«Айламен арыстанды ұстауға болады,
Күшпен тышқанды ұстай алмайсың».
«Кісі елінде хан болғанша,
Өз еліңде ұлтан бол».
«Құс қанатымен,
Ер атымен».
«Батыр соғыста,
Ер жанжалда».
«Адам аласы ішінде,
Жылқы аласы сыртында».
«Әдептің басы – тіл».
«Бес саусақ бірдей емес».
«Екі бура үйкенісер,
Ортасында сона жаншылар».
«Тау тауға қосылмас,
Адам адамға қосылар».
«Тесік інжу «моншақ) жерде қалмас».
«Құлан құдыққа түссе,
Құрбақа айғыр болар» – деген сияқты мақал-мәтелдер
күні бүгінге дейін түркі халықтарының көпшілігінде сақталып қалған,
немесе аздаған ғана өзгешеліктермен айтылып келеді.
Сонымен, он бірінші ғасырдағы түркі әлемінің энциклопедиясы
іспеттес «Диуани лұғат- ит-түрк» түркітанудың түркілік шыңыраудан
шығып жатқан түркілік танымының таусылмас тұнық тұмасына бас-
тайтын асыл арнасы, түркілік мәдениеттің мәңгілік ескерткіші болып
қала бермек.
251
ҚОРҚЫТ (ҚОРҚЫТ-АТА)
Достарыңызбен бөлісу: |