софиялық тұрғыдан пайымдауға кіріседі.
235
Дастанда негізінен төрт түрлі мәселе көтеріледі. Оның біріншісі
– патшаның әділ болып, елді дұрыс басқара алуы. «Алдыңғы арба
қалай жүрсе, соңғы арба да солай жүреді», «Балық басынан ші-
риді» дейді халық даналығы. Жүсіп те әңгімені сол халықты бас-
қаратын, өзіне үлгі тұтатын патша қандай болуы керек деген мәсе-
леге айрықша көңіл бөлген. Автор әділ биліктің символы ретінде
Күнту патшаны үлгі етеді.
Екінші көтерілген мәселе – ел қайтсе дәулетті болады, бақ қонып,
қыдыр дариды. Бұл тақырыпты патшаның уәзірі Айтолдының тұл-
ғасы арқылы баяндаған. Үшіншісі – ақыл-парасаттың қоғамдағы
рөлі. Мұны уәзірдің баласы Ұғділміштің бейнесі төңірегінде жыр-
лайды. Төртінші қанағат, ынсап мәселесін дәруіш Ордгүрміштің
басынан өткендерін, айтқандарын суреттей отырып көтереді.
Автор бұларды жай баяндай салмайды, өмірдің өзінен ойып
алынған мәселелер ғұламалық, ойшылдық сүзгіден өткен фило-
софиялық толғаныстар ретінде бейнелі түрде оқырман назарына
ұсынылады. Дастанның өмірлік аса маңызды мәселелерді дұрыс
пайымдай білуіне оның авторының түркілік мәдениеттің асыл қа-
сиеттерін бойына барынша сіңіріп, оған қоса ислам өркениетінің
нәрімен сусындауы кең өрістер ашқан.
Әлемдік өркениеттің төрінен орын алған әрі әдеби, әрі филосо-
фиялық, әрі ғылыми шығармада адам концепциясы әр түрлі қы-
рынан қарастырылып, ол қайтсе бақытты болады деген әлімсақ-
тан келе жатқан сауалға жауаптар берілген. Мұнда адам өмірінің
мәні, қоғамда алатын орны, басқалармен қарым-қатынас түрлері
адамзат баласының рухани құндылықтары ауқымында қарастыры-
лады. Осы ыңғайда адамгершілік нормалары мен діннің, білім мен
ғылымның адам өміріндегі аса маңызды рөліне ерекше мән беріп,
бұл мәселелердің дұрыс шешім табуының бақытқа жеткізер бір-
ден-бір жол екендігін көрсетеді.
Жүсіптің адамзат қоғамы жайлы ойлары негізінен әділет, ба-
қыт, ақыл, қанағат категориялары жайлы өрбіп, адам баласының
барлығы бақытты ғұмыр кешетін қоғам төңірегінде түйіскен. Ол
қоғамның бақытты болуын әділетті билікпен, адамдардың бір-
бірімен, қоғаммен қатынастарында үйлесімділік табуымен бай-
ланыстырады. Оған білім-ғылым, дұрыс тәрбие арқылы ғана қол
жеткізуге болады. Енді Жүсіп Баласағұнға құлақ салайық.
«Ақылды – ұлы, біл, білімді – білікті,
Қонса екеуі, ұлы етер жігітті...
Ақыл қайда болса, ұлылық толады,
Білім кімде сол білікті болады».
«Тіл қадірлі етер, ерге бақ қонар,
Қор қылар тіл, кететұғын бас болар.
Тіл – арыстан есік баққан ашулы,
236
Сақ болмасаң, жұтар ерім, басыңды...
Тіліңді бақ, басың аман болады,
Сөзді қысқа айт, жасың ұзақ болады...
Қалар мұра – сөз, кісіден кісіге,
Сөзді мұра тұтсаң, пайда ісіңе».
«Адамшылық – адамға тән қазына,
Солай қазір, солай болған бағыдан.
Қайырым етсе, достарың, не бауырың,
Еселеп бер, көтер жүктің ауырын» – деп, толғанады өмірден
оқығаны, тоқығаны мол философ ақын.
«Құтты білік» – халықтың құты, ырысы болған ілім. Ұрпақтарға,
адамға бақыт берген, құт әкелетін ілім. Ғасырлар бойы көзі ашық,
көкірегі ояу ұрпаққа адамдық, азаматтық қасиеттерін, әдеп-адал-
дық дәстүрін сіңірген кітап» (Жүсіп Баласағұн. Құтты білік. Ал-
маты, 9-бет).
Жазылғанына тоғыз жарым ғасыр өткеніне қарамастан, Жүсіп
Баласағұнның «Құтты білік» дастаны өзінің құнын жойған жоқ.
Керісінше, қазіргі жаһандану дәуірінде өмірде не бір келеңсіздік-
тер көбейіп, қоғам моральдық жағынан да, материалдық жағынан
да дағдарысқа ұшырап, берекесіздік жайлап, одан шығар жолды
жанұшыра іздеп жатқан заманда адамдардың бақытты ғұмыр ке-
шетін қоғам орнату бағыт-бағдар көрсетіп тұрған «Құтты білік»
сияқты ұлы туындылардың құны арта береді. «Құтты білік» –
адамзат қоғамы бар жерде оған қызмет ете беретін өлмес шығарма.