Даму бағыттары Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного



Pdf көрінісі
бет52/102
Дата30.12.2016
өлшемі29,2 Mb.
#821
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   102

Используемая литература: 

1.

 



Н.Назарбаев  Послание Президента Республики Казахстан народу,  «Егемен Қазақстан», - 

А.: 27 января 2012 г.  

2.

 

 Аубекова А.К. Наука и образование в современном мире  - Қ.: 2015 стр. 126  



 

 

 



МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ТҮЗЕТУШІЛІК 

ЖҰМЫСТАР ПРОЦЕСІНДЕГІ ЛОГОПЕД ПЕН АТА-АНАЛАРДЫҢ ӨЗАРА 

БАЙЛАНЫСЫ 

 

 

Кушаева Ж.М. 

№68 Мектеп- интернат –балабақша кешені 

 

 



Балалармен  жүргізілетін  түзетушілік-логопедиялық  жұмыстардың  нәтижелі  және 

табысты  болуының  негізгі  факторлары  -ерте  жасалған  диагностика  және  түзетушілік 

жұмыстарын уақытылы бастау,сонымен қатар логопед пен ата-аналардың бір-бірімен тығыз 

тығыз  байланысы  болып  табылады.  Ата-аналардың  көмегінсіз  балаларға  толыққанды 

логопедиялық  көмек  көрсету  мүмкін  емес.  Логопед  маман  мен  ата-ананың  бірігіп  жұмыс 

жасауы- балалармен жүргізілетін түзетушілік жұмыстың тиімді нәтижесін көрсетеді. 

Біз  өз  жұмысымызда  логопедтің    тіл  дамуының  кемістігі  бар    балалардың  ата-

аналарымен  жүргізетін  жұмыстарының  кейбір  әдістерімен  таныстырғымыз  келеді.  Тіл 

дамуының  кемістігі  бар  балалардың  тілін  дамыту  мәселелерімен  айналысқан  Н.С.  Жукова, 

Г.В. Чиркина, Т.Б. Филичева, Г.А. Каше, С.А. Миронова, М.С. Хватцев сияқты авторлар  өз 

еңбектерінде балалармен жүргізілетін түзетушілік жұмыстарға ата-аналардың көмек көрсетуі 

жұмыстың  оң  нәтиже  беретінін  атап  көрсеткен  [2,  24  б.].  Алайда  аталған  мәселе  туралы 



383 

 

әдебиеттер, керекті әдістемелік нұсқаулар мен әзірлемелер өте аз. Сондықтан бүгінгі таңда бұл 



өзекті мәселеге айналып отыр. 

Өзімнің практикалық іс-әрекетімді логопедиялық пунктте бастағанда, менің көкейімде: 

Логопед  пен  ата-ана  арасында  ынтымақтастықты  қалай  қалыптастыруға  болады?  Жұмысты 

неден  бастау  керек?  Бұл  бағытта  қандай  әдіс-тәсілдерді  қолдануға  болады?  деген  сұрақтар 

тұрды.  

 Өзіміз білетіндей бала уақытының көп бөлігін балабақшада өткізеді,әйтсе де бала тілінің 

дамуындағы кемшіліктерді жою жолында отбасының алатын орны ерекше. Бірақ ата-аналар 

баламен баламен жұмыс жасауға уақыттарының жоқ екенін сылтауратып,бұл мәселеге көңіл 

бөлмейді. 

Баланың тіл дамуының кемістігін түсінуіне қарап ата-аналарды 2 топқа бөлуге болады. 

1-топ. Бұл топқа бала тілінің даму кемістігін дұрыс түсініп, қабылдайтын ата-аналар. 

2-топ.  Бұл  топқа  бала  тілінің  даму  кемістігін  дұрыс  түсінбейтін  немесе  оған  мән 

бермейтін ата-аналар. 

Бірінші    топ    ата-аналары  балаларының  сөйлеу  тілінің  кемістігіне  түсінушілікпен 

қарап,маман  көмегінің  қажет  екенін  түсіне  біледі.  Мұндай  ата-аналар  жұмысқа  бірден 

кірісіп,маман берген тапсырмаларды дер кезінде орындайды. 

Екінші топ ата-аналары керісінше,бұл  мәселені  түсінбейді немесе оған тиісінше көңіл 

бөлмейді. Олар бала тілі мектепке барғанша өзі жөнделіп кетеді деп ойлайды. 

Сонымен қатар  баланың тіл дамуының болмашы  кемістігін  үлкен мәселе санайтын ата-

аналар да болады. Олар өз баласының  тіл дамуының кемістігін бетіне басып,баланың жеке 

мінез-құлқына әсер етеді.  

Логопед пен жанұяның арасында өзара тығыз байланыс болған жағдайда, бала тілінің 

дамуындағы кемістігін жоюға, ата-аналардың дұрыс пікірін қалыптастыруға болады. 

Жақсы  нәтижелерге  жету  үшін    ата-аналармен  жүргізілетін  іс-шаралардың  жылдық 

жоспарын құру қажет. Іс-шараларды екі бөлімге бөлуге болады: теориялық және практикалық. 

Теориялық  бөлімге  ата-аналар  жиналысы,  сауалнамалар,  ақпаратты  стендтерді 

безендіру, жеке кеңестер т.б жұмыс түрлері жатады. 

Практикалық  бөлімге  мынадай  іс-шаралар:  балалармен  өткізілетін    жеке  және 

ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері, семинар практикумдар, дөңгелек үстелдер т.б. 

Ата-аналармен  тығыз  байланыс  ұжымдық  және  жеке  жұмыс  түрлері  арқылы  жүзеге 

асырылады. 

Бірінші  түріне  топтық  ата-аналар  жиналысы  жатады.  Логопат-баланың  жанұясымен 

танысу  әр    оқу  жылының    қыркүйек  айында  басталады,  бұл  кезде  логопед  кешенді 

логопедиялық  тексеру  жүргізіп,  топтарды  іріктейді.  Тексеру  аяқталған  соң,  барлық  топта 

мамандардың  қатысуымен  ата-аналардың  жалпы  ұйымдастыру  жиналысын  өткізген  дұрыс. 

Логопед  бұл  жиналыста  ата-аналармен  танысуға,  логопункт  жағдайында  жүргізілетін 

логопедиялық-түзетушілік  жұмыстардың  мақсат,  міндеттерімен  таныстыруға  мүмкіндік 

алады. Сонымен бірге  әр бала туралы  анамнестикалық мәліметтер жинау үшін ата-аналарға 

жеке карточкалар үлестіріледі. Осы жұмыстардан кейін  логопед ата-аналармен жүргізілетін 

жеке  кеңестер  беру  кестесімен  таныстырады.  Барлық  мәліметтер  жанұямен  жүргізілетін 

жұмыс жоспарына енгізіліп, керекті мәліметтер ескеріледі. Жанұя туралы мұндай мағлұматтар  

ата-аналармен  байланыс  жасауға,  отбасына  қажет  болған  жағдайда  педагогикалық-

психологиялық көмек көрсетуге үлкен септігін тигізеді. Топтық ата-аналар жиналысын біз оқу 

жылының басында, ортасында және аяғында өткіземіз. Жиналыста біз ата-аналарды  бастапқы, 

аралық және қортынды мониторинг нәтижелерімен таныстырамыз. 

Логопед ата-аналарға  берілген тапсырмалар бойынша өз балаларымен жұмыс жасаудың 

маңыздылығын түсіндіру қажет. Осы жағдайда ғана оң нәтижеге жетуге болады. Ата-аналар 

мәселенің  маңыздылығын  түсінбесе  немесе  қызығушылық  танытпаса  педагогтар  олардың 

түзетушілік жұмыстарға белсенді қатысуына ықпал жасауы керек. 

Кеңестер  мен  семинарлар  ата-аналарға    керекті  ақпараттардан  ғана  тұратын 

түсінікті,көркем  безендірілген  болуы  керек.  Кеңестерге  қажетті  өзекті  тақырыптар:  «Наш 


384 

 

веселый язычок» - «Біздің көңілді тіліміз», «Развитие мелкой моторики» - «Ұсақ моториканы 



дамыту»,  «Короткая  подъязычная  связка»-  «Тіл  асты  жүйесінің  қысқа    болуы»,  «Развитие 

связной  речи  дошкольников»  -  «Мектепке  дейінгі  балалардың  сөз  байланысын  дамыту», 

«Речевые игры дома»- «Үйде ойнайтын сөз ойындары» т.б. 

Сонымен  бірге  біз  ата-аналарды  балалармен  жүргізілетін  жеке  және  топтық 

ұйымдастырылған оқу-іс әрекеттеріне қатысуға шақырамыз. Оқу процесіне қатыса отырып, 

ата-аналардың белсенділігі артады, үй тапсырмаларын орындауға деген жауапкершілігі пайда 

болады. 

Жеке жұмыс ата-аналармен тығыз байланыс жасауға мүмкіндік береді. Оқу жылының 

басында  логопед  ата-аналарды  тексеру  қортындысымен  таныстырады.  Әр  баланың  ата-

анасымен жеке кеңес жүргізіледі. Баланың туыстары қажетті кеңестер, нұсқаулар алады. 

Ата-анамен  логопедтің  өзара  байланысының  негізгі  жұмыс  түрі-үй  тапсырмаларына 

арналған дәптер. Дәптерді логопед маман аптасына 1-2 рет толтырып отырады. Бұл баламен 

жүргізілген түзетушілік жұмыстың отбасында да жүйелі түрде қайталанып, бекітіліп отыруы 

үшін қажет. 

Осылайша жоғарыда айтылған  мәселелерді  түйіндей келе мынадай қортынды жасауға 

болады.  Ата-ана  баласының  тіл дамуының  кемістігін  түсінушілікпен  қабылдап,  дер  кезінде 

маман  көмегіне  сүйену  үшін  логопед  маман  мен  ата-ана  арасында  тығыз  байланыс  болуы 

керек. Түзетушілік жұмыстарға қатысатын барлық мамандар ата-анамен жұмыс жасауы қажет. 

Ата-анамен жұмыс   жоспарланған, жүйелі  және түзетушілік жұмыстың бастапқы кезеңінен 

бастап жүргізілгені абзал. Сол кезде ғана, белгіленген мақсатқа қол жеткізуге болады. 

 

 

Қолданылған әдебиеттер: 



1.  Большебратская  Э.Э  Логопед  и  родители:  сотрудничество  и  взаимоотношения.// 

Предшкольная подготовка. - 2010.- №1 

2.  Рыскина  В.Л  «Особенности  диалога  взрослого  и  ребенка  с  нарушениями  в  развитии  и 

некоторые методы работы с семьей.// «Логопед в детском саду.-2008.-№2. 

 

 

 



ТІЛ КЕМІСТІГІ БАР БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУ 

 

 



Қабылқайыр А.С.                                                                                                                              

Қамиева А.Б.                                                                                                                                    

Ғылыми жетекші: Мусина Г.Ғ.                                                                                                         

Қарағанды маңызды білім беретін  «Болашақ» колледжі 



 

 

Бала  тілінің  дамуы  дыбыс    аппаратының  бұлшық    еттерінің  күрделі  шартты  және 

шарытсыз қозғалысына сәйкес қалыптасады. Тілдің дамуы үшін басқа адамдармен болатын 

қарым-қатынастың маңызы зор. 12-16 жасқа дейін адамдармен араласпай өскен балалардың 

адамға лайықты сөйлеу қабілеті болмайды. Олар тек жануарлар іспетті жеке сөздерді айтып 

біраз,  сөздердің  мағынасын  түсінгенімен,  яғни  аздап  сөйлеп  үйренгенімен,  ол  екінші 

сигналдық дәрежеде қалыптаспайды. Бұған дәлел маймылдар тәрбиелеген адамның балалары. 

Сәби кезінен бастап жануарлардың тәрбиесінде болып, адамдармен қарым  – қатынасы кеш 

басталған балалардың ересек адамдардай сөйлеу қабілеті болмайда, оларда адам кейпіне келт 

іріп  тәрбиелеуде,  сөйлеп  үйретуі  де  қиын,  кейде  мүлдем  мүмкін  болмайды.  Ал  ертерек, 

кішкентай кезінде табылған балаларды адам кейпінде нашар болса да сөйлетуге болады. Жаңа 

туған  бала  дыбыс  аппаратының  шартсыз  қимыл  рефлекстеріне  байланысты  мағынасыз  үн 

шығра  алады.  2  –  айдан  бастап  дауыстай  алады.  Ересек  адамға  еліктеп  кейбір  дауысты 


385 

 

дыбыстарды  қайталай  бастайды.  3-  ші  айға  жеткенде  гу  –  гулейді,  былдырақтап  сөйлегісі 



келеді. Гу – гулей мен былдырақтау оның дыбыс аппататын дамытып, сөйлеуге дайындайды. 

5 -  6 айдан кейін еліктеу арқылы жеке дыбыстарды, сөз буындарын айта бастайды. 6 – 7 айда 

ересектердің  сөздерін  қайталауға  тырысады.  Бірақ  бұл  кезде  әсіресе  жарты  жасқа  дейін, 

балаларды бірінші сигнал жүйесі ғана дамығандықтан сөздің мағынасы жеке дыбыс ретінде 

қабылданады, бала сөздің нақты мағынасын түсінбей – ақ айта береді. Ал жарты жастан аса 

сөздің мағынасын түсіну қабілеті дами бастайды. 

Тілдің шығуында дыбысты есту қабілетінің маңызы зор. Есту қабілеті ерте жойылған 

балалардың  тілі  шықпайды.  Жақсы  еститін  баланың  тоғыз  айында  былдырақтап  сөйлегені 

түсінікті  жеке  сөздерге  айналады.  Екі  жасқа  дейінгі  баланың  сөйлеуі  оның  ана  тіліне 

байланысты  емес.  Екі  жастан  соң  ғана  ана  тіліне  байланысты  артикуляция  байқалады.  Бір 

жарым жаста сөз бен заттардың арасында байланыс туады, баланың тілі қалыптаса бастайды. 

Баланың  ми  қыртысында  дыбыс  орталығы  мен  сөйлеу  орталығының  арасында  нервтік 

байланыс  пайда  бола  бастайды.  Кейіннен  ол  күшейіп,  сөздерді  құрастыру,  екі  –  үш  сөздің 

басын  құрау  қабілеттері  пайда  болады.  Дені  сау,  жақсы  дамып  келе  жатқан  баланың  бір 

жасында 6 – 10, екі жасында 250 – 300, үш жаста 1500, төрт жаста 4000, 5 – 6 жаста 4 – 5 

мыңдай сөз қоры жиналады. Баланың тәрбисіне жоғары жүйке әрекетінің тобына, қозу мен 

тежелудің  қасиеттеріне  байланысты  балалардың  сөз  қорының  мөлшері  әр  түрлі.  Сөз  қоры 

баланың  басқа  адамдармен  қатынасына,  табиғатына,  яғни  генетикалдық  тұқым  қуалаған 

қасиетіне,  болмысты  білуге  арналған  ынтына,  тәрбиесіне,  өмір  сүріп  жатқан  ортасының 

мәдениетіне  байланысты.  Баланың  аоғашқы  сөздері  оның  көңіл  –  күйіне  негізделген,  өмір 

қажеттілігенен  шыққан  сөздер  болса,  кейінен  сыртқыортаны  тануына,  өзінің  өмір 

тәжірибесіне байланысты.Баланың тілінің дамуына 3-4 жастың арасының маңызы ерекше.Бұл 

кезде тіл байлығын көбейтуге,сөздің мағынасын дұрыс түсіндіруге көбірек көңіл бөлген жөн. 

Төрт жаста баланың тіл байлығы молайып ,сөзге байланысты нақтылы сапасы артады .Осы 

кезде  баланың  сөздері  дұрыс,  анық  айтуына  көбірек  назар  аудару  қажет,онымен  көбірек 

сөйлесіп қателерін жөндей маңызды.Бұл мерзім ата-анасынан     шыдамдылықты  талап  етеді, 

өйткені баланың мәлімет алуға ынтасы күшті сұрақты көп қояды.Бір сұраққа берілген жауап 

екінші  сұрақты  тудырады  да  ересек  адам  мезі  болады.Дегенмен  баланы  дөрекі  тоқтатып 

тастамай,сыпайы,көңілін  басқа  нәрсеге  аударып  жіберген  жөн.Жалпы  алғанда  ауызша  сөз 

қорының дамуы  5-7 жасқа дейін созылады. 

Мектеп 

жасына 


дейінгі 

балалардың 

тіл 

байлығын 



дамытуда 

түрлі 


ойыншықтардың,әңгімелердің  балалар  мен  қыдырып  жүрген  кезін,сыртқы  ортаның 

танысуының маңызы зор. 

7 жасқа дейінгі балалардың белегілі бір жағдайға ,нақтылы әсерге байланысты сөздері 

жақсы  сақталады.Бұл  кездегі  баланың  санасы  нақтылы  тітіркендіргіштің  әсерінен 

дамиды.Бастауыш сынып оқушыларында жазбаша тілді дамытуда ауызша тіл маңызды орын 

алады.Баланың жауап беруге үйретуден бастап оның “ ішінен” қабілеті дамиды.Ішкі ойын дәл 

жеткізу 

қабілеті 

баланың 

жеке 


басының 

санасының,ақыл-ойының 

дамуына 

байланысты.Мұнда 

баланың 

дұрыс 


сөйлетіп 

ойын 


дәл 

айтуға 


үйретуде 

мұғалімнің,тәрбиешінің  орны  ерекше.Сондықтан  оқушы  тек  кітаптағы  сөздерді  жаттап 

айтуды ғана машықтамай оның ойлау қабілетін,дарынын дамыту керек.Жастардың ойы ішкі 

тіл  байлығына  байланысты.Сондықтан  мұғалім  талапшыл  болса,  онда  оқушылардың  тілі 

дұрыс  жаттығып,дұрыс  дамиды.  Баланың  жасы  ұлғая  келе  абстрактылы  ойлау  жақсы  дами 

бастайды,сөйтіп  баланың  сана-сезімінің  артуы  күшейген  сайын  екінші  сигнал  жүйесінің 

маңызы арта түседі,бірінші сигнал жүйесінен басымырақ болады. 

Баланы  оқыту  барысында  тіл байлығы  дамып,сөйлеу  қабілеті  санасы  арта  түседі.Оқу-

тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастыру арқылы оның жоғары жүйке әрекетін жақсы дамытуға 

болады.Бұл кезде тәрбие жұмысын мұғалімдер мен ата-аналардың бір-бірімен келісіп жөнге 

қойғаны аса маңызды болады. 

Жалпы,  тіл  мүкістігі  –  жеке  дыбыстардың  дұрыс  айтылмауынан  сөздің  бұзылуы. 

Баланың кекештеніп, “р” әрпін айта алмауы – тіл мүкістігінің айқын дәлелі болып табылады. 


386 

 

Тіл мүкістігінің бірнеше түрі бар: 1)сигматизм – С, З, Ц, Т, Ж, Г, Щ әріптерін дұрыс айтпаудан 



сөздің бұзылуы; 2)сақаулық – Р әрпін айта алмау; лямбдацизм – Л дыбысын дұрыс айтпау не 

басқа дыбыспен ауыстырып айту; 3)быдықтық – дауыс ырғағының бұзылуы және дыбысты 

дұрыс айта алмаудан сөздің түсініксіз шығуы; 4)дизартрия – әріптерді дұрыс айта алмағаннан 

сөз көркемдігінің бұзылуы. Тіл мүкістігінің пайда болуына көптеген себептер әсер етеді. Ең 

негізгі  себебінің  бірі  баланы  дұрыс  тәрбиелемеу,  яғни  ата-анасының  не  бала  бақшасында 

тәрбиешінің баланың жастайынан қалай сөйлей бастағанына көңіл аудармауы. Кейде баланың 

ауыз аппаратындағы кемістіктер де (мысалы, тістің қисық шығуы, таңдайдың, тілдің жырық 

болып  туылуы,  т.б.)  тіл  мүкістігінің  болуына  әкеледі.  Егер  баланың  есту  қабілеті  нашар 

дамыған  болса,  ол  айтылған  сөзді  дұрыс  естімейді  де  оны  құлағында  анықтап  сақтап  қала 

алмайды. 

«Ойын  баланың  алдынан  өмір  есігін  ашып,оның  шығармашылық  қабілетін  дамытады 

ойынсыз ақыл- ойдың қалыптасуы мүмкін емес», -дейді В.А. Сухомлинский. Балалар бақшасы 

жасындағы  балалардың  негізгі  іс-әрекеті  –  ойын.  Сондықтан,  тіл  мүкістігі  бар  баламен 

алғашқы жұмыс-ойын арқылы тілін дамыту болып табылады. Балабақашағы оқыту- тәрбиелеу 

жұмысында  балалардың  тілін  дамыту,  сөздік  қорларын  молайту,  ауызша  сөйлеуге  үйрете 

отырып,  үйренген  сөздерін  күнделікті  өмірде  еркін  қолдану,  одан  әрі  күнделікті  іс-  әрекет 

кезіндегі  тілдік  қарым-  қатынаста  қолдана  білуге  жаттықтыру  ісіне  ерекше  мән  берілген. 

Мектеп  жасына  дейінгі  кезеңдегі  балалармен  сөздік  жұмысын  жүргізу  ісі-  тіл  дамытудың 

негізгі  бір міндеттері  болып есептелінеді. Біз балалармен сөздік жұмысын жүргізе отырып, 

оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр- 

түсін және пішінін ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы 

ұғым,  түсініктерін  дамыта  отырып,  белсенді  түрде  тілдік  қарым-  қатынас  жасай  білуге 

үйретеміз.Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорларын дамыту ісінде тәрбиешінің: 

-балалардың сөздік қорларын дамыту; 

-жаңа сөздерді меңгерту; 

-үйреген сөздерін тиянақтап, анықтап, әрі байытып отыру басты міндет саналады. Осы 

аталған  міндеттерді  тәрбиеші  үнемі  сөздік  жұмысын  жүргізуде  басшылыққа  алып  отыруы 

тиіс.  Балалардың  сөздік  қорын  молайтуда  ойын,  тапсырма  жаттығулардың  орны  ерекше. 

Соның  ішінде  ойын-  баланың  шын  тіршілігі.  Ойын  арқылы  бала  айналасындағы  нәрседен 

өзіне қызықтысына ықыласы ауып, таңдап алады. Баланың бір ерекше қасиеті сөйлеуден еш 

жалықпайды. Ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол 

ашады.  Қай  бала  болмасын  ойынмен  өседі,  өйткені  бала  табиғатының  өзі  тек  ойынмен 

байланысты.  Ойын  үстінде  бала  еш  нәрсеге  тәуелсіз.  Ол  озін  еркін  ұстайды.  Ал  еркіндік 

дегеніміз  барлық  дамудың  баспалдағы,  бәрін  білуге  деген  талпынысы  мен  құлшынысы. 

Баланың білуге деген құштарлығы, сөйлеуі ойын үстінде қалыптасады. Психологиялық ойын- 

жаттығулар  баланың  жан  дүниесінің,  рухани  жай-күйінің  үйлесімді  дамуына  ықпал  етеді. 

Баланың  сезім  әрекетін,  әсерленушілік  деңгейін  анықтау  үшін  қолданылады.  Ойындардың 

негізгі  мақсаты  балалардың  ықылас  зейінін,  сөздік  қорын,  байқампаздығын,  есте  сақтау, 

қабылдауын  дамытуғы,  икемділікті  арттыруға,  өзінің  жеке  құрбыларының  іс-  әрекетін 

бағалай, құрметтей, өз ісінің дұрыстығын дәлелдей білуін анықтау, қалыптастыру. Ойынға зер 

салып,  ой  жүгіртіп  қарар  болсақ,  сол  ойындардан  үлкен  де  мәнді,  мағыналы  істер  туындап 

өрбитінін  байқаймыз.  Өйткені  ең  алдымен  не  нәрсенің  болсын  жөн  бастар  қайнар  көзі 

болатыны  белгілі.  Сондықтан  да  ойын  бала  бойындағы  қандай  да  бір  өнердің  бастауы  деп 

білеміз.  Сөйлеу  тілі  мүшелері  әрекетінің  қозғалуларының  дамуы  қол  саусақтарының  нәзік 

қимылдарының  дамуымен  тығыз  байланыста  болғандықтан,  бала  қолының  ептілігін  толық 

жетілдіру, түзеті- тәрбие жұмысын жүйелі жүргізуді қалайды. 

Ұсақ  моториканы  дамыту  жұмыстарын  ерте  сәбилік  шақтан  бастаған  дұрыс. 

Омыраудағы баланың өзіне саусақтағы бас миымен байланысқан активті нүктелеріне әсер ете 

отырып  массаж  жасау  керек.  Ерте  жаста  және  мектепке  дейінгі  кіші  жаста  қарапайым 

жаттығуларды  жасауда  өлеңмен,  тақпақпен  ұйқастырылған  жаттығуларды  пайдалану 

ұсынылады. Сонымен қатар өзіне -өзі қызмет ету дағдысын қалыптастыру: тиегін өзі салып, 


387 

 

өзі ағыту, бауын байлау, т.б. Ал ересек топтағы балалар үшін ұсақ моториканы дамыту және 



қолдың  икемділігін  арттыруға  арналған  жаттығулар  мектепке  дайындықтың  яғни,  жазу, 

сызуға үйренудің маңыздысы болып саналады. 

  Ұсақ  моториканы  дамытудың  маңыздылығы  неде?  Адамның  бас  миында  саусақ 

қимылына және сөйлеуге жауап беретін орталықтар өте жақын орналасқан. Ұсақ моторикаға 

әсер ете  және оны белсендіре отырып, көрші орналасқан сөйлеуге жауап беретін орталықты 

да дамыта аламыз.  

  Педагогтар  мен  балалар  психологының  мақсаты-  ата  –  аналарға  ұсақ  моториканы 

дамыту  ойындарының  маңыздылығын  ұғындыру.  Баланы  қызықтыруда  және  жаңа 

хабарларды  игеруіне  көмектесуде  үйретуді  ойынмен  алмастыру,  алға  қойған  мақсатына 

жетуін,  тапсырманы  орындауда  қиындыққа  кездессе  мойымауына  үйрете  отырып,  аз 

мөлшердегі жетістіктерін де бағалап, мадақтап қоюды да ұмытпауы керек. 

Қазіргі  кездің  балаларында  жалпы  моторлық  артта  қалушық  байқалады  екен.    Ойлап 

көріңізші, тіпті қазіргі балабақшадағы балалардың ешбірінде баулы аяқ киім кездеспейді. Бау 

байлауды үйрету ата- анаға да, тәрбиеші ге де қиындық туғызатын болса керек. Осыдан 20 

жыл бұрын ата- аналарға, олармен қоса олардың балаларына  көп нәрсені қолмен жасауға тура 

келді: кір жуу, тоқу, тігу т.б. Ал қазіргі кезде осының бәрін жасайтын машина.  

Жалпы моториканың дамуының аздығын, соның ішінде қол қимылының аздық себебін 

зерттей келе қазіргі заманғы барлық баланың жазуға дайын еместігі немесе тілінің дамуында 

бір ақау бар екендігі анықталды. Осыдан келе мынадай қорытынды шығаруға болады:  егер 

тілінің дамуында ақау болса, онда бұл ұсақ моториканың мәселесі. 

Тіпті баланың сөйлеу тілі қалыпты болған жағдайда бұл қолын басқаруы қалыпты деген 

сөз емес. Егер 4 - 5 жастағы балада бау байлау қиындық келтірсе, ал, ермексаздан тек шар мен 

ұзынша жабыстырылса, және 6 жаста тиек тігу- орындалмас және қауіпті іс болса, онда сіздің 

балаңыз кінәлі емес.  

Өкінішке  орай    көп  ата-  ана  қолдың  икемі  мен  ұсақ  моториканың  даму  деңгейінің 

төмендігін тек мектепке барарда  ғана байқайды. Бұл балаға өте ауыр жүк. Жаңа хабарларды 

қабылдаумен қатар, икемге келмейтін саусақтарымен  қарандашпен жазып үйренуі керек. 

Кішкентай ғана сәбидің қалайтыны қозғалу, қозғалыс- әлемді танудың мүмкіндігі. Яғни, 

бала қозғалысының дәл және нақты болса, оның әлемді ақылмен тануы да терең бола түспек.    

                                                    

 

Пассивті    жаттығу  –  ұсақ  моториканы    дамытудың  алғашқы  сатысы.  Саусақ 



жаттығуларын  ең  төменгі  деңгейден  бастаған  дұрыс.  Содан  кейін  ғана  активті  саусақ 

жаттығуларына көшуұсынылады. Оның деңгейі баланың ұсақ моторикасының даму деңгейіне 

қарай  таңдалады.  Қол  саусақтарына  арналған  пассивті  жаттығулар  жасау  кезінде  балаға 

Саусақ жаттығулары 

Пассивті 

сипау 


Сүйемелдеусіз 

Активті 


Дауыстың 

сүйемелдеуімен 

(түрлі 

тақпақпен, 

көрініспен т.б 

діріл 


уқалау 

388 

 

қолайсыз  жағдай  туғызбауын  және  тітіркендіпмеуін  қадағалаған  жөн.  Жаттығулардың 



мақсатты  пайдаланылуы  мынадай  әдістерді  ұсынады:  сипау,  жаймен  уқалау  және  діріл. 

Массажды  әрекеттер  саусақ  ұшынан  басталып  төменгі  буынға  қарай  жалғасады.    Массаж 

жасау кезінде жай лирикалық әуен қоюға да болады.  

 

 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет