Дандай ысқАҚҰлы рухани толғамдар алматы «ДӘСТҮР» 2015



Pdf көрінісі
бет115/191
Дата06.01.2022
өлшемі3,03 Mb.
#11468
түріБағдарламасы
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   191
«Биік таулар, бойшаңмын деп, шіренбе, 

Бір күн құлап, сен де типыл боларсың. 

Терең теңіз, тәкәппарсып түнерме, 

Суың кепсе, сен де бір шөл боларсың. 

Лұқмандай тапсаң, дерттің дауасын, 

Рүстемдей жыртсаң ,жаудың жағасын, 

Ескендірдей алсаң, дүние қаласын, 

Сонда  да  бір  жермен-жексен  боларсың»  –  деген  жолдардың 

поэтикалық қуаты, айтар ойлары тереңде жатыр;  кімді де болса 

мынау  қызылды-жасылды  өмірдің  қым-қуыт  бұралаң  шиырлары 

ойландырып, тәубеге қарай бастары анық. 

Ұлы шайыр шығармаларының өн бойына өріліп, көтеріліп оты-

ратын негізгі тақырып – адам қандай жолдармен жетіле түседі; қо-

ғам қайтсе жақсарады. Сопылық жолды ұстанған ақын бұл өмірдің 

жалғандығын, пәнилігін әрдәйім ескертіп, таза, адал тіршілік жа-

сауға үндейді. Өмірдің өзгермелілігін, мәңгілік ештеңенің жоқты-

ғын ескертіп, таза жүріп, адал тіршілік жасауға шақырады. Қысқа 

ғана ғұмырда жамандық пен жауыздықтан жиреніп, жақсылық пен 

адамгершіліктің жолымен жүріп, ғұмыр кешу, пайдалы іспен айна-

лысып, білім-ғылым іздеу, артына жақсы із қалдыру адам баласы 

өмірінің мәні мен сәні деп біледі. Бұл жолда ақылыңа сүйен, қай-

ратыңа сен, болдым деп аспа, толдым деп таспа, айналаңдағы жар-



258

лы-жақыбайларға көмектес, жақсылық жаса, мейірімді бол, сонда 

ғана сен бақыттысың деген ойлар – Мақтымқұлы поэзиясының өн 

бойында өрілген негізгі сарын (лейтмотив). Елді бірлікке, Отанды 

сүюге, адал еңбекпен күн көруге, біреудің ала жібін аттамай, әді-

летсіздік атаулыға қарсы күреске шақыру ақын поэзиясының ұлт-

тық, жалпыадамзаттық сыпатын арттыра түскен. 

Мақтымқұлының әдебиетке келуіне, ақын болып қалыптасуына 

осы кезде дүрілдеп тұрған парсы поэзиясының тікелей әсері бол-

ды. Десек те Мақтымқұлы әдебиеттегі өз жолымен кетті. Әлішер 

Науаи  сияқты  Мақтымқұлы  да  түркі  тілі  поэзия  тілі  болуға  жа-

рамсыз деген сол кезде қалыптасқан біржақты пікірді жоққа шыға-

рып, өлеңдерін тек қана түркімен тілінде жазды. Жазғанда да ауыз 

әдебиетіндегі ұлттық демократиялық сарындарды бүкіл адамзат-

тық  құндылықтармен  ұштастыра  отырып,  түркі  тілінің  өлең  өл-

шемімен (абаб, вввб, гггб ұйқасы үлгісіндегі төрт жолдан тұратын 

қара өлең шумағы), қарапайым халыққа түсінікті тілмен жырлады. 

Ақын поэзиясы кемел көркемдігімен, ой тереңдігімен, халықтық 

сыпатымен ғана емес, түркі тілінде әлемдік әдебиеттің алтын қа-

зынасына құйылған жыр жауһарларын жазуымен де құнды. 

Мақтымқұлының  шығармашылығы  өзінен  кейінгі  түркі  тілдес 

әдебиеттерге әсер етті. Мысалы, ұлы Абайдың өлеңдерінен клас-

сикалық  Шығыс  әдебиетімен  қатар,  түркімен  шайырының  жыр-

лары арасындағы үндестіктер мен ұқсастықтар байқалады. Мақ-

тымқұлы  жырларымен  қазақ  оқырмандары  ақын  Ғали  Орманов 

пен Дүйсенбек Қанатбаевтың аудармалары арқылы таныс. 

Түркімен әдебиетінің классигі Мақтымқұлы жайында Берді Кер-

бабаев  «Мақтымқұлы»  трагедиясын,  Петр  Карягин  «Мақтымқұ-

лы»  романын  жазған.  Түркіменстанда  жыл  сайын  18  мамырда 

Мақтымқұлы поэзиясының күні бірлік пен ынтымақ, қайта өрлеу 

мейрамы ретінде аталып өтеді. Бұл күн жалпыхалықтық демалыс 

күні болып жарияланған. Түркіменстанның Мемлекеттік универ-

ситеті, Ұлттық Ғылым Академиясының Тіл және әдебиет инсти-

туты, Ұлттық сазды-драма театры, опера және балет театры, т. б. 

Мақтымқұлының  құрметіне  оның  есімімен  аталған.  Түркіменс-

танда, басқа да елдерде ұлы ақынның атына жер, су, көше, мекеме 

аттары берілген. 1992 жылдан түркімен тілі мен әдебиеті саласын-

дағы үздік зерттеулер үшін берілетін халықаралық сыйлық белгі-

ленген. 



259

МАМЕДКУЛИЗАДЕ ЖӘЛЕЛ 

ЗЕЙНАЛАДИН ОҒЛЫ  

           

                                                                                         



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   191




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет