Дандай ысқАҚҰлы рухани толғамдар алматы «ДӘСТҮР» 2015



Pdf көрінісі
бет108/191
Дата06.01.2022
өлшемі3,03 Mb.
#11468
түріБағдарламасы
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   191
Байланысты:
0221a9b61916ef3923a2d2a516d24b60

(1882-1944)                                                      

     


Х

Х  ғасыр  басындағы  әзербайжан  әдебиетіндегі  романтизмнің 

аса көрнекті өкілдерінің бірі Гүсейн Жабид 1882 жылы өмірге 

келген.  Иранның    Тебриз,  Түркияның  Стамбул  қалаларында  шығыс 

әдебиетін, араб, парсы тілдерін оқып, жан-жақты терең білім алады. 

Оқуын бтірген соң, елге оралып, педагогикалық қызметпен айналыса-

ды. Бала оқыта жүріп, арманшыл жас романтикалық сарындағы өлең-

дер жаза бастайды.                         

Алғашқы  өлеңдерінде  сұлулықты,  махаббатты  бұл  өмірдің  пади-

шасы  деп  жыр  төккен  Гүсейіннің  шығармашылығында  бірте-бірте 

қоғамдық қайшылықтар, әділетсіздіктер кедейлердің ауыр халі сияқ-

ты  әлеуметтік  сарындар    алдыңғы  қатарға  шыға  бастайды.  Патша 

өкіметінің, одан кейінгі  кеңес өкіметінің отаршылдық саясаты салда-

рынан туындаған әлеуметтік теңсіздіктер, оған деген қарсылық, оны 

жоюға шақыру Г. Жабид поэзиясының басты тақырыбына айналады. 

Шығыс,  Батыс  әдебиеттерінен  қажетінше  сусындаған  Гүсейін  қо-

ғамдық прогресс пен өркениеттің даму дәуірі болуы тиіс ХХ ғасырда 

керісінше, әлеуметтік қайшылықтардың, дағдарыстардың өріс алып, 

адамзат  баласының  бақытты  өмір  сүруіне  қауіп-қатердің  бұрынғы-

дан да ұлғая түскендігіне алаңдап, оның себептерін ашуға ұмтылады. 

Осындай  мақсаттармен  өз  халқының  өткен  тарихына  үңіліп,  өмір-

дегі  келеңсіздіктердің  түп-тамырларын  тарих  жүріп  өткен  жолдар-

дан іздейді. Ол адамзат қоғамында болып жатқан берекесіздіктерден, 

келеңсіздіктерден  шығудың  бірден-бір  жолы  қоғамды  сауықтыру, 

адамдарды дұрыс бағытта тәрбиелеу, яғни рухани жағынан жетілдіру, 

тазарту деп біліп, өзінің бүкіл шығармаларында осы мәселені шешу 

амалдарын іздеп, философиялық ойлар түйеді. 

Өнер  жолын  өлең  жазудан  бастаған  Г.  Жабид  әдебиетте  негізінен 

драматург  ретінде  танылды.  Оның  қаламынан  туындаған  «Шейда» 

(1913),  «Шейх  Санан»  (1914),  «Ібіліс»  (1917-1918),  «Ақсақ  Темір» 

(1922), «Князь» (1929), «Сыңғырлаған саз» (1931), «Сиявуш» (1933), 

«Хайям» (1935), «Ібілістің кегі» (1936)  секілді драмалық шығармала-

рында адамзат баласына қайғы-қасірет төгіп отырған қара күштердің 

өктемдігі  мен ғасыр алапаттарының ішкі қыр-сырларына  үңілді. Бұ-

ларда сол кездегі әлеуметтік теңсіздіктерге, әділетсіздіктерге, ел би-

леушілердің зорлық-зомбылықтарына ашық түрде қарсы шыққан, бас 

көтерген,  әділеттілік  жолындағы  күреске  түскен  халық  өкілдерінің 

әдеби көркем бейнесінің тұтас бір галереясы жасалынған.                               




241

Гүсейіннің пьесаларында Шығыс әдебиетіндегі романтикалық дәс-

түр үлгісіндегі жартылай аңыз, жартылай өмір шындығынан алынған, 

сөйтіп бір жағынан аңызбен суғарылса, екінші жағынан нағыз өмірдің, 

уақыттың  өзінен туындаған Шейх Санан, Сиявуш, Хаям, Ібіліс, Шей-

да  секілді кейіпкерлер өмірге келді. Халықтық асқақ армандарға, ер-

теңгі күнге деген сенімге, оптимизмге толы бұл шығармалар ХХ ғасыр 

басындағы әзербайжан әдебиетіндегі романтизм бағытының идеялық-

эстетикалық деңгейі биік жетістіктері болуымен бірге осы дәуірдегі 

жалпы түркілік әдебиеттің де елеулі табыстарының біріне айналды.                                                                 

Г. Жабидтің романтикалық туындыларының ішінде тақырыбы жа-

ғынан  да  бейнелеу  тәсілдері  жағынан  да  «Ібіліс»  пьесасы  өзіндік 

сыпат  танытады.    Бұл  тақырып  әлемдік  әдебиетте  бұрын  да  талай 

жазылған.  Мильтонның  Сайтаны,  Гетенің  Мефистофелі,  Байронның 

Люцифері,  Лермонтовтың  Демоны  кеңінен  танымал.  Әдебиеттегі 

шайтан тақырыбында ұлылар жасап кеткен осындай биік бейнелерден 

кейін Гүсейіннің бұл тақырыпқа қорықпай барып, онда да өз жолы-

мен ғана жүріп, ібілістің бұрынғыларға қарағанда өмірге жақындау, 

ешкімге ұқсамайтын әдеби бейнесін жасауын шығармашылық ерлік 

деуге болады. 

«Ібілістің»  жазылған  кезі    ХХ  ғасырдың  бас  кезінде  әлемде  өлім 

сеуіп, жүріп өткен бірінші дүниежүзілік соғыс, соның салдарынан ма-

териалдық жағынан да, рухани жағынан да қираған, құрдымға қарай 

құлдырап, қайғы, аш-жалаңаштық  жайлаған,  адамдардың өмір сүру-

ге деген құштарлығы азайып, ертеңгі күннен күтер жақсылық атаулы-

дан күдер үзе бастаған уақыт болатын. Автор Ібілістің бейнесі арқылы 

жер жүзін бүлдіріп бара жатқан жамандық атаулының ең негізгі себеп-

терін ашып көрсетуді мақсат тұтқан.                                   

Пьесадағы  Ібіліс  адам  ретінде  суреттеледі.  Албастының  баласы 

Ібіліс жер бетінде жамандықтың ұрығын сеуіп, адам сияқты жүреді.  

Ол жүріп өткен жерлерде не бір қанды қырғындар, адамдарды бақыт-

сыздыққа,  қылмысқа  қарай  бағыштайтын  келеңсіздіктер  туындап, 

адамзат  баласын  қиын-қыстау  жағдайларға  ұрындыра  береді.  Ібіліс 

адамдарға жасаған жамандықтарын тікелей өзі жасамайды; өзі таса-

да тұрып, адамдарды осы жолға түсуге итермелейді, арандатады. Бұл 

ретте Ібіліс бүгінгі тілмен айтқанда, продюссер ретінде көрінеді. Ре-

жиссер өмірдің сахналық моделін жасаса, Гүсейіннің Ібілісі адамдар-

ды өмірдің қызылды-жасылды қызықтарымен  адастырып, құдайын 

ұмытатын, адамгершіліктің асыл қасиеттерін аяқасты ететін өмірдің 

моделін жасаушы ретінде көрінеді.  

«Жаманшылықтың құдайы» Ібілістің бейнесін аша түсуде монолог-

тар шебер пайдаланылған. Бұл жерде автор адамзат баласын надан-

дықтың жайлауынан туындайтын түрлі жамандықтардан құтқаратын 

оның рухани жағынан жетілуі, иманды болуы дегенді қадап айтады.  

Пьесадағы Әріп, Хауяр, Рена, Элхан, Иби Эмин сияқты сәтті жасалын-

ған кейіпкерлердің тағдыры айтылған негізгі ойдың өміршеңдігіне көз 

жеткізеді.                                                                            



242

Г. Жабид шығармаларының оқиғалары негізінен азербайжан жерін-

де  өткенімен  де  онымен  шектеліп  қалмайды.  «Шейх  Санан»  мен 

«Князь» пьесалары грузин халқының тарихындағы елеулі оқиғаларға 

арналған.  «Шейх  Сананда»  ислам  мен  христиан  діндерінің  арасын-

дағы  бір-біріне  ымыраға  келмейтін  сыпаттарының  бақытты  болуға 

ұмтылған адам тағдырына тікелей әсер еткендігі суреттеледі.  «Азер» 

дастаны Шығыстағы революция тақырыбына арналған. «Сиявушта» 

Фердоусидің  атақты  «Шахнамасында»  суреттелетін  оныншы  ғасыр-

дағы оқиғалар, атап айтқанда, ежелгі түркілердің атақты ел билеуші 

батыры Афрасиабтың бейнесі қайта тіріліп, көз алдымыздан өтеді.                                        

«Ақсақ  Темір»  тарихи  тақырыпқа  арналғанымен  де  онда  бүгінгі 

өмірдің  өзекті  мәселелері  хақындағы  философиялық  ой  түйіндері 

терең. Мұнда басқа елдерді бағындыруға ұмтылатын басқыншылық,  

шексіз  билеп  төстеушілік,  аяусыз  қанішерлік,  қанаушылық  сияқты  

билік жүргізетін тирандар барынша сыналады. Автор Азияның біраз 

бөлігін жаулап, қатыгездікпен аты шыққан тарихи тұлға Ақсақ Темір 

тақырыбына барғанда, оның ерліктерін паш ету емес, керісінше, оның 

адамзат алдындағы қылмыстарын әшкере етуді, оның трагедиялы тағ-

дырына  бүгінгі күннің назарын аударуды басты мақсат қылған.                                                           

Пьесада Ақсақ Темірдің атақты жорықтары бейбіт жатқан бауыр-

лас  елдердің  быт-шытын  шығарып,    қырғыншылыққа  ұшыратқан, 

олардың  болашағына  орны  толмас  балта  шапқан,  тек  өзінің  мықты 

екендігін  дәлелдеу  мақсатымен    ғана  болған  түркі  халықтарының, 

ислам әлемінің алдындағы кешірілмес кінә, ақылға сыймас қылмыс 

ретінде айыпталады. Осман империясын қирата жеңген Ақсақ Темір 

жеңілген Баязитке қарап тұрып айтқан «Сен – көзсіз қанішерсің, мен 

болсам, ақылсыз ақсақпын. Сендей соқырдың ел дейтін елі жоқ, өйт-

кені  сен  елдің  елдігін  аяққа  таптадың,  ал  мендей  ақсаққа  қараңғы-

лықта  тұншығып  жатқан  адамдарды,  шетсіз,  шексіз  жатқан  елдерді 

бағындыру мүмкін емес» деген сөздерінің әлеуметтік-философиялық 

астары тереңде жатыр. Бұл сөздер сонымен бірге бүгінгі күнге қарай 

да айтылғандай.                                        

Өз шығармаларында әзербайжандық, түркілік, одан қалды  жалпы 

адамзаттық  ұлы  идеалдарды  көтерген  Г.  Жабидтің  шығармашылық 

дарыны  кеңестік  дәуірде  үстемдік  құрған  социалстік    реализмнің 

қалпына  сия  бермеді.  Сондықтан  да  оның  шығармалары  коммунис-

тер тарапынан халыққа жат саналып, өзін саяси тұрғыдан қудалауға 

ұшыратты. Гүсейін Жабид «халық жауы» ретінде 1937 жылы ұсталып, 

Сібірге жер аударылады. Сібірдегі лагерлік өмірдің қатал жағдайынан 

денсаулығы сыр беріп, 1944 (кей деректерде 1941)  жылы сонда қай-

тыс болады.                                                                           




243

КУЛАКОВСКИЙ 

АЛЕКСЕЙ ЕЛИСЕЕВИЧ 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   191




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет