Дандай ысқАҚҰлы рухани толғамдар алматы «ДӘСТҮР» 2015



Pdf көрінісі
бет105/191
Дата06.01.2022
өлшемі3,03 Mb.
#11468
түріБағдарламасы
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   191
Байланысты:
0221a9b61916ef3923a2d2a516d24b60

(1017-1069) 

    


Ж

үсіп Баласағұн  1017 (кей деректерде 1018, 1020) жылы 

Шу өзенінің бойында орналасқан Баласағұн (Күз Орда) 

қаласында дүниеге келген. Шу өзені Қазақстан мен Қырғызстан-

ның жерін кесіп өтетіндіктен де бұл қаланың қай жерде болғанды-

ғы  жөнінде  түрліше  пікірлер  бар.  Қырғыз  ғалымдары  Баласағұн 

қаласы Тоқмаққа жақын жерде болған десе, олардың қазақстандық 

әріптестері ескі қаланың орны қазіргі Жамбыл облысының аума-

ғындағы  Ақтөбе  кентінің  маңында    жатыр  деп,  дәлелдейді.  Ұлы 

Жібек жолының бойына орналасқан Баласағұн қаласы сол кездегі 

Қарахан мемлекетінің астанасы,  әрі ірі сауда орталығы, білім мен 

ғылымның, мәдениеттің орталығы еді. 

Жүсіптің әкесі әрі ақын, әрі жан-жақты өнерпаз болған. Қараха-

нидтер мемлекетінің хан сарайында ән шырқап, күй шерткен. Хан 

сарайында  өтетін  түрлі  шараларға  әкесімен  бірге  қатыса  жүріп, 

кейін өзі де осында қызмет атқарады. Осында хат танып, жараты-

лыстану ғылымдарынан біршама білім алады. 

Жас Жүсіп негізгі білімді сол кездегі ірі мәдениет орталықтары 

саналатын Фараб (Отырар), Қашғар, Бұхара қалаларында оқиды. 

Ана тілі түрік тілімен қатар араб, парсы тілдерін еркін меңгерген 

ол осы тілдерде жазылған кітаптардан еркін сусындайды. Филосо-

фия, астрономия, математика, поэтика, жаратылыстану, қоғамтану 

ғылымдарын жетік білетін  өз заманының энциклопедист ғалымы 

болуымен бірге Шығыс поэзиясы мен мәдениетін терең меңгерген 

ойшыл, адам жанын нәзік сезінген лирик ретінде танылды. 

Ақынның 600-ден астам төрттағаны бізге жеткен. Олар поэти-

калық  көркемдігінің  кемелдігімен,  философиялық  ойларының 

тереңдігімен ерекшеленеді. Сондай-ақ кейбір ғалымдар Жүсіптің 

«Саясат туралы кітап», «Энциклопедия жайындағы кітап» жазған-

дығын, бірақ олардың бізге жетпегендігі айтады. 

Жүсіп Баласағұнның даңқын шығарған – «Құтты білік» дастаны. 

Баласағұнда басталып, Қашғар қаласында аяқталған «Құтты білік» 

1069-1070 жылдары 18 ай ішінде жазылған. Бұл кезде Жүсіп – 54 

жаста. Дастанды бітірген соң, «хандардың ханы», Қарахан мемле-

кетінің  (942-1210)  негізін  салушы  Сүлеймен  Арслан  ханға  (908-

955) сыйға тартады. Сол үшін хан оған «хас хажиб», «бас уәзір», 

немесе «ұлы кеңесші» лауазымын берген.  



233

Дастанның бізге жеткен үш түрлі нұсқасы бар. Біріншісі қазір 

Вена  қаласындағы  Корольдік  кітапханада  сақтаулы  тұрған  1439 

жылы  көне  ұйғыр  жазуымен  көшірілген  Герат  нұсқасы  болса, 

екіншісі он төртінші ғасырдың бірінші жартысында Мысырда араб 

әрпімен жазылған Каир жазбасы, ал үшіншісі – он екінші ғасырда 

араб әрпімен қағазға түскен Наманган (Ферғана) нұсқасы. Ең то-

лығы  әрі  жақсы  сақталынған  Наманган  (Ферғана)  нұсқасы  қазір 

Ташкенттегі Шығыстану ғылыми-зерттеу институтының сирек кі-

таптар қорында сақтаулы. 

«Құтты  білік»  жарыққа  шығысымен  көп  ұзамай-ақ  алдымен 

Орта Азияға, соңынан Азия, Еуропа елдеріне тарап, кеңінен таны-

мал  болды.  Дастанның  басқа  тілдерге  аударылуына,  зерттелінуі-

не, сөйтіп әлемдік руханияттың асыл қазынасына қосылуына  В. 

В. Радлов, С. Е. Малов, Р. Р. Арат, А. Н. Кононов, Ж. Клапрот, Г. 

Клаусон, З. В. Тоған, К. Ераслан, А. Ділашар, А. Ержыласун, О. Ф. 

Серткая, С. Н. Иванов, Н. Гребнев, т. б. елеулі еңбек сіңірді. 

Венгр  ғалымы  Герман  Вамбери  (1832-1913)  кітаптың  бірнеше 

тарауын неміс тіліне аударып, 1870 жылы Инсбрук қаласында жеке 

кітап қылып бастырып шығарды. В. В. Радлов (1837-1918) «Құтты 

білікті» орыс тіліне аудару, зерттеу жұмыстарына өзінің жиырма 

жыл  өмірін  (1890-1910)  арнады.  1942-1943  жылдары  дастанның 

үш нұсқасы үш том  болып Стамбул қаласында түрік тілінде шық-

ты. Өзбек ғалымы Қ Кәрімов 1971-1972 жылдары өзбек тіліне, бір 

топ  ғалымдар  1984  жылы  ұйғыр  тіліне    аударды.  1971  жылы  Н. 

Гребнев  «Бақытты  болу  ғылымы»  деген  атпен  орыс  тіліне  еркін 

тәржіма жасады. 1983 жылы С. Н. Иванов поэзиялық аудармасын 

орыс оқырмандарына ұсынды. Сондай-ақ ағылшын (1983), қытай 

(1986) тілдерінде жарық көрді. 

Қазақ ғалымдары Б. Кенжебаев, Ә. Қоңыратбаев,Қ. Өмірәлиев, 

Ә. Құрышжанов, Х. Сүйіншәлиев, Н. Келімбетов, Ғ. Айдаров, А. 

Қыраубаева,  Ә.  Дербісәлі,  т.  б.  «Құтты  білікті»  зерттеуде,  қазақ 

оқырмандарына таныстыруда елеулі  еңбек сіңірді. Ә. Құрысжанов 

1984 жылы дастанды алғаш рет қазақ тілінде сөйлетті. Ақын Асқар 

Егеубаев бұл дастанды 1986 жылы қазақ тілінде жырлады. 

«Құтты білік» 85 тарауға бөлінген 6520 бәйіттен (екі жолдан тұ-

ратын шумақ),  демек, 13040  өлең жолынан және қара сөзбен жа-

зылған  кіріспеден  тұрады.  Кітаптың  соңына  қорытынды  орнына 

«Білім қазына екендігі туралы», «Сөз сиқыры туралы», «Бұл тарау-

да кітапты жазушы ақылгөйлігіне кешірім өтінеді», «Жақсылық-

тың мерейі туралы», «Ақындар туралы», «Адамшылыққа – адам-

шылық,  қайырымға    –  қайырым  ету  туралы»,  «Үйлену  туралы», 

«Текке өткен өмірге өкініш шер» тараулары қоса берілген. 

Тараулардың тақырыптары «Әзиз уа ұлы тәңірдің құдіреттілігі 

айтылады»  (1),  «Әлийхис-сәләм  құдіретті  пайғамбар»  (2),  «Төрт 



234

сахабаның қасиеттері, құдіреті туралы айтылады» (3), «Адам ба-

ласының  қадір-қасиеті  біліммен,  ақылмен  екендігі  айтылады» 

(6),  «Тіл  өнерінің  қасиет-сипаты  мен  пайда-зияны  айтылады» 

(7), «Бектікке лайық бек  қандай болуы керектігі айтылады» (28), 

«Білгір, ғалым адамдармен қалай қатынасу туралы» (51), «Дихан-

дармен  қалай  қатынасу  жайлы  айтылады»  (57),  «Қандай  әйелді 

алу керектігі айтылады» (62), «Ұл-қыз туса оларды қалай тәрбие-

леу айтылады» (63), «Қол астындағы қызметкерлерді қалай ұстау 

жайы айтылады» (64), «»Өгділміш Елікке ел басқару заңын айта-

ды» (72), «Адалдыққа адалдық, кісілікке кісілік жасау туралы ай-

тады» (75), «Одғұрмыштың Өгдүлмүшке өсиеті» (81), «Заманның 

бұзылғанын, достардың жапасы туралы айтады» (85), т. б. түрінде 

болып  келуінен-ақ  дастанда  көтерілген  қоғамдық,  адамгершілік 

мәселелерінің ауқымдылығы көрінеді. 

Азияның ұлан-ғайыр жерінде Қарахан әулеті билік құрған мем-

лекетте елді басқарудың белгілі бір тәртібі мен адамдардың бір-

бірімен қарым-қатынастарын реттеп отыратын ережелер, олардың 

құқықтары  мен  міндеттерін  айқындайтын  заңдар  жоқ  болатын. 

Мұндай жағдай тек Қарахан елінде ғана емес, басқа да мемлекет-

тердің көпшілігіне тән жағдай еді. Белгілі бір тәртіптің болмауы 

салдарынан ел ішінде келеңсіз құбылыстар көбейіп, оның зарда-

бын халық көріп жатты. Міне, осындай жағдайдың орнын толтыру 

мақсатымен  жазылған  «Құтты  білік»  Қарахан  мемлекетінің  Ата 

заңы (Конституциясы) қызметін атқарды. 

Дастанда ел билеген хандардан, уәзірлерден бастап, қарапайым 

халыққа  шейін  олардың  қоғамның  бір  мүшесі  ретіндегі  орнын, 

міндеттері мен құқықтарын айқындап, поэтикалық тілмен баяндап 

берген.  Сондықтан  да  бұл  кітапты  адамның  белгілі  бір  қоғамда 

өмір  сүру  ережелері  десе  де  болғандай.  Мұндай  еңбекті  білім-

ғылымның  соңына  түсіп,  көп  оқып,  көп  тоқыған  энциклопедист 

ғалым,  өмірдің  терең  ағымдарына,  сырларына  терең  үңілген  ой-

шылдар ғана жаза алатыны белгілі. Сонымен бірге бұл кітап – тек 

Қарахан мемлекетіне ғана қатысты емес, күллі түркі әлемінің, одан 

қалды  жалпы  адамзаттық  құндылықтарды  зерделеп,  оны  бүгінгі 

күннің талаптарына сай жетілдіре түсіп, ұсынған, адамзат баласы 

қайтсе бақытты өмір сүре алады деген сауалға жауап бере алған  

энциклопедиялық сыпаттағы еңбек. 

«Бісмілләхи-р-рахмани-р-рахим» деп сөз бастаған автордың дас-

тандағы бірінші бәйіті 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   191




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет