Используемая литература:
1. Андреева Г.М. Социальная психология. М.: МГУ, 1980. - 480 с.
369
2. Бахтурина Л.И., Васильева А.И., Кобитина И.И. Старший воспитатель детского сада. 3-е
изд., дораб. - М.: Просвещение, 1990. - 143 с.
3. Захарова Г.И. Развитие профессиональной компетентности педагога дошкольного
образовательного учреждения средством психолого-педагогического тренинга: Дисс. на
соиск. учен. степ. канд. пед. наук. Челябинск, 1998. - 180 с.
4. Колесникова И.А. Основы технологической культуры педагога. - СПб.,2003.
5. Железнова В.Н. Работа с молодыми специалистами в детском дошкольном учреждении //
Бала мен балабаша. Ребенок в детском саду 2014-№ 7-С. 11-12
ЗАМАНАУИ БІЛІМІНІҢ НЕГІЗГІ ДАМУЫНЫҢ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ
Көкімбаева Ж.К
Ғылыми жетекшісі: Омарова Н.И
Қарағанды маңызды білім беру колледжі
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында көрсетілгендей мектепке дейінгі
балаларды тәрбиелеу балалардың 1- 5 жасында өткізілсе, мектепке дейінгі оқыту 5-6 жас
балалар мектепалды топтарда жүргізіледі.Үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы сатысы
мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу болғандықтан, 12 жылдық жүйеге көшуді мектепалды
дайындықсыз жүргізу мүмкін емес. Мектепалды дайындықсыз білім беру іргетасыз үй
соққанменен бірдей, білім негізсіз, әлсіз, жүйесіз болады. 12 жылдық мектептің құрылымы
(4+6+2, балалық кезең-6-10 жас, жасөспірім кезең -11-16 жас, бозбалалық кезең-11-12 жас)
болса, баланы 5 жастан мектепке дайындаймыз.
Бірақ 5 - 6 жастан балалардың мектепке дейін қызығушылығын өте төмен.Сабақ оқуды
олар осы кезде оқу керек деп ойламайды. Балалар мультфильм кейіпкерін өздеріне үлгі ретінде
алады.
Ал, біздің басты мақсатымыз - жан-жақты дамыған баланы мектепке дайындау.
Мектепалды дайындықтан өткен балалар жеңіл бейімделеу үшін, оқу материалын тез және
қиындықсыз меңгере білу үшін көп жұмыстар атқару керек. 12 жылдық мектептің
құрылымында көрсеткендей бұл кезең өте жауапты сензетивті кезең, яғни баланың мектеп
жасына дейінгі жас ерекшелік шақтан, кіші мектеп оқушысы кезеңінен өтетін күрделі,
ауыспалы кезеңі.
Сұлтанмахмұт Торайғыров: «Балалықтың қанына ойын азық» деп бекер айтпаған.
Сондықтан ойын арқылы баланың бір затқа бейімділігі, мүмкіндігі және қызығуы анық
байқалады. Балалар танымын дамытушы негіз-ойын іс-әрекеті екенін әр педагог біледі.
Мен оқыту-тәрбие процесінде ойын түрінде жүргізуге тырысамын, сабақта,топ
серуендерде, әртүрлі тәрбие іс-шараларында дидактикалық ойындар, логикалық ойын-
жаттығулар, проблемалық жағдаяттар, балаларды қызықтыратын ойын-жарыс элементтерін
пайдаланамын. Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу мәселесінің бірі балалардың дамуын
жеткілікті ұйымдастыруда әрекеттік қатынасты күшейту арқылы танымдық белсенділік
қалыптастыру ойын әрекеті негізінде жүзеге асырылуы қажет.
Сонымен бірге ойын тәжірибесі, әсіресе ойын жөніндегі нақты өзара қарым- қатынаста
ойлаудың айрықша қасиетінің негізін құрайды, мұның өзі басқа адамдардың көзқарасын
қабылдауға, олардың мүмкін болатын мінез- құлқын болжап білуге және осының негізінде өз
мінез-құлқын түзеуге мүмкіндік береді. Дидактикалық ойындарда бала оқу-танымдық
тапсырмаларды шешіп, өз білімімен құрбыларына танылады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың бастауыш мектепке келгенге дейінгі негізгі әрекеті-
ойын деп айтуға болады, оқу-тәрбие үрдісіне олар біртіндеп ойын әрекетінен оқу (таным)
370
әрекетін орындауға бейімделуі тиіс. Осы кезең баланың мектепалды дайындықтан өтетін
нағыз күрделі жауапты шағы болып табылады. Сондықтан мектепалды оқыту процесінде
дидактикалық ойындарды пайдалана отырып балалардың танымдық қызығушылығын дамыту
керек, танып-білуге деген ұмтылыс мектеп жасына дейінгі балалардың психологиясына сай
көрініс.
Ол
сабақ
пайдаланылатын
дидактикалық
ойындардың
мазмұндық
ерекшеліктеріне,ойын шарттарына сай жүзеге асырылады. Дидактикалық ойындар арнайы
мақсатты көздейді және нақты міндеттерді шешеді. Ойынның мақсаты бағдарламада
анықталған білім, білік,дағдылар жайында түсінік беру,оларды қалыптастыру,тиянақтау және
пысықтау немесе тексеру сипатында болып келеді. Ойынның мідеті балаланың
қызығушылығын оятып,белсенділігін арттыру мақсатында іріктеліп алынған нақты
мазмұнмен анықталады. Дидактикалық ойындарды мектеп табалдырығын жаңадан аттаған
мектепалды топ баланы оқу мақсатында пайдалану,балдырғанның мектепке жеңіл
бейімделуіне,оқу материалын қызыға қабылдауына жол ашады. Мектепке дейінгі балаларды
оқуға дайындығын қалыптастыру-ол балаларды балабақшада оқыту процесі арқылы
жүргізіледі. Сол сияқты балалардың оқу материалдарын ойдағыдай меңгеруі және оқушылар
ұжымына ену үшін алғышарт жасау,баланы әлеуметтендіру,қоғамдық ортаға бейімдеу. Бұл
ұзақ күрделі жүргізілетін жұмыс,оның мақсаты мектеп жасына дейінгі балаларды жан-жақты
дамыту болып табылады.мұндай аса жауапты талаптың баянды болуы жоғарыда көрсетілген
12 жылдық оқу мерзіміне ауысу қажеттіліктерін айқындайтын факторлардың жүзеге асуына
жол ашу. Мектеп жасына дейінгі балалардың мектепте оқуға арнаулы және жалпы
дайындығын ажырата білуіміз қажет. Арнаулы дайындық балалада алдымен мектептің ана
тілі,математика,дүниетану секілді оқу пәндерін үйренудің негізі болып табылатын
білімнің,ұғымның,іскерліктің,дағдынын бар-жоғымен жалпы дайындық оның дене және
психикалық дамуына қарай анықталады. Дене дамуы-бұл баланың жақсы денсаулық
күйі,төзімділігі, қолайсыз ықпалдарға қарсы тұра алуы; қалыпты жағынан дамуынынң жақсы
дәрежесі, қол-саусақтарынан жазу үшін керекті майда маторикасының қимылы дәл және алуан
түрлі қимыл-қозғалыстар арқылы әзірлігі;мәдени-гегиеналық машықтарының,өз-өзіне қызмет
көрсету дағдыларының т.б жеткілікті дамуы.дене жағына дамыған бала мектепте жүйелі оқуға
байланысты қиыншылықтарды оңай жеңеді. Мектепке дейінгі ересектер шағының алдына
аяғына қарай балалар қошаған орта туралы,адамдардың өмірі жайлы табиғат заттары мен
құбылыстары туралы дүниетанымдық ұғымдарды белгілі бір мөлшерде меңгереді. Бұл білім
көлемі блалар бақшасының бағдарламасында белгіленген мектепке дейінгі балалардың жеке
деректерді емес,мектептегі пәндік оқытудың енгізуге негіз болатын өзара байланысты
білімдер игеруі маңызды. Олардың таным ынтасын,әуесқойлығын дамытудың зор маңызы
бар. Танымды-ойын процесіне бала айнала қоршаған ортаны,адамдар қатынасын
таниды,дүиенің үлкен құрамдас бөлігі « Адам-қоғам-табиғат»туралы алғашқы дүниетанымы
қалыптасады.
Мен ең алдымен өзіме қойған мақсаттарым:
балалардың сабақтарға деген қызығушылықтарын ояту,қоршаған айналаға көңілдерін
аудару,айналада өте көп нәрселер бар екенін түсіндіру,яғни олардың танымдық қабілеттерін
арттыру.балалалрдың есте сақтау,ойлау,логикалық қабілеттерін дамыту.
Балаларды тапқырлыққа, ептілікке тәрбиелеу.
Қазіргі уақытта балалар сайыс-жарыстарды көбірек ұйымдастыруды сұрайды. Тіпті бос
уақыттарда әр түрлі қызықты тапсырмаларды, қызықты сұрақтарды, бастырғышты сұрап
өздері орындауға тырысады. Менің балаларым ақын-жазушыларды, Ұлы Отан соғысының
батырлары, адамдар жайлы біледі,оларға қосымша мәліметтерді беруге тырысамын. Ғарышқа
көп көңіл бөледі, ғаламшарларды таниды. Балаларды қоршаған орта өте қызықтырады. Ата-
аналар да, балабақша өміріне қызығушылықтарын танытып, белсене қатысады. Ата-аналарға
үйде көбірек балалармен жануарлар, құстар және басқа да танымдық тақырыптарға
байланысты бейнефильмдер көріп, кітаптар оқу арқылы ұсынамын. Балалардың мәнерлеп
оқуларын дамыту үшін мақсатында қызықты өлең-жырлар жолдарын жаттау үйренеміз.
Мысалы;бір ата-ана,балам,кеше үйге келгенде: «Біз екінші орынға ие болдық,сайысқа
371
қатыстық!»- деп қуанып келдік. Сізде қандай сайыс болды?-деп қызығушылығын танытты.
Ата-аналардың балабақшадағы күнделікті өмірдегі болып жатқан қызықты жағдайлары
туралы балалар мен бөліскені мені қуанышқа бөлеп, жұмысының нәтижесін көргендей
боламын.
Қазіргі жаңа дәуірде басты мәселе-жан-жақты дамыған, әлеуметтік ортаға бейімделген,
жеке тұлғалық-интелектуальдық ұрпақ тәрбиелеу.
ӨЗІН-ӨЗІ ТӘРБИЕЛЕУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТӘСІЛДЕРІ
Кубайдилдина Алтынай Қанатовна
№33 «Алтын бесік» балабақшасы КМҚК, Қарағанды қаласы
Өзін – өзі тәрбиелеу туралы, оның тәсілдері туралы түсінік. Адамның өмірдегі орнын өзі
белгілеу мәдениеті тәрбие мазмұнының маңызды бөлігі болып саналады. Адамның өмірдегі өз
орнын өзі белгілеу мәдениеті оны жеке өмірінің және жеке бакытының жауапты субъектісі
ретінде сипаттайды.
Тұлғаның коғамдық сана-сезімінің дамуының белгілі бір сатысында, адам өзінің жеке
басы үшін тек сыртқы мақсаттарды ғана емес, сонымен қатар өзін-өзі тәрбиелеу мақсаттарын
да түсінеді. Ол өзіне-өзі тәрбиенің субъектісі ретінде қарай бастайды. Өзінің тұлға ретінде
қалыптасуы, оның жеке белсендігінсіз мүмкін еместігін түсіне бастайды.
Өзін-өзі тәрбиелеу – адамның өз тұлғасын қалыптастыруға, өмірдегі өз орнын өзі
белгілеуіне, өзін-өзі дамытуға, өз қабілеттерін өзі іске асыруға бағытталған мақсатты, саналы,
жүйелі түрде өздігінен жүргізетін іс-әрекеті. Өзін-өзі тәрбиелеу тәрбие процессінің құрамды
белігі және тұлғаның өзін-өзі дамытуындағы ең маңызды күш болып саналады.
Тәрбиелеу мен өзін-өзі тәрбиелеу бір педагогикалық өрісте орналасып, тұлғаны
қалыптастыру деген тұл-ас процесстің екі жағы болып саналады. Әр-бір педагог тек тәрбиенің
заңдылықтарын біліп қана қоймай, сонымен қатар өзін-өзі тәрбиелеудің әлеуметтік-
психологиялық механизмдерін жақсы түсінуі керек.
Тұтас педагогикалық процессте әр балада өзін-өзі тәрбиелеуге деген қажеттілік әр-түрлі
жас кезеңдерінде байқалады. Осы қажеттілік әсіресе балалардың жасөспірімдік шағында
анығырақ байқалады. Себебі, балалар осы шақтарында өздерінің жеке «Мен»-дерін үнемі іздеу
үстінде болады, түрлі спортгық секциялар, үйірмелер, қызығушылықтары бойынша клубтарға
қатысады. Дәл осы кезеңде олардың жеке күңделіктерін бастап өз ойларын жазулары, өз мінез-
құлықтары мен сезімдерін бағалаулары, ұл балалар мен қыз балалар үшін арнап құрастырған
сауалнамаларын қызыға толтырулары, түрлі заттарды әуестікпен жинастырулары кездейсоқ
процесс емес. Қазіргі кезде мектептерде міңдетті түрде өзін-өзі тану сабақтары енгізілуде,
өзін-өзі тану мектептері де бар. Өзін-өзі тәрбиелеу өте ұзақ және адамның бүкіл өмірі бойы
жалғасатын процесс екенін айта кету қажет.
Өзін-өзі тәрбиелеу адамның жеке «Мендігін»- жүйелі түрде зерттеуін, қажымас
қайраттылықты, үлкен ерік-жігерлік күшті қажет етеді. Өзін-өзі тәрбиелеу мектебі адамнан
көптеген күш-қайратты жоғары дәрежедегі ұйымдастырушылықты, өзіне деген сын көзбен
қарауды талап етеді. Неміс ақыны Ф.Логау былай деп тегін айтпаған шығар:
«Өзіңмен өзің түскен күрес – ең қыйын күрес,
өзіңді өзің жеңген жеңіс – ең ұлы жеңіс».
Өзін-өзі тәрбиелеу адамның рухани қажеттіліктерін қалыптастыруға бағытталған.
Адамның өзін-өзі жетілдіріп, өзімен жұмыс істеуінде кітаптардың маңыздылығы зор. Өйткені,
кітаптар бізді жақсы адам болуға ынталандырады, қызықты адамдармен таныстырады. Өзін-
өзі тәрбиелеудің маңызды бөлігі -мотивтерді, ынтаны дамыту. Жақсы, ақ ниетті болуға
372
талпынбай, адамзаттың білімдер байлығын, адамзат мәдениетін игеруге тырыспай жан-жақты
тәрбиелі және білімді адам болу мүмкін емес.
Психологиялық-педагогикалық ғылымдарда өзін-өзі тәрбиелеудің кең қолданылатын
тәсілдері болып өзіне-өзі баға беру, өзіне-өзі бұйыру, өзін-өзі құптау, өзін-өзі түзету және т.б.
саналады.
Өзін-өзі тәрбиелеу өзін-өзі бағалаудан басталады. Өзін-өзі бағалаудың негізін жеке
адамның өзі қабылдаған құндылықтар жүйесі, тұлғаның жеке маңыздылықтар жүйесі
құрайды. Өзін-өзі бағалау адамның өзін басқа адамдармен салыстыру арқылы қалыптасады,
және осындай салыстыру табиғи түрде жүргізіледі де өте қызықты болды. Тұтас
педагогикалық процесстегі қатынастар жүйесіне енгеннен бастап бала өзін басқа балалармен
салыстырып, зерттеп, мынандай сұрақтарға: «-Неге мен осындаймын?», «Басқалар мені қалай
қабылдайды?», «Өмірде мен қандай жетістіктерге жете аламын?»-деген сұрактарға жауап
іздеп, өзінің барлық мүмкіндіктерін көрсетуге тырысады. Өзін-өзі нақты бағалау, өзін-өзі
тәрбиелеудің мақсаттарын дұрыс құрастыруға мүмкіндік береді. Өзін-өзі бағалау
жоғарлатылған, нақты, төмендетілген болуы мүмкін. Тұрақты және жаңа ақпараттар әсеріне,
жинақтаған тәжірибесіне, қоршаған адамдардың пікірлеріне байланысты өзгеріп отыратын
бейімделгіш өзін-өзі бағалау түрі адамның дамуы мен тиімді еңбек етуі үшін ең қолайлы
бағалау болып саналады.
Өзіне-өзі бұйыру дегеніміз адамның өзіне-өзі берген қысқа, үздік-үздік үкімі.
Өзіне-өзі бұйыру адам өзін нақты бір іс-әрекет жасау керектігіне сендіріп, енді басқаша
әрекет жасауға болмайды деп сезгенде ғана қолданылады. Бұйырықты түрде өзінен бір іс-
әрекетің орындалуын талап ету қажеттілігі адамның өз кемшіліктерін анық көріп тұрып, бірақ
сол жоспарланған істі орындауға күші жетпей тұрған кезде қолданылады. Өзіне-өзі бұйыру
еріктік процесспен тығыз байланысты. Өзіне-өзі бұйыруда жаттығу үшін адам өзіне дауыстап
бұйырық беріп оны қайта-қайта қайталап орындап отыруы қажет. Өз бұйырыгын екі апта
аралығында орындап жүрген адамда өз бұйырығын автоматты түрде орындау әдеті пайда
болады.
Адамның өзін-өзі тәрбиелеуде өзін-өзі құптаудын маңызы зор. Әр адамның есінде
өздерінің үлкен жетістіктерге жеткен кездері жақсы сақталып қалады. Адамның жетістіктері
оған рухани, интеллектуалдық, күш-жігерлік қорларының ішкі мүмкіншіліктерін байқатып,
өмірдің жаңа белестерін жеңе алатынына сенімділік тудырады. Кейбір өмірлік жағдайларда
адам «өткенді ойлап» осындай жағдайдан қалай жол тауып шыққанын еске түсіргені абзал.
Өзін-өзі бақылау – адамның өз іс-әрекеттерін, психикалық процесстер мен көңіл-
күйлерін түсінуі, бағалауы және реттеуі. Бұл тәсіл адамға айналадағылармен сабырлы қарым-
қатынаста болу іскерліктерін, басқа адамдардың кемшіліктеріне, әлсіздіктеріне, қателіктеріне
шыдамды болуды үйретеді. Аталған тәсіл көмегімен адам шиеленіс жағдайларды реттеп,
ұстамдылыққа, күрделі жағдайларда байсалдылық, сабырлық сақтауға үйренеді.
Өзін-өзі түзету адамға өз мінез-құлқын, кемшіліктерін, қателіктерін және басқа
адамдарға деген қарым-қатынасын өзгертуге мүмкіндік береді. Өзін-өзі түзету адамның өзіне
сын тұрғысынан қарауына байланысты болады.
Адамзат тарихында ұлы адамдарға өмірлік бағдарламасын нақты орындауға көмектескен
өзін-өзі түзету мысалдары өте көп кездеседі. Өзін-өзі түзету өзін-өзі жетілдірудің тиімді
тәсілдерінің бірі. Л.Н.Толстой «Өзін жетілдіруге деген ұмтылыстан басқа еш нәрсе адамның
өз игілігі мен басқа адамдардың игілігіне септігін тигізе алмайды»- деп бекер айтпаған.
Тәрбиенің демократиялық жүйесі баланың, басқа адамдар ықпалына бағынышты
болмай, керісінше өзінің қабілеттері мен күштерін бағалап, өз дамуын өздігінше анықтауға
үйрететін бірден-бір жүйе болып саналады. Тәрбиенің осындай нәтижесі тек қана педагог пен
өсіп келе жатқан баланың тығыз ынтымақтастығы негізінде ғана мүмкін болады.
Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуы, оның өмірдегі орнын өзі анықтауы адамның өз-
өзімен және оны қоршаған ортамен үйлесімділікте жүргізілуі кажет.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
1)Тәрбие мазмұнының мән-мағынасын ашыңыз.
373
2)Тұтас педагогикалық процессте және өзін-өзі тәрбиелеуде жеке тұлғаның қалыптасуы
қандай қатынаста болады?
3) Тәрбие түрлері қалай топтастырылады?
4) Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеу қандай қатынаста болады?
5) Өзін-өзі тәрбиелеудің тәсілдерін атаңыз.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Корчак Я. Жеке тұлғаны дамыту: 1992.-287 .
2. Хмель Н.Д. Мұғалімді кәсіби теориялық дайындықтан өткізу. – Алматы: 1998. – 320 б.
3. Педагогика. 2004. – 608 б.
4. Бейсенбаева А.А. Білім беру теориясы және тәжірибесі. Алматы.,1998.
РОЛЬ ДИДАКТИЧЕСКИХ УПРАЖНЕНИЙ И ИГР В РАЗВИТИИ
ЛОГИЧЕСКОГО МЫШЛЕНИЯ.
Кударинова С.Т.
КГКП детский сад «Толағай»
Дидактическая игра определяется как вид игры,
организуемый взрослым для решения
обучающей задачи (Е.С. Рапацевич).
Одной из важных задач дошкольной педагогики является формирование основ
логического мышления. Я рассмотрела успешную реализацию данной задачи в рамках
развития логического мышления дошкольников с использованием дидактических упражнений
и игр.
Дети старшего дошкольного возраста легко распоряжаются своими знаниями. так как
имеют определенный багаж знаний об окружающем мире, у них уже начинают складываться
элементы логического мышления, умеют рассуждать, делать умозаключения. И именно
поэтому начиная со старшего возраста, развитие логического мышления выделено в
самостоятельную задачу. [ 4 ]
В ходе наблюдений за детьми своей группы я отметила, что именно дидактические игры
и упражнения побуждают действовать, обследовать, экспериментировать, классифицировать,
делать простейшие выводы и обосновывать их. Тем самым предусматривают формирование
таких мыслительных операций как - сравнение, классификация, обобщение;
совершенствование речи - обогащение словаря, описание предметов, составление загадок;
развитие умения ориентироваться в расстоянии, времени, пространстве. [ 3 ]
Дидактические игры в свою очередь делятся на несколько групп: [ 1 ]
1.
Игры с цифрами и числами
2.
Игры-путешествия во времени
3.
Игры на ориентировку в пространстве
4.
Игры с геометрическими фигурами
5.
Игры на логическое мышление
При обучении в течении года детей счету в прямом и обратном порядке,
добивалась от детей правильного использования как количественных, так и порядковых
числительных. При знакомстве детей с образованием всех чисел в пределах 10, использовала
дидактические игры основанные на сказочных сюжетах. Для сравнивания равных и неравных
групп предметов, обучая преобразовывать равенство в неравенство и наоборот – неравенство
374
в равенство мной также активно применялись дидактические игры и упражнения. Играя в
такие дидактические игры как « Какой цифры не стало?», «Сколько?», « Путаница?»,
«Исправь ошибку», «Назови соседей», «Назови предыдущее число», «Назови последующее
число» дети научились свободно оперировать числами в пределах 10 и сопровождать словами
свои действия. [ 8 ]
Такие дидактические игры как «Задумай число», «Которой игрушки не стало?» ,
«Составь цифру» , « Из каких чисел состоит число…» и другие я использую на занятиях, в
свободное время, с целью развития у детей внимания, памяти, мышления.[ 5 ]
Используя на занятиях и в свободное время, разнообразие дидактических игр и
упражнений я увидела, что это помогает детям усвоить программный материал. Для
подкрепления порядкового счета помогают таблицы, со сказочными героями «Колобок
убежав от бабушки и дедушки встретил», «Кто будет первый? Кто второй?» и т.д.
При знакомстве детей с днями недели объяснила, что каждый день недели имеет свое
название. А для того, чтобы дети лучше запоминали название дней недели, мы обозначали их
кружочком разного цвета. Таким образом, дети самостоятельно пришли к выводу, что
последовательность дней недели неизменна. Так же обратила внимание детей на то, что в
названии дней недели угадывается, какой день недели по счету: понедельник – первый день
после окончания недели, вторник- второй день, среда – середина недели, четверг – четвертый
день, пятница – пятый. Для закрепления названия дней недели я предложила детям игру
«Живая неделя». В игре принимают участие 7 детей, пересчитываю их по порядку, даю им в
руки кружочки разного цвета, обозначающие дни недели. Дети выстраиваются в такой
последовательности, как по порядку идут дни недели.
Постепенно, усложняла игру тем, что дети строились, начиная с любого другого дня
недели. Дидактические игры такие как «Назови скорее», «Скажи какое слово пропущено»,
«Двенадцать месяцев» способствуют лучшему запоминанию детьми название дней недели и
название месяцев, их последовательность.
В процессе обучения и воспитания детей пространственные представления постоянно
расширяются и закрепляются . В течение года дети овладевают такими пространственными
представлениями как: слева, справа, вверху, внизу, впереди, взади, далеко, близко.
В первую очередь мною была поставлена задача научить детей ориентироваться в
специально созданных пространственных ситуациях и определять свое место по заданному
условию. Дети свободно и с удовольствием выполняют задания типа: Встань так, чтобы
справа от тебя был стол, а сзади – стул. Встань так, чтобы впереди тебя стояла Арина, а сзади
- Матвей. При помощи таких дидактических упражнений и игр дети с легкостью овладевают
умением определять словом положение того или иного предмета по отношению к другому:
Справа от зайца стоит лиса, слева от зайца – машинка и т.д. В течение года на занятия и в
свободное время проводила игровую минутку: любую игрушку прятала где-то в комнате, а
дети ее находили, или выбирала ребенка и прятала игрушку по отношению к нему ( за спину,
справа, слева и т.д.). Выполняя задания по ориентировке на листе бумаги, не все дети
справлялись с поставленной задачей, и я давала им возможность самостоятельно найти свои
ошибки и исправить их. Для улучшения результата, активности и заинтересованности детей
немаловажную роль играют предметные игры с появлением какого-либо сказочного героя.
Например, игра «Найди игрушку», - Сообщаю детям –«Ночью, когда в группе никого не было,
к нам прилетала Фея и принесла в подарок игрушки. Игрушки мы сможем получить, когда
выполним задания Фея, которые она написала нам в письме. » Распечатываю конверт читаю:
«Надо встать перед входной дверью, и пройти 4 шага и т.д.». Дети с огромным интересом
выполняют задание, находят игрушку. Постепенно задания для них усложнила – т.е. в письме
были не описание местонахождения игрушки, а только схема. И уже по схеме дети должны
определить, где находится спрятанный предмет. Для развития пространственных
ориентировок существует множество дидактических игр и упражнений, таких например как :
« Найди похожую», «Путешествие по комнате», «Художник» и многие другие . Используя
дидактический материал по данному направлению я заметила, что дети стали хорошо и быстро
375
справляться со всеми заданиями, для обозначения положения предметов на листе бумаги, на
столе используют слова.
С целью закрепления знаний о форме геометрических фигур и для повторения материала
средней группы, предлагала детям узнать в окружающих предметах форму круга,
треугольника, квадрата. Например, спрашиваю: Какую геометрическую фигуру напоминает
дверь? ( дно бокала, лист бумаги т.д.).
Применение на занятиях и в свободное время дидактической игры «Геометрическая
мозаика» способствует закреплению знаний о геометрических фигурах и развитию внимания
и воображения.[6 ]
Дети делятся на две команды .Командам дается задания разной сложности:
а) Составление изображения предмета из геометрических фигур ( работа по готовому
расчлененному образцу)
б) Работа по условию (собрать фигуру человека, девочка в платье)
в) Работа по собственному замыслу (просто человека)
Я убедилась, что активное использование дидактических игр и упражнений на занятиях
и в свободное время способствует развитию у детей памяти, внимания, мышления.
Так как у детей в дошкольном возрасте начинают формироваться элементы логического
мышления, то у них формируется умение рассуждать, делать свои умозаключения.
Дидактические игры и упражнения оказывают действие на воображение и тем самым
способствуют развитию нестандартного мышления ,творческих способностей. [ 7 ]
В свою работу я широко внедряю использование дидактических упражнений и игр для
развития у детей логического мышления.
Начала с элементарных заданий на логическое мышление – цепочки закономерностей.
Это ряд таких заданий, как на поиск чисел, на нахождение пропущенной фигуры, знаков,
продолжения ряда фигур, цифр и т.д. В таких упражнениях идет чередование предметов или
геометрических фигур.[ 8 ]
После того, как дети научились выполнять данные упражнения, задания для них
усложняю. Предлагаю выполнить задания, в котором предметы необходимо чередовать,
учитывая одновременно цвет и величину.
Увлекает детей такая игра, как «Кого не хватает?» : Предлагаю представить, какой
формы могли бы быть космические существа, показываю плакат, на котором изображены
космические “человечки”. Дети находят, какого “человечка” не хватает, учатся анализировать
и доказывать свою точку зрения, логически мыслить, сравнивать сопоставлять и высказывать
свои умозаключения. [ 2 ]
Детям нравится составлять изображение по образцу, они радуются своим результатам и
стремятся выполнять задания еще лучше. Поэтому особое место среди дидактических
упражнений и игр занимают игры на составление плоскостных изображений предметов, птиц
из фигур, животных. Для закрепления знаний, полученных на занятиях я предлагаю детям
задания в виде дидактических игр и упражнений в свободное время. Например: «Собери
бусы», «Найди ошибку», и т.п
Практика работы с детьми показала, что формировать логическое мышление, хотя бы
какие-то элементы, следует с раннего детства. Если в младших группах мы предлагаем игру
«Закончи предложение», «Скажи что здесь лишнее» «Найди несколько различий», то
постепенно задачи усложняются. Теперь мы просим не только найти, но и доказать и
рассказать, отстоять свою точку зрения.
К концу учебного года анализируя свой опыт работы по внедрению дидактических игр
и упражнений в развитие логического мышления я провела диагностику и выявила, что
дидактическая игра является неотъемлемой частью в развитии логического мышления детей
дошкольного возраста.
Достарыңызбен бөлісу: |