Дандай ысқАҚҰлы рухани толғамдар алматы «ДӘСТҮР» 2015



Pdf көрінісі
бет114/191
Дата06.01.2022
өлшемі3,03 Mb.
#11468
түріБағдарламасы
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   191
Байланысты:
0221a9b61916ef3923a2d2a516d24b60

(1773-1783)

М

ақтымқұлы Фраги 1773 (кей деректерде 1727) жылы Түркі-



менстан жеріндегі Атрек өзенінің бойына орналасқан Хад-

жи  –Гоушан  елді  мекенінде  өмірге  келген.  Әкесі  Дәулетмәмәд 

шығыстық үлгіде ғазалдар, «Бағзы-Азад» дастанын жазған белгілі 

ақын болған. Болашақ ақын өлеңдерін өзінің атымен, кейде Фраги 

әдеби  псевдониммен  жариялап  отырған.  Әдебиет  әлемінде  Мақ-

тымқұлы атымен танымал болды. 

Сауатын әкесінен, әкесі сабақ беретін ауыл мектебінде ашады. 

Арабша, парсыша жастайынан хат таныған Мақтымқұлы өз үйін-

дегі әкесі жинаған бай кітапханадағы шығыс шайырларының жау-

һар жырларынан барынша сусындайды. Жас кезінде қол өнеріне, 

ұсталыққа,  зергерлікке  құмартып,  кейіннен  біржола  әдебиеттің 

жолына түседі. 

1753  жылы  Бұхар  хандығындағы  Қызылаяқтағы  Ыдырыс-баба 

медресесінде  бір  жыл  оқиды.  1754  жылы  Бұхарадағы  Көкілташ 

медресесіне түсіп, онда да бір жылдай білім алады. Осында оқып 

жүргенде, Нұри-Қазым ибн Баһар атты Сириялық түркіменмен та-

нысып, достасады. Мақтымқұлы осы досымен бірге Өзбекстанды, 

Қазақстанды, Тәжікстанды аралайды; Ауғанстан арқылы солтүстік 

Индияға  шейін  шарлайды.  1757  жылы  сол  кездегі  айтулы  білім 

ордаларының бірі Хиуаға келіп, осындағы Ширғазы медресесіне 

оқуға түседі. Мұнда билеушінің ықыласы түскен отбасыларының 

балалары білім алатын. Мақтымқұлы осында медресе бітіреді. 

1760  жылы  Мақтымқұлының  әкесі  қайтыс  болып,  елге  орала-

ды. Осы кезден бастап ақын өмірінің қиын кездері басталады. Ол 

Меңді есімді қызға ғашық болып, үйленбекші болғанда, қолының 

қысқалығынан қалыңмалын төлей алмайды. Қыздың әкесі Меңдіні 

қалыңын төлеген ауқатты біреуге беріп жібереді. Осыдан қалған 

ғашықтық дерті ақынды өмір бойы мазалап, жүрегін жарып шық-

қан көптеген махаббат жырларының жазылуына өзек болады. 

«Шарап ішіп, шартарапты шарласам, 

Ет жүрегім тілім-тілім зарласам. 

Көгершіндей таудан тауға самғасам

Бәлкім, хабар алар ма екем, жар сенен!» –  деген сияқты жүрек 

түкпіріндегі  ғашықтық  құпияларын,  сағыныш  сырларын  жырға 

қосқан өлең жолдары осы кездерде өмірге келді. 



256

Ақынның  екі  үлкен  ағасы  Ахмед-шах  патшаға  қарсылық  қоз-

ғалысына қатысып, қолға түсіп қалады да соңынан екеуі де опат 

болады. Бұл оқиға да сезімтал ақын жүрегіне салмақ түсірмей қой-

майды: «ағаларым» деп, аңыраған аңсаулар жырға айналады. 

Мақтымқұлы үйленіп, шаңырақ құрады. Сары, Ыбырайым атты 

екі перзент сүйеді. Отбасының қызығы, әсіресе болашақ өмірінің 

жалғасы екі ұлының балалық қылықтары жан жарасын ұмыттыр-

ғандай да болған. Бірақ бұл ұзаққа бармады: екі баласы да, үлкені 

он екі, кішісі жеті жасында қайтыс болады. Өмірінің мәні де, сәні 

де болған балаларынан айрылу соққы үстіне соққы болып, ақынды 

ойсыратып кеткендей де болды. Бірақ та рухы күшті ақын жан жа-

расын жырларымен емдеп, өмірге тура қарап, ойлы өлеңдер жаза 

берді... 

1760  жылы  Мақтымқұлы  Қазақстанның  Маңғыстау  облысын, 

Астрахан, Әзербайжан, Таяу Шығыс елдерін аралайды. Көп жер-

лерді көріп, халықтың тыныс-тіршілігімен танысып, көргені мен 

білгенінің  арқасында  өмір  туралы  ойлары,  толғаныстары  терең-

деп, өміршең жырлардың тууына жолдар ашады. Өмірді сырттай 

қызықтап емес, қалың халықтың арасында жүріп, бар ауыртпалы-

ғын, қиыншылықтарын көзімен көріп, қолымен атқарған, мойны-

мен көтерген, сөйте жүріп, ой тербетіп, оны жырларына арқау ет-

кен Мақтымқұлы 1783 жылы бұл өмірмен қоштасып, пәни өмірге 

жол тартты. 

Түркімен халқының ұлы ақыны Мақтымқұлының артында қал-

ған мол мұрасы (көлемі он жеті мың жолдай) ең алдымен, халық-

тық сыпатымен ерекшеленеді. Оның ел-жұртының бүгінін, ертеңін 

ойлап,  жырлаған  жырлары  қалың  көпшіліктің  жүрек  түкпіріне 

дейін  жол  тауып,  бүкіл  жан-жүрегін  жаулап  алып,  бүгінгі  күнге 

дейін әрбір түркіменнің түрлі жағдайларда сыр бөлісер сырласы-

на  айналып  кеткен.  Көбіне  ауыздан  ауызға  жатталып,  ұрпақтан 

ұрпаққа берілген Мақтұмқұлының жыр жауһарлары тек түркімен 

аумағында  ғана  қалып  қоймай,  қойы  қоралас,  елі  аралас  жатқан 

түркі  тектес  елдерге  де  кеңінен  тараған;  анау-мынау  ақындарды 

мойындай  бермейтін  Шығыс  шайырларының  отаны  Иран,  одан 

қалды Тұран арқылы басқа елдерге де кең жайылып, әлемдік әде-

биеттің алтын қазынасына қосылған қымбат мұра ретінде сан ға-

сырлар бойы жасап келеді. 

Мақтымқұлының  өлеңдерінде  он  сегізінші  ғасырдағы  түркі-

мен халқының тұрмыс-тіршілігі, арман-аңсарлары, дүниетанымы 

шынайы  көрініс  тапқан.  Түркіменнің  ұлттық  тұрмыс-тіршілігін, 

ұлттық  болмысын,  болашағын  Мақтымқұлыдай  жырлаған,  Мақ-

тымқұлыдай  көркем  бейнелеп  бере  алған  ақын  бұл  елдің  арғы-

бергі тарихында болған емес. Сондықтан да түркімендер Шығыс-

тың  ұлы  ақындарының  бірі  Мақтымқұлын  ұлттың  рухани  әкесі, 



257

ұлттың ұлы ұстазы санайды. Ақынның өлеңдері түркімен халқы-

ның ұлттық энциклопедиясы, ұлттық идеологиясы іспеттес. 

Мақтымқұлы жырлары түркімен халқының ұлттық мүддесі тұр-

ғысынан  жырланып,  соған  қызмет  етіп  келе  жатуымен,  болаша-

ғын жарқыратып көрсете білуімен құнды. Сол себептен де «мен 

түркіменмін»  деген  әрбір  азаматтың  Мақтымқұлының  өлеңдерін 

оқып,  оның  өміршең  ойларын  бойына  сіңіріп  тәрбиеленуі  әрбір 

азаматтың  ұлт  алдындағы  азаматтық  парызы  болып  есептеледі. 

Бұл  түркімен  ұлтының  қоғамдық  дамуының,  түркімен  ұлтының 

өсіп-өркендеп, өркениет жолымен салтанат құруының басты шарт-

тарының бірі саналады. 

Негізінен  Шығыс  әдебиетіндегі  ғазал,  шағын  өлең  түрлерінде 

жазған  Мақтымқұлы  поэзиясының  тақырып аясы  өте  кең.  Оның 

жырларында  қоғамдық  өмірдің  көтерілмеген  өзекті  өңірлері 

жоқтың  қасы.  Адамның  қысқа  ғана  ғұмырында  жиі  кездесетін, 

тіршіліктің түпсіз тереңдерінен туындап отыратын күрделі мәсе-

лелерге батыл барып, жанды сауалдарын мәнді жауаптармен көр-

кемдеп отырады. Қоғам туралы терең ойлармен өрнектелген Мақ-

тымқұлының  поэзиясы  өмір  туралы,  адам  туралы,  адамгершілік 

туралы  философиялық  толғаныстарға  толы.  «Сол  себептен  де 

Мақтымқұлы  өлеңдерін  кең  мағынасында  адамгершілік  толғауы 

деп атаса жарасады» (Р. Бердібай). Ақынның 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   191




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет