайындық 

Баланы мектепке дайындау дегенде көптеген ата - аналар әріптерді танумен, сандарды 

санаумен ғана шектеліп жатады. Одан басқа, баланың мектепке қажетті құрал саймандар мен 

киім кешектеріне баса назар аударады. Әрине, бұл дайындықтарсыз баланың мектепке дайын 

болуы екіталай. Бірақ баланың оқуға дайындығын ақыл ойының даярлығымен, материялдық 

дайындығымен шектеліп қоймай оны оқуға психологиялық жағынан даярлауды қалыптастыру 

қажет. Баланың психикалық үрдістерінің дамуы оқуда және басқа адамдармен қарым - қатынас 

орнатуда қиындыққа кезікпеуіне мүмкіндік береді. 

Әлеуметтік  құзырлы  бала  адамдармен  қарым  -  қатынас  орната  алуға,  олармен  дау 

дамайсыз келісе білуге, ешкімді жәбірлемей өз көзқарасын дәлелдей алуға, белгілі бір сұрақ 

маңайында серігінің пікірімен келісе білуге қабілетті. 

Эмоционалды жетілген бала жиі ренжімейді, басқа адамдардың сезімдерін түсінеді және 

оның себептерін түсіне, сипаттай біледі (мысалы, «Мен мұңайып тұрмын, өйткені бәрі кетіп 

қалды, ал мен жалғыз болғанды ұнатпаймын»).  Мұндай бала мерекеде ұмытылып жалауша 

берілмей қалса, еңіреп жыламай, жай ғана тәрбиешіге келіп, сұрап алады.  

Мектепке түскенде өз эмоцияларын басқара алмайтын балалар қиын жағдайда болады. 

Кез келген реніш оларды күйзелтеді. Бір істеріндегі сәтсіздік көпке дейін оларда өзіни кемсіту, 

ал  қанағаттану  үлкен  қуаныш  сезіміне  әкеледі.  Бұл  жағдайда  айналаны  (оның  ішінде  оқу 

материалын) қабылдау күт төмендейді. Өз уайымдарынан шыға алмаған балалар айналадағы 

оқиғаларды  бағдарлай  алуға  мүмкіндігі  жоқ,  олардың  зейіні  төмендейді,  ой  қорытуға, 

логикалық ойлауға қабілеті жойылады. Кейде балалар қабілетсіз болып көрінуі мүмкін, әсіресе 

стресс жағдайында; мектепке қабылдау әңгімелесуінде, тестілеуде, одан кейін тақта алдында 

жауап беруде. Сондықтан 5-6 жасқа қарай балаға өз сезімін және уайымын бақылауды үйрету, 

оны «өзін-өзі жұбату» тәсілдерімен таныстыру қажет (мысалы, «өзін өзі көндіру, иландыру»; 

«Бәрі  де  жақсы  болады,  бәрі  өтеді,  мен  сабырлымын,  мен  істей  аламын»...»)  Бұл  жерде 

болымсыз етістіктің бұйрық райын қолданбауға тырысу қажет; «Жылама», «қорықпа», т.с.с. 

Балаға  қарапайым  дем  алу  жаттығуларын  (10  терең  дем  алу  дем  шығару),  «шеттеу» 

техникасын  үйрету  қажет.  Жалпы  алғанда,  баланың  ақыл  -  ой,  дене  және  эмоционалдық 

дамуының  деңгейіне  қарамай,  үнемі  олардың  өзіне  сенімділігін  қолдап,  эмоционалды 

жайлылығын қамтамасыз ету қажет.  

Бірақ, кейде бала оқуға барғысы келмейді, дегенімен оның себебі әр түрлі болады: бір 

балалар мектепте көп бала бар және онда көңілді десе, біреуі партаға отырғысы келгендіктен 

баруы мүмкін. Алайда, мұндай ықыласпен келген балалар біраз уақыттан кейін мектептің олар 


54 

 

үшін қатал тәртібіне және күнделікті оқу үрдісіне қызығуы қажет. Сонда ғана баланың таным 



қызығушылықтарының дамуына, жаңа білім алуына мүмкіндік туады. Сонымен бірге баланың 

мұғалімдерімен, балалармен қарым қатынас жасауы аса маңызды. Яғни, оқу әрекеті ұжымдық 

сипат болғандықтан, әрбір  бала құрдастарымен қарым -  қатынас жасай алуға, бірге жұмыс 

істеуге дағдылануы керек. 

Баланың  шешім  қабылдай  алып,  мақсат  қоя  білуі  ерік  жігерінің  даярлығы  болып 

саналады.  Баланың  әрекеттерді  жоспарлап,  олардың  орындалуын  жүзеге  асыруда  күш  пен 

бойындағы  қабілеттерін  жұмсай  білуі,  қиындықтарды  жеңе  білуі  балалардың  психикалық 

үрдістерінің  қалыптасуына  ықпалын  тигізеді.  Егер  балалардың  оқуға  дайындығы  осы 

бағыттармен  ұштасып  жатса,  бала  оқуға  тез  бейімделіп,  жақсы  оқып  кетуіне  мүмкіндік 

туғызады. 

Мектепке дейінгі балалардың негізгі іс - әрекеті ойын болғандықтан, оларға бірден оқу 

әрекетіне  ауысу  біршама  қиындықтар  туғызады.  Мектеп  табалдырығын  алғаш  аттаған  бала 

педагогтармен  және  балалармен  кезіккенде  мазаланады,  оқу  үрдісінен  өзінде  жағымсыз 

эмоциялық сезіну пайда болып, қорқыныш пайда болады. Сондықтан балалардың көңіл күйі 

болмай, себепсізден жиі ауыруы «мектеп неврозы» сипатында көрінеді. Яғни, мектепті еске 

алса  болғаны,  жылап,  уайымдайды.Сөйтіп,  мектеп  бала  үшін  стресс  тудыратын  факторға 

(стрессогендік фактор) айналып, денсаулығының нашарлауына әкеп соғады. Осы кезде әрбір 

ата - ана өзінің баласына мектеп туралы қажетті мағлұмыттар айтып, баланың мектепке деген 

жағымды қатынас және сенімділік сезімін қалыптастыра отырып тәрбиелеу керек. Ең бастысы 

баланы  жолдастарымен  қарым  -    қатынас  жасай  алуға,  басқа  балалардың  ойымен  санасуға 

үйрету.  

Балаларды мектепке психикалық даярлау бағыттарын тәжірибеде жүзеге асыратындар 

мұғалімдер,  балабақша  педагогтары  мен    психологтары.  Психологтың  міндеті: 

психодиогностиканың  әдістемелерін  қолдану  арқылы  және  зерттеу  нәтижелеріне  сүйеніп, 

алты жастағы баланың оқуға дайындығын анықтау. 

Арнаулы  дайындық  мектепке  баратын  балалар  санауды,  сөздерді  буынға  бөліп  қана 

қоймай,  қоршаған  орта  туралы  да  толық  түсініктері  болу  керек.  Сонымен  бірге  таным 

үрдістерін (ес, зейін, ой - қиял, қабылдау) де дамытып отыру қажет.  

Мектепке бару үшін баланың даму деңгейі қандай болу қажет дегенде мына төмендегі 

шарттарды айтуға болады: 

1. Үлкендермен қарым қатынасы. 

2. Құрдастарымен қарым қатынасы. 

3.  Өзін өзі бағалай білуі. 

Үлкендермен  қарым  -  қатынасында  балалар  олардың  берген  білімдерін  бар  зейінімен 

қабылдайды.  Балада  еріктің  дамуы  төмен  болса,  берген  тапсырманы  түсінбей,  өз  еркімен 

жасай  алмайды.  Сондықтан  мектепке  баратын  балалардың  үлкендермен,  құрдастарымен 

жақсы қарым - қатынаста болуының зор маңызы бар. 

Құрдастарымен  қарым  -  қатынасы.  Егер  бала  жанындағыларымен  тіл  табыса  алса, 

мектепте оқуға дайын деп есептеуге болады. Мұндай дағды баланың бойында кездеспесе, онда 

оған мектепте өте қиын болады. Мысалы: бірге оқып жүрген құрдастарының жауабын тыңдап, 

әңгімені  толық  аяқтай алмайды,  бала  өз  көңіл  күйін  білдіре  алмайды  (қуану,  ренжу).  Бұны 

тестер арқылы да байқауға болады. 

Өзін  -  өзі  бағалауы.  Бұл  кезеңдегі  балалар  жас  ерекшелігіне  байланысты  өзін  және 

істеген  істерін  жоғары  бағалайды.  Бұл  қасиет  баланың  өркөкректігіне  жатпайтындықтан  7 

жастан  кейін  өзінен  өзі  жойылады.  Бірақ  кейбір  балаларда  үлкендердің  балаға  деген 

көзқарастары,  сүйіспеншілігі,  аяулы  жетіспеушілігінен  өзін  өзі  бағалауы  төмен  болады. 

Осындай жағдаймен (жасық) мектепке келген бала қорқақ келеді, берген сұрақтарға өзінен өзі 

қысылып жауап бере алмайды, бақылау жұмысын жазуға батылы жетпейді. 

Ақыл  -  ой  дамуы.  Бұған  психикалық  процестердің,  тілдің,  есеп  сабақтары  арқылы 

логикалық ойлау қабілетінің дамуы жатқызылады. 



55 

 

Мектепке  баратын  балалардың  дайындығын анықтау  мақсатында  зерттеу  жұмыстары, 



яғни тесттер жүргізіледі. Тесттердің мазмұны: 

а) Қабылдау. 

Мектепке барар алдында бала қоршаған ортаны жақсы қабылдауға тиіс (түсін, көлемін, 

артықшылығын айырады). 

ә) Ете сатау. 

5-6  жастағы  балалардың  естері  еріксіз  жақсы  дамиды.  Ерікті  естері  жаңа  ғана 

қалыптасады. Сондықтан жақсы қабылдап алған заттардың түсін есінде жақсы сақтайды. Көру 

мен  есту  елестері  көрген  нәрселердің  мазмұнымен  байланысты  болады.  Ес  процесін  жеке 

тексеру қажет емес. 

б) Ойлау. 

Осы жастағы балалардың жылдың соңына дейін абстрактылы логикалық ойлауы жақсы 

дами береді. Бірақ тәжірибе түрінде, бала затты көрмей тұрса, берген сұраққа толық жауап 

бере алмайды. Бала ойлаудың барлық операцияларын жақсы қабылдауға тиісті. 

1.Анализ - синтез 

2.Салыстыру (құстар мен жәндіктердің айырмашылығы, үй жануарлары, жабайы аңдар). 

3. Жалпылау операциясы (заттардың түрін тану немесе 4- ші артық затты тауып бер). 

4.Дәлелдеу  операциясы  (неге  адам  спортпен  шұғылданады,  адамның  жұмыс  істегені 

немесе адамның жұмыс істемеуі). 

а) Қиял, ә) сөздік, б) шығармашылық 

Тіл дамыту 

1. Сөздік қорын анықтау. 

2. Байланыстарып сөйлеуін анықтау. 

3. Зат есімді жекеше, көпше түрде айта білуін. 

Есеп  дағдысына  үйретуде  тура  және  кері  санау,  аралас  сандарды  тану,  «көп»,  «аз» 

ұғымдарына есеп шығару дағдысына үйретіледі. 

Қорытынды: егер баланың есі жақсы дамыған болса, ол тез қабылдап есінде сақтайды. 

Бала еске сақтау үрдісінен басқа жақсы салыстырып, жалпылай талдау жасауы қажет. Содан 

ғана  істеген  іске  толық  қортынды  бара  алады.  Осы  жастағы  балалардың  көрген  нәрселерін 

мағналы түрде қабылдай білуге құмарлығы артады. Балалардың мектепке дайындығы тәрізді 

отбасы мен балабақша екі инстиуттың тәрбиесінен тұрады. Демек, баланы мектепке дайындау 

ісінде тек қана бірігіп жұмыс жүргізгенде ғана көздеген нәтижеге жетуге болады. 

 

 



Қолданылған әдебиеттер: 

1. Қ. Жарықбаев. Жантану негіздері. Алматы, 2002ж. 

2. Т.П.Стародубцева. Проблема взаимодействия семьи и детского дошкольного учереждения 

в формировании готовности ребенка к школьному обучению. Астрахань 1996ж. 

3. Кварцова Е.Е. Психологические проблемы готовности детей к обучению в школе – М., 1991. 

4.  Алты  жастағы  балаларды  оқыту  мәселелері  (  редакциясын  басқарған  Баймұратова  Б.- 

Алматы, 1986ж. 

     


 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет