Дандай ысқАҚҰлы рухани толғамдар алматы «ДӘСТҮР» 2015



Pdf көрінісі
бет112/191
Дата06.01.2022
өлшемі3,03 Mb.
#11468
түріБағдарламасы
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   191
Байланысты:
0221a9b61916ef3923a2d2a516d24b60

(8 ғасыр)

Т

арихта Қорқыт-ата есімімен аты қалған ойшыл, ақын, 



асқан күйші, түркі халықтарына кеңінен тараған аңыз 

кейіпкері Қорқыт 8 ғасырда қазіргі Қызылорда облысының 

Қармақшы ауданында өмірге келіп, ғұмыр кешкен. Туылған, 

өлген жылы белгісіз. Кей деректер бойынша 95, енді біреу-

лерінде 195 жыл жасаған. Қорқыттың зираты Сыр бойында 

күні бүгінге дейін сақталған.                                                                                            

Зерттеушілер  мен  шежіренің  анықтауынша,  Қорқыттың 

анасы  қыпшақ  та,  әкесі  оғыз  тайпасынан.  Қорқыттың    ел 

қамын  жеген    беделді  қоғам  қайраткері,    ойшыл  ретінде 

түркі  халықтарының  арасында аса  танымал  болуына,  тіпті 

аты аңызға айналып кетуіне оның өзінің жан-жақты дарын 

иесі болуымен бірге шыққан тегі мен  өскен ортасы да әсер 

еткен. Түркі әлемінің әр жерінде оны әулие, пайғамбардың 

досы, имам, бақсы, қызыр аруақ, батыр, өнер иесі, қобызшы, 

жыршы, жырау,  ақын, ақылгөй дана, көріпкел кемеңгер, ұлы 

ұстаз, ұлы гуманист ретінде ұғынып, өздерінің бабалары са-

найды.                                                                                                   

Қазақтар арасында Қорқыт халық қамын жеп, күңіренген 

ұлы  гуманист,  ұлы  музыкант,  ұлы  қобызшы  ретінде  аңыз 

болып,  кеңінен  тараған.  Халық  аңызында Қорқыт  жепмая-

сына мініп алып, өлімнен қашып, адам өлмейтін жер іздеп, 

дүниенің төрт бұрышын шарлайды. Бірақ ондай жерді таба 

алмайды; керісінше, қайда барса да қуарып, сарғайып бара 

жатқан сары даланы, мүжіле бастаған тауларды, көр қазып 

жатқан адамдарды кездестіреді. «Қайда барсаң, Қорқыттың 

көрі» деген  аңыз содан қалған дейді халық аңызы.                                                                                

Өлімнен  қашып,  құтылатын  жер  таппаған  Қорқыт  «өл-

мейтін  нәрсе  жоқ  екен»  деген  қорытындыға  келіп,  қалған 

өмірін  қобыз  тартумен  өткізеді.  Өлмеуді,  мәңгілік  өмірді 

аңсап,  өмір  жырын  қобызында  сайратады.  Соңында  Сыр-

дың  суының  бетіне  кілемін  жайып  жіберіп,  соның  үстінде 

отырып,  күндіз-түні  ұйықтамай,  қобызымен  күңірентіп,  

өмір күйін   тартады. Көзін ілмей, әбден шаршаған Қорқыт-



252

тың мүлгіп кеткен сәтінде аспаннан түскен қарақұрт шағып 

өлтіріпті. 

Ел аузындағы аңыздарға қарағанда, Қорқыт асқан күйші, 

композитор  болған.  Халық  арасында  «Қорқыттың  күйі», 

«Қорқыттың  сарыны»  деген  өмірдің  сырын  шертетін  күй-

лер сақталып қалған. Қазақ музыкасының тарихында Қор-

қыт қобыз өнерінің атасы саналады. Қойлыбай бақсы, Ны-

сан абыз, Мекеш бақсы, Найман бала секілді көптеген өнер 

иелері  Қорқытты  өздеріне  ұстаз  тұтқан.  Қорқыттың  күй 

сазы  тек  қазақ  халқында  ғана  емес,  туысқан  халықтардың 

көпшілігінде кездеседі. Сондықтан да ғасырлар түкпірінен 

философиялық сыр шертетін Қорқыттың музыкалық мұра-

сы – түркі тектес халықтарға ортақ асыл қазына.                                                  

Ұзақ  өмір  сүрген  Қорқыт  түркі  жұртының  үш  ханының 

тұсында уәзірлік қызмет атқарған. Кезінде қазіргі қазақ да-

ласының көп жерлері кірген ұлан-ғайыр өлкеде хандық құр-

ған Инал, Көл-Еркен, Қаңлықожа хандар Қорқыттың тікелей 

ықпалында  болған.  Епдің  тұтастығын,  ішкі  бірлігін  сақтау 

мақсатымен Қорқыт биліктің барынша әділ болуын, халық-

тық  мүдделерге  сай  келуін  қамтамасыз  ететін  әлеуметтік 

жораның (заңның) негізін қалап, оның жүзеге асуына ат са-

лысты. Онда ата-баба мекенін сыртқы жаудан әрбір адамның 

қасық қаны қалғанша қорғау, жер-су дауларын белгіленген 

тәртіп бойынша, адамдар арасындағы түрлі дау-жанжалдар-

ды ақылға сала отырып, барынша әділ шешу, кінәлі болған 

адамдарды  міндетті  түрде  жазалау  сияқты  мәселелерге  ба-

рынша көңіл бөліп, күнделікті тұрмыс-тіршілікте халықтық 

дәстүрлерді ұстану, соған сай өмір сүру басшылыққа алын-

ған.                                                                         

Ел  аузында  Қорқыт  айтты  деген,  кейіннен  мақал-мәтел-

ге  айналып  кеткен  сөздер  жиі  кездеседі:  «Ескі  мамық  бөз 

болмас, кәрі дұшпан дос болмас», «Өлген кісі тірілмес, өт-

кен қайтып келмес», «Шөлді жердің отын киік білер, сулы 

жердің қадірін құлан білер, ұзақ жолдың сырын түйе білер, 

шытырманды тау қойнауын түлкі білер».                                                  

Сонымен  Қорқыт  –  сегізінші  ғасырда  өмір  сүрген,  түркі 

тектес  халықтарға  кеңінен  танымал  асқан  өнер  иесі,  зама-

нының озық ойлы ақсақалы, ақылгөй данасы, демек, тарихи 

тұлға. Десек те Қорқыт есімінің аңызға айналып кеткен тұс-

тары басым. Кей тұстарда аңызы қайсы, шыны қайсы екенін 

ажыратудың  өзі қиын  соғатын  тұстары да баршылық. Аты 

аңызға айналып кеткен Қорқыттың әдеби бейнесі «Қорқыт-

ата кітабынан» анық көрінеді.                                                   




253

«Қорқыт  ата  кітабы»  түркі  тектес  халықтардың  арасына 

кең тараған аңыздар негізінде Х1 ғасыр шамасында жазыл-

ған. Кітап негізінен Қорқыттың өміріне, тарихи оқиғаларға 

қатысты  деректер  негізінде  жазылғанымен,  халықтың  ар-

ман-аңсарынан бастау алған әдеби қиялға, көркемдік амал-

дарға  да көбірек орын берілген.    

«Қорқыт ата кітабында» әрқайсысы аяқталған жеке дүние 

саналатын 12 жыр біріктіріліп, тұтас бір эпопеялық желіні 

құрайды. Онда түркі халықтары өмірінің он ғасырдай тари-

хы қамтылып, тұтас бір дәуірдің көркем бейнесі жасалады. 

Оқиғалар  бір  кездерде  түркі  халытары  өмір  сүрген  Орта 

Азияда,  Иранда,  Кавказда,  Дешт  қыпшақ  даласында  өтеді. 

Түркі халықтарының басынан он ғасырдай уақыт ішінде өт-

кен  елеулі оқиғаларды қамтып, тарихи өмірінің энциклопе-

диясы іспеттес «Қорқыт ата кітабының» әр тарауы маңызды 

бір оқиғаларға арналып, жекелік сыпат танытады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   191




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет