Даму бағыттары Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного



Pdf көрінісі
бет5/102
Дата30.12.2016
өлшемі29,2 Mb.
#821
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   102

Қолданылған әдебиеттер: 

1.  Базарбаева Н.А. Педагогикалық кеңес, 2009. №1 

2.  Бала мен балабақша.   2011 

3.  Дүкенбаева Г. Мектеп жасына дейінгі балалардың ата-аналарының 

отбасындағы тәрбиесі. Алматы. 1994 

4.   Нысанбаева Ә. Ақыл. Адамгершілік. 1994 

5.   Отбасы және балабақша. 2003 

 

ЗАМАНАУИ БІЛІМ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН БАЛАЛАРДЫҢ ТІЛІН ДАМЫТУ 

БАҒЫТЫНДА ПАЙДАЛАНУ 

 

 

ҚМҚК №134 «Гауһар» балабақшасы 

Адамбекова Айгуль Нургалиевна 

 

 

                                                           «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында,  



                                                        ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында» 

                                                                                                                  (Н. Ә. Назарбаев) 

МДМ – де балалардың тілін дамыту өзекті мәселе екені баршылыққа таныс. Міне, осыған 

орай  өз  тәжірибем  бойынша,  балалардың  тілін  дамытуда  әртүрлі  педагогикалық 

технологиялардың ерекше маңызы бар екенін айтып өтпекшіміз. Әрине, заман өзгерген сайын 

әдіс  –  тәсілдер  де  өзгеріп,  жаңарып,  толығып  отырады.  Әр  түрлі  жаңа  технологияларды  өз 

тәжірибемізде қолданып отырамыз. 

Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшілігі - баланың тұлғалық дамуына және 

тілінің дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы. 

Қоғамда  болып  жатқан  әлеуметтік-экономикалық  өзгерістер  мен  еліміздің  білім  беру 

саласының әлемдік білім кеңістігіне өтуі білім беру саласында, соның ішінде мектепке дейінгі 

тәрбиелеу мен оқытуға уақыт талабына сай өзгерістер енгізуді талап етіп отыр.  

Қазіргі  кезеңде  білім  ғылым    саласында  инновациялық  педагогикалық  технологиялар 

қаншалықты    маңызды  болса,  мектеп  жасына  дейінгі  балаларды  оқыту  мен  тәрбиелеуде  де 

педагогикалық технологиялар ұғымы кеңінен қолданылатын ұғымдардың біріне айналды.   

Мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  тілін  дамыту  мәселесі  мемлекеттік  саясаттың 

ажырамас бөлігі болып отыр. Сондықтан мектепке дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеудің 

негізгі мақсаты – баланың жеке басының қалыптасуы мен дамуы болып отыр. 


30 

 

Жаңа заман баласы – ертеңгі еліміздің болашағы. Жаңа заман баласын қалыптастырып, 



дамыту  үшін,  тұлғаның  ішкі  дүниесі  мен  оның  қыр  сырын  анықтап,  мүмкіншіліктері  мен 

қабілетінің және тілінің дамуына жағдай туғызу қажет.  

Әрине, ол үшін мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде балалардың жеке басының 

қалыптасуы  мен  дамуында  педагогтардың  педагогикалық  технологияларды  қолдана  білу 

сауаттылығына да байланысты. 

Қоғамдағы қазіргі даму кезеңінде мектепке дейінгі мекемелердегі білім беру жүйесінде 

оқыту, тәрбие беру үрдісін технологияландыру - басты мәселенің бірі. Осыған орай мектепке 

дейінгі мекемелердің тәжірибесіне оқыту мен тәрбиелеудің әр түрлі технологиялары жасалып 

енгізілуде. 

Әрине мұндайда педагогикалық технологияға анықтама берген ғалымдардың бірін атап 

өтсек  те  болады.  Олар:  В.П.Беспалько,  В.М.Монахов,  В.М.Кларин,  П.И.Третьчков, 

И.П.Сенновский, Г.А.Монахова, М.А.Чошанов т.б. өз еңбектерінде қарастырып өткен. 

Білім  беру  жүйесінде  педагогикалық  технологияны  қолдану  келешек  ұрпақтың  еркін 

дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді тілінің дамуына, шығармашыл болуына жағдай 

жасау әрбір педагогтың міндеті болып табылады. Білім беру жүйесінде қолданылып жүрген 

педагогикалық  технологиялар:  ойын  арқылы  оқыту,  проблемалық  оқыту,  модульдік  оқыту, 

дамыта оқыту, оқытудың компьютерлік технологиясы, деңгейлеп – саралап  оқыту т.б. 

Білім берудің алғашқы деңгейлері балабақшадан басталмақ. Мақсаты - мектепке дейінгі 

білім балалардың білім алуына бірдей бастапқы мүмкіндіктерді  қамтамасыз ету. Кез келген 

оқыту  технологиясы  тәрбиешіден  терең  теориялық,  психологиялық,  педагогикалық 

әдістемелік білімді, педагогикалық шеберлікті, бабалардың жан дүниесіне терең үңіліп оны 

ұғына білуді талап етеді. 

Қазіргі  таңда  өз  балабақшамызда  қолданылатын  педагогикалық  технологиялардың 

бірнеше түріне тоқталайық. 

 Ойын  арқылы  оқыту  технологиясының  мақсаты  -  дидактикалық,  тәрбиелік, 

дамытушылық,  әлеуметтендірушілік  мақсатқа  жету.  Ойын  технологиясының  ерекшелігі 

ойындық  іс-әрекеттің  психологиялық  механизмі  жеке  бастың  өзіндік  талап-талғамдарына 

сүйенеді. Баланың бойындағы білімділік, танымдық, шығармашылық қасиеттерін аша түсуді 

көздейді.  Ойын  -  балалар  үшін  оқу  да,  еңбек  те.  Ойын  айналадағы  дүниені  танудың  тәсілі. 

Сонымен қатар, ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңу жолын үйретіп қана 

қоймайды, олардың ұйымдастырушылық қабілеттерін де қалыптастырады. 

Ойын-әлеуметтік қызмет. Ол баланың жасына қарай тілін дамытуға және өзін қоршаған 

ортаны танып білуге  құштарлығын арттырады. Тәрбиеші ойын әрекетін ұйымдастыруда өзі 

жетекші  бола  отырып,  балаларды  ойнай  отырып  ойлануға  бағыт  беріп,  қиялын  және  тілін 

дамытады.  Мысалы:  Балалар  «Дауысынан  ажырат»  т.б.  ойындарын  аудио  таспадан 

жануарлардың,  құстардың,  көліктердің  т.б.  дауысын  ажыратып,  одан  кейін  суреттерін 

көрсетіп, олардың адамзатқа әкелетін пайдалары туралы әңгімелейді.  

Дамыта оқыту технологиясы - баланы оқыта отырып, дамыту. Бала бойында еркіндік, 

мақсаткерлік,  ар-намыс,  мақтаныш  сезім,  дербестік,  адамгершілік,  еңбексүйгіштік, 

белсенділік т.б. қасиеттер дамыту. 

Сонымен қатар, мектепке дейінгі мекемелерде инновациялық білім беру құралдарын 

қолданудың да маңызы зор. Инновациялық білім беру құралдарына: аудио, видео, құралдар, 

компьютер,  интерактивті  тақта,  ғаламтор,  мультимедиялық  құрал,  электрондық  оқулықтар, 

мен оқу әдістемелік кешендер, инновациялық ақпараттық банк, инновациялық сайт және тағы 

басқалары жатады. Қазіргі таңда көптеген интерактивтік бағдарламалық бөлімдер, қозғалмалы 

объектілер құруға мүмкіндік беретін векторлық және графикалық жабдықтар көптеп шығып, 

қолданыс табуда. Осындай құралдардың бірі-мультимедиялық оқулықтарды балабақшаларда 

кеңінен  пайдалану.  Бұл  жағдайда  тәрбиеші  әр  оқу  іс-әрекеттерін  бастар  алдында  жиі 

көрнекіліктер  ауыстырмаған  болар  еді.  Ал,  мультимедиялық  оқулықтар  арқылы  тәрбиеші 

уақытты тиімді және ұтымды пайдаланар еді. 


31 

 

Бала  бақша  баласына  мультимедиялық  оқулықтар  біріншіден,  балалардың 



қызығушылығын арттырады, екіншіден, зейін қойып көрумен қатар түсінбеген жерлерін қайта 

көруге  мүмкіндік  алады.  Мультимедиялық  оқулықтар  балабақшада  балаларға  арналған 

таптырмас  құрал  болып  табылады.  Өйткені,  балалардың  зейіні  әр  түрлі  әдемі  түстерге, 

ойыншықтарға, әдемі суреттерге, әсемдікке әуес болады. 



Мультимедиялық  электронды  оқулықтар  бала  үшін  де,  тәрбиеші  үшін  де  күнде 

дамытылып отыратын анық түрдегі әдістемелік жүйе болып табылады. 

Оқытуда  интерактивті  кешендерді  пайдалану  сапалы,  қызықты  және  оңтайлы  болып 

келеді. Электрондық мультимедиялық бағдарламаларды дәстүрлі оқыту және педагогикалық 

инновациялармен  қатар,  оқыту  үрдісінде  үнемі  қолдану  дайындығы  әртүрлі  деңгейдегі 

балаларды оқыту тиімділігін көтереді. Бірнеше технологиялардың  пайдаланудың әсері, оқыту 

нәтижесінін сапасын күшейтеді.    

Электрондық  жүйеде  оқытуда  мультимедияны  пайдалану,  балаларға  ақпаратты  беру 

жылдамдығын,  оны  түсінуді  көтеріп  ғана  қоймай,  соңымен  қатар  мынандай  маңызды 

сапаларды интуиция, образдық ойлауын дамытады. 

Мектепке  дейінгі  мекемеде  интерактивті  тақтаны  пайдалану  тәсілдері  өте  көп.  Бұлар 

презентациялар,  интерактивті  оқыту  бағдарламалары,  графикалық,  бағдарламалық 

орталықтарда жобалар құрастыру. 

Интерактивті тақтаны пайдалануда қандай дағдылар болу қажет: 

Компьютерді қолдана білудің бастапқы білімі 

Word, Power Point бағдарламаларымен жұмыстану 

 

Интернет жүйесінде жұмыстану практикасы (бейнелерді, әзір презентациялар мен оқыту 



бағдарламаларын тауып алу). 

Өздігінен даму технологиясы (Монтессории мектебі) - бұл баланы жан-жақты дамыту, 

дербестікке тәрбиелеу, бала санасында нәрселер әлемі мен  ойлау әрекетінің бірігуіне, мұнда 

оқыту  бала  дамуына  сәйкес  болуы  керек,  сонда  ғана  бала  өзін  де,  тілін  де  дамыта  алады. 

Итальян  психологі  М.Монтесори  түсіндіруінше  баланың  туғаннан  азамат  болғанға  дейін 

барлық өмірі - оның еркіндігі мен дербестігінің дамуы болып табылады. 

Проблемалық  оқыту  технологиясы-  баланы  өз  бетімен  ізденуге  үйрету,  танымдық 

және  шығармашылық  қабілеттерін  дамыту.  Яғни,  балалардың  белсенділігі  арттыру,  оқу 

материалына    баланы  қызықтыратындай  мәселе  тудыру,  бала  материалды  сезім 

мүшелері    арқылы  ғана  қабылдап  қоймайды,  білімге  деген  қажеттілігін  қанағаттандыру 

мақсатында меңгереді, бала оқытуды өмірмен және еңбегімен байланыстырады. 

Деңгейлеп  -  саралап  оқыту  технологиясы  -  білім,  білік,  дағдыны  меңгерту  болып 

табылады. Әр баланы қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне қарай оқыту, балалардың әр түрлі топ 

ерекшеліктеріне сәйкес оқытуды бейімдеу, ыңғайлау. 

Модульдік оқыту технологиясы-оқытудың тұтас технологиясын жобалау, алға қойған 

мақсатқа  жетуді  көздейтін  педагогикалық  процесті  ұйымдастыру,  тәрбиешіге  нәтижені 

талдап,  түсіндіріп  бере  алатындай  жүйені  таңдау  және  құру.  Балалармен  жүргізілетін 

жұмыстарда  кездесетін  қиыншылықтардың  алдын-алу  және  түзету  жұмыстарының  жүйесін 

құру. 

Қорыта келіп айтатын болсақ аталған педагогикалық технологиялар мен инновациялық 



құралдар  балабақшада    балалардың  жас  ерекшеліктерін  ескеріп,  әр  сатыға  балалардың 

қабылдау мүмкіндіктеріне сай пайдалануға болады. Мектепке дейінгі балалардың есте сақтау 

қабілеті  әлсіз,  қабылдау  процестері  тұрақсыз  келеді.  Сондықтан  олар  затты  қолмен  ұстап, 

көзімен көргенді  ұнатады. Осыған сәйкес,  мектепке дейінгі  балалардың оқу іс-әрекеттеріне 

көрнекілік, ойын технологиясын кеңінен қолданған жөн. 

Тәрбиеші – бала бойына білім нәрін себетін басты тұлға. Жаңашыл тәрбиеші даярлауға 

қойылатын  талаптар  балаларды  оқытудың  жаңа  түрлерімен  қаруландыра  отырып,  қазіргі 

уақыттағы  кәсіптік  дағдыларын  игеруге  бағытталған  оқытудың  жаңа  жолдарын  енгізуді 

көздейді.  

 


32 

 

 



Қолданылған әдебиеттер: 

1.

 



Отбасы және балабақша №2.2013ж. 71 бет 

2.

 



Бала мен балабақша 

3.

 



Мектепке дейінгі тәрбие №5 (18) 2013ж. 

4.

 



Ғаламтор жүйесі 

 

 

 

ХАЛЫҚ ДАНАЛЫҒЫ АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕ ҚҰРАЛЫ 

 

 

Адилова Т.К. 



Корғанбаева Н.О. 

№8 НОМ ішіндегі шағын орталық. 

 

 

Егеменді  елдің  ертеңі  оқу  білімінің  тереңдігімен  өлшенеді.Егер  ұрпақтарымызды 



парасатты  да  білікті,мәдениетті  да  білімді  етіп  тәрбиелеп,олардың  дүниетанымын  жалпы 

адамзаттық  деңгейде  дамытамыз  десек,бойында  ұлттық  және  азаматтық  намысы  бар  ұрпақ 

өсіргіміз  келетін  болса,онда  бүгінгі  қоғамның  барлық  күшін  қазақ  балабақшасындағы  оқу-

тәрбие  саласына  жұмылдыруымыз  қажет.Адамзат  бойына  жинақтаған  ең  асыл  қасиетті 

мұраларын қастерлеп,аялап,күтіп ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуде, соның ішінде халықтық құнды 

мұралармен өзіне ғана тән ерекшелігі,әдет-ғұрпы ұрпағынан жалғасын тапты. 

Халық педагогикасы негізін салт-дәстүр,қуыршақ театры,пікірлесулер,өнер сайыстары 

арқылы  қолдану,көрнекі  құралдар  бойынша,көрмеге  қойылған  заттар,фотоальбом  (суретті 

альбом).Халық  педагогиканың  құдіретті  қаситеті-азаматтылыққа,  адамгершілікке,  еліне, 

жеріне, тіліне,халқына,дәстүріне деген мақтаныш сезіміне тәрбиелейді.Біздің қазіргі алдағы 

үлкен  мәселелеріміздің  бірі  қазақ  балабақшаларындағы  бүгінгі  таңда  тәрбиеленіп  отырған 

бүлдіршіндер бойына,санасына  адамгершілік қасиетін себу,тәрбиелеу.Адамгершілік қасиет-

тәрбиенің жүйелілігінің жемісі,адамзаттың жан-дүниесінің айнасы,оның ойы мен әрекетінің 

сөзі мен ісінің бірлігі.Жас кезінен бастап бесік жырын естіп,аңыз-әңгімелерді әбден құлағына 

сіңіріп  өскен  жас  ұрпақ  қайда  жүрсе  де,мекендесе  де  Ананы,Отанды,Еңбекті,Тілін  сүюді 

ешқашан  жадынан  шығармайды.  Сондықтан  мейірімділік  пен  адалдық,үлкенді  құрметтеу, 

ардақты қадір-қасиет Халықтық әуендер,билер,ауыз әдебиетінің туындылары,әдет-ғұрыптар-

халықтық  педагогиканың  құралдары.Егер  біздер  халықтық  педагогиканы  тиімді  пайдалана 

білсек,онда  қазіргі  балабақшалардың  түр  сипаты  түрленіп,бала  тәртібі,мінез  құлқы 

өзгереді.Баланың жан дүниесі,мейірімділігі сусындап,ақыл-ойы кемелденеді . 

Халық даналығы арқылы адамгершілікке тәрбиелеу мақсатында тіл дамыту сабағында 

мынандай тақырыптарда жұмыстар жүргізіледі:қазақтың салт-дәстүрімен таныстыру,киіз үй 

құрылысымен  таныстыру,ою-өрнектермен  таныстыру,нақыл  сөздерді  үйрету.Бүгінгі  жас 

ұрпақтың перзенттік парызы-батыр бабалардың рухына бас ию,ар-намысын биік ұстау,елге 

тағзым  ету,ұлттық  тілімізді,  ұлттық  құндылықтар  мен  мемлекеттік  рәміздерді  сыйлау.Қай 

заманда,  қандай  қоғамда  болсын  алдымызда  тұрған  зор  міндеттердің  бірі-болашақ  ұрпақты 

тәрбиелеу.Жан-жақты жетілген,ақыл-парасаты мен мәдениеті мол,саналы ұрпақ тәрбиелеуде 

халықтың  салт-дәстүрін,ел  дамуындағы  бағалы  байлықтың  нәрін  біртіндеп  сіңіру  арқылы 

балаларды  адамгершілікке  тәрбиелеуге  болады.Халық  педагогикасының  қағидалары 

ұрпақтан-ұрпаққа  жалғаса  отырып,бірте-бірте  сұрыпталып,қордаланған  бай  тәжірибемен 

кемелденіп,  «халық  айтса,қалт  айтпайды»дегендей  дәрежеге  жетіп  үнемі  дамып 

келеді.Жаңару  заманы  қоғамдағы  ірі  өзгерістермен  бірге  ұлттық  сананы,халықтық  қадір-

қасиетімізді,әдет-ғұрып, 

салт-дәстүрімізді,психологиялық 

,табиғи,тарихи 

даралық 


белгілерімізді жандандыруымызға жол ашты. 

33 

 

Халық  іші-ақыл-ой  мұрасының  қайнар  көзі.  Халықтың  өмірлік  тәжірибеден 



түйгендері,бастан кешкендері,ұстаған қағидалары мен тұжырымдары,ұқыптылықпен сақтаған 

әдет-ғұрыптары,салт-дәстүрлері, даналық асыл ойлары,тәрбие шежіресі халық педагогикасы 

болып  қалыптасқан.  Халық  педагогикасы  халықтың  ауыз  әдебиетінде,ақын-жыраулардың 

шығармаларында, 

халықтың 

тәрбие 


дәстүрлерінде,отбасындағы 

тәрбие,бейнелеу 

өнері,қолөнер шығармаларында тәрбиелік мәнде көрініс тапқан.Осының бәрі баланың дұрыс 

өсуіне,тәрбиелі  адам  болуына  бағытталған.Халық  педагогикасының  негізгі  мақсаты,ең 

алдымен-нағыз  адамды  тәрбиелеу  болып  табылады.Яғни,баланы  Отанын,елін,жерін 

сүйетін,бауырмашыл,жолдастыққа  адал,ата-анасын  құрметтейтін  сыпайы  азамат  етіп 

тәрбиелеу.Халық  даналығын  адамгершілік  тәрбиесіне  қолдану  үшін  өтілетін  ойын-сабақта 

мына төмендегі ертегілерді,тиым сөздерді пайдаланған артық емес.  

«Қарлығаш,дәуіт,жылан»,  «Жақсылық  етсең  өзіңе»ертегілері.Халық  педагогикасы-

нәрестенің  сезімін  ананың  әуенімен  оятатын  бесік  жырлары,даналыққа  толы  мақал-

мәтелдер,жұмбақ-жаңылтпаштар,қиял-ғажайып 

ертегілері,ойындары,тәрбиелеп 

өсіру 

негіздері адамгершілік ниеттерге баулиды. Олай болса,адамгершілік тәрбие беру кілті-халық 



педагогикасында  деуге  болады.  Жаһандану  үрдісіне  еркін  енген  осы  заманда  тек  ұлттық 

тәрбие алған ұрпақ қана дені сау,білімді,ұлтжанды,еңбекқор,сыпайы,кішіпейіл болып өсетінін 

түсінетін  уақыт  әлдеқашан  жетті.Сондықтан  халық  даналығы    арқылы  балаларды 

адамгершілікке тәрбиелеу басты мақсатымыз. 

 

 

Қолданылған әдебиеттер: 



1.Ә.Әміров «Балаларды адамгершілікке тәрбиелеу». 

2. Қ.Б.Сейталиев. «Тәрбие теориясы».Алматы,1976. 

3.Отбасы және балабақша №5 2001 ж. 

 

МӘДЕНИ-ҰЛТТЫҚ МҰРА БАЙЛЫҒЫНЫҢ НЕГІЗІНДЕ ЖОБАЛАУ 



ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ  МАҢЫЗЫ 

 

 

Адилова Элмира Курбановна 



орыс тілі мұғалімі 

«Балбөбек» балабақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны 



 

 

Мұғалім - өзінің білімін үздіксіз көтеріп  

отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды,  

ізденуді тоқтатқанда оның  

мұғалімдігі де жойылады. 

К.Д.Ушинский 

Елбасы  Н.Ә.  Назарбаев  Білім  және  Ғылым  қызметкерлерінің  III  съезінде: 

«Мұғалімдердің жаңа ұрпағы білім деңгейі жөнімен әлдеқайда жоғары болуы керек. Ол үшін 

жаңа фармацияның педагогі қажет» деген болатын. Қазіргі таңдағы жаңа технологиялардың 

ерекшелігі- өсіп келе жатқан тұлғаны жан-жақты дамыту. Ал, қазіргі педагогтардың негізгі 

мақсаты  –  тәрбиеленушілер  мен  білім  алушылардың  білімін  сапалы  ету,  оның  толыққанды 

жеке  тұлға  болып  қалыптасуына  мүмкіндік  жасау.  «Бала  өзін  қоршаған  ортада  әр  түрлі 

кездейсоқтықта тәрбиеленеді. Педагогика -  бұл  кездейсоқтықта дұрыс бағыт беруші сала» 

деп  В.Ф.Одоевский  айтқандай,  педагогика  ғылымында  баланы  оқыту  мен  тәрбиелеудің 

міндеті  жан-жақты  дамыған  жеке  тұлғаны  қалыптастыру  болғандықтан,  жаңа  технология 

бойынша әдістемелік жүйенің басты бөлігі- оқыту мақсаты болып қалады.  


34 

 

Педагогикалық  технологияны  меңгерудің  міндеттері,  жолдары,  қолданудың  әдіс-



тәсілдері, сонымен қатар педагогикалық технологияның түрлері мен оларды мектепке дейінгі 

мекемеде  қолдану өте тиімді. 

Қазіргі  таңда  мектепке  дейінгі  оқыту  ұйымдарында  педагогикалық  ұжымы 

инновациялық  технологияны  қарқынды  орындауда.  Сондықтан  мектепке  дейінгі  оқыту 

орындарының  педагогтарының  міндеті  -    жеке  тұлғаның  дамуына  оңтайлы  жаңашыл 

технологияларды таңдап алу. 

Қазіргі мектепке дейінгі оқыту орындарындағы педагогикалық технологиялар, мектепке 

дейінгі мемлекеттік білім стандарттарын іске асыруға бағытталған. 

Педагогикалық  технологияның  түбегейлі  маңызды  жағы  тәрбие-білім  процесінде 

баланың позициясы , үлкендер тарапынан балаға деген қарым қатынасы болып табылады.  

Мектепке  дейінгі  білім  беру  мекемесінде  балалар,  ата-аналар  арасындағы  қарым- 

қатынас қазіргі білім беру технологиясының негізінде жүзеге асады. 

Мектепке  дейінгі  білім  беру  мекемесінде  зерттеу  жұмысын  ұйымдастыру  және  жоба 

жұмысын  жасауға  мақсатты  әрі  жүйелі  түрде  бағыттау  керек  екені-  бүгінгі  күн  талабы. 

Сондықтан да жобалау технологиясының тиімділігі күннен күнге артуда. 

Бұл  технология  әлемдік  педагогикада  жаңалық  емес.  Ағылшын  тілінен  аударғанда 

«cooperative  learning»  -  «бірге  үйрену»  деген  мағынаны  білдіреді.  Жобалау  технологиясы- 

балалардың жоспарлау және күрделене беретін тапсырмаларды орындау арқылы меңгеретін 

білімі. 

Жобалау  технологиясының  негізін  қалаған  Джон  Дьюи  атты  психолог  және  педагог, 

философ. Дьюдің ілімін жалғастырушы – Колумбия университетінің жанындағы мұғалімдер 

колледжінің  профессоры  Уильям  Херд  Килпатриктің  ойынша,  балаларды  өз  жұмысының 

жемісін көруге ынталандыру арқылы үлкен өмірге дайындау- бұл технологияның негізі. 

Жобалау  технологиясын  қолданудағы  негізгі  мақсат-  балалардың  қызығушылық 

ынтасын  дамыту,өз  бетімен  жұмыстарын  жүргізу  арқылы  білімдерін  жетілдіру,  ақпараттық 

бағдарлау  біліктілігін  қалыптастыру  және  сыни  тұрғыдан  ойлау  қабілетін  арттыру  арқылы 

баланы  болашақта әр түрлі қоғамдық ортада өзін-өзі көрсете білуге бейімдеу.  

Жобаның тиімділігі- көзбен көріп, құлақпен естіп, есте сақтай отырып, баланы ізденіске, 

іскерлік пен танымдық ынтаға, шығармашылық қабілетті жетілдіру арқылы түрлі мәселелерді 

шеше білуге, тапқырлыққа, жаңа ғылыми ізденіске жетелеуде.  

Жобалау технологиясының негізінде- балалардың жұппен немесе топпен дайындайтын 

шығармашылық жұмыстар жатыр.  

Қазақ педагогикасының атасы Ыбырай Алтынсариннің «Кел, балалар, оқылық 

                                                                                                        Оқығанды көңілге 

                                                                                                        Ықыласпен 

тоқылық»  

деген өлең жолдарында осы технологияның негізгі ұстанымы жатыр. 



Жобаның түрлері: 

а) басым әдістер бойынша: 

1. зерттеу 

2. ақпараттық 

3. шығармашылық 

4. ойын түрі 

5.  қызық оқиғалы 

6. практикалық- бағдарлы 

ә) мазмұн сипаты бойынша: 

1. баланы және отбасын қамтиды 

2. баланы және табиғатты 

3. баланы және техногендік әлемді 

4. баланы, қоғамды және оның мәдени құндылықтары 

б) байланыстар сипаты: 

1. бір ересектер тобының ішінде жүзеге асады 


35 

 

2. басқа ересектер тобымен байланыста болғанда 



3. мектепке дейінгі оқыту мекемесінің ішінде 

4. отбасымен байланыста 

5. мәдени мекемелерімен бірге 

6. қоғамдық ұйымдармен 

в) қатысушылардың саны бойынша: 

1. жеке 


2. жұппен 

3. жаппай 

г) жалғасуы бойынша: 

1. қысқа мерзімде 

2. орташа ұзақтықта 

3.  ұзақ мерзімде 

 Өз Отанын, өлкесін, халқын сүюге тәрбиелеу – педагогтың алдына қойған міндеттерінің 

бірі болып саналады. Қоршаған орта баланы адамдармен, туған өлкемен байланыстырып, жеке 

тұлға болып қалыптасуына шешуші ықпал етеді. «Бұл ықпалдың түп тамыры баланың өмір 

сүріп  отырған  ортада  өз  халқының  ана  тілін  сүюінде,  халық  әндеріне,  ойын  ойнауға 

қызығуында, туған өлкесінің табиғатын  аялауға, тұрмыс, салт-дәстүрлерін меңгеруде болып 

отыр». 


Адам  бала  кезден  қалыптасады.  Мектепке  дейінгі  жастан  бастап,  өз  елінің  азаматы 

болуға  тұлғаның  іргетасын  қалайды.  Балаларға  Қазақстан  туралы,  оның  тарихын,  осы  елде 

тұрып  жатқан  халықтардың  мәдениеті  мен  дәстүрін  меңгеруге  географиялық  және 

өлкетанушылық білім қажет. 

Біз, өз ұлтымыздың мәдени- мұраларымен қоса, өзге ұлт өкілдерінің мәдени-мұраларын 

да ұмытпаймыз. 

Қазақстан адамдарды өзіне шексіз даласымен, биік тауларымен, мөлдір өзен- суларымен, 

орман алқаптары мен шөлдерімен тартып тұрады. 

Ал,  біздің  балалардың    табиғатты  сүюі,  дәстүрдің  дамуына  үлес  қосуы  мына  бүгінгі 

біздерге байланысты. 

Бұл жобаны жасаудағы мақсатым: балалардың туған өлкесінің, қаласының тарихы мен 

мәдениетін  білуіне,  қазақ  ұлтының  мәдениетіне  деген  сүйіспеншілігін  арттыруға,  өзге  ұлт 

өкілдеріне құрметпен қарауына ықпал жасау. 

Ал, міндетім: баланы рухани-адамгершілікке және туған үйіне, отбасына, балабақшаға, 

өз  халқының  мәдениетіне  тәрбиелеу;  Отанын  сүюге,  мемлекеттік  рәміздерді  қадірлеуге, 

қоғамдық мерекелерге баулу; жобаның негізінде олардың сана-сезімін ашу, ойлау, елестету, 

тілдік құрамын дамыту; 

Бұл жобаның өзектілігі, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінен бөлек, тәрбиеленушілердің 

мәдени- ұлттық мұра негізінде білімдерін тереңдетуге және кейбір орыс тілді ата-аналардың 

бұл тақырып аясында білетіндері жеткіліксіз болғандықтан көмегін тигізетінінде болып отыр. 

Жобалау технологиясы арқылы, ұйымдастырылған оқу-іс әрекетінен тыс, ұлттық мәдени 

– мұра негізінде, болашақ жоспар құрып,тәрбиеленушілердің білімдерін жетілдіріп отырдым. 

Мысалы,  «Қазақстан  -  республикам  менің»  модулі  бойынша,  балаларға  Елбасының  өмір 

жолын, Елордамыз Астананың көркеюі туралы және еліміздің рәміздерін қастерлеу жайында 

әңгіме  жүргіздім.  «Ойыншықтар»  модулі  бойынша,  баланың  негізгі  құралы  ойыншық 

болғандықтан,  ойыншықтың  маңызы  мен  түрлерін  балаларға  түсіндіріп,  ойын  сабағын 

жүргіздім. Машина- ұлдардың, ал қуыршақ қыздардың ойыншығы деген сияқты. «Бабалардың 

мекені»  модулінде,  балаларға  ұлттық  баспанамыз  киіз  үй  туралы  әңгіме  жүргіздім. 

«Жиһаздар» модулі бойынша әңгіме- бақылау жүргіздім. Ол жерде балалалар киіз үйдің ішкі 

жабдықтарымен: сандық, ағаш төсек, сырмақ, ағаштан жасалынған ыдыстар, дөңгелек үстел, 

диірмен, келімен таныс болды. Ұлттық киімдердің үлгісімен танысты. Ұлттық оюға да жеке 

тоқталып өттім. «Жайлауда» модулі бойынша, қазақ халқының тіршілігін үй жануарларынсыз 

елестету  мүмкін  еместігін  және  олардан  алынатын  жүн  бұйымдары,  еттен  жасалынатын 


36 

 

ұлттық  тағамдар  ,  сүт  өнімдерінен  жасалынатын  азықтар,  оның  адам  ағзасына  пайдалы 



екендігі туралы әңгіме-серуен өткіздім. «Көктемгі мерекелер» модулінде, Ұлыстың Ұлы күні 

– Наурыз туралы кеңінен тоқталып,әңгіме- серуен жүргіздім. Балалар бұл модуль бойынша, 

қазақ халқының ұлттық  мәдени- мұраларға бай екендігіне көз жеткізді. 

Осы  жұмыстардың  негізінде,  балаларда  Қазақстан  республикасының  Президентін, 

Астана  және  рәміздер  жайында,  ұлттық    мәдени-  мұраларды  меңгеру  туралы  білімдері 

қалыптасады.  Балалар  ұлттық  ойындар  туралы  мәлімет  алып,  қызыға    ойнайды.  Киіз  үйдің 

құрылымымен,  оның  басқа  үйлерден  айырмашылығы  және  жабдықтары  туралы 

танысады.Қазақ  халқының  халық    ауыз  әдебиетімен  танысып  қоймай,  жадыларына    терең 

сіңіре біледі.  

Қорыта келгенде, балаларға дайын өнімді қабылдайтын ғана емес, өз бетімен ізденетін, 

дербес іс- әрекет жасай алатын тұлға ретінде қарау- жобалау технологиясының негізі. Нақты 

тақырып төңірегінде баланың алдына әр кезеңде мақсат қоя біліп, сол мақсатқа қол жеткізудегі 

іс-әрекеті. Конфуцийдің «Естігенімді – ұмытамын, көргенімді есте сақтаймын, өзім істегенімді 

меңгеремін» дегені , бұл технологияның негізгі ұстанымы.  

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 8- бабында «Білім беру жүйесінің 

басты  міндеттерінің  бірі-  оқытудың  жаңа  технологияларын  енгізу,  білім  беруді 

ақпараттандыру,  халықаралық  ғалымдық  коммуникациялық  желілерге  шығу  деп  атап 

көрсеткен». 

Оқытудың  жаңа  педагогикалық  технологияларын  меңгеру  мұғалімнен  орасан  зор 

іскерлік пен шығармашылыққа негізделген ізденістерді қажет етеді. Осындай мақсат көздеген  

жүйелі  ізденістер  мұғалімнің  жаңа  технологияны  меңгеруіне,  инновациялық  жетілуіне 

мүмкіндік береді. 

Жалпы технологияны меңгеруде мұғалімнің жан- жақтылығы және білімі қажет. 

 

 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет