Дандай ысқАҚҰлы рухани толғамдар алматы «ДӘСТҮР» 2015



Pdf көрінісі
бет117/191
Дата06.01.2022
өлшемі3,03 Mb.
#11468
түріБағдарламасы
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   191
(1657-1711)  

        


Т

үркілік әдебиеттің аса көрнекті өкілдерінің бірі лирик ойшыл 

ақын Бабарахым Машрабтың қай жылы, қай жерде туылғанды-

ғы жайлы түрліше жазылып жүр.  Көпшілігінде 1657 жылы Наман-

ғанда  дүниеге  келгендігі  айтылады.  Тағы  бір  деректерде  ақын  1640 

жылы Андижанда туылған десе, енді біреулер Андиған деген ауылда 

өмірге келіп, кейіннен Машрабтың отбасы Наманғанға көшіп келген 

дейді. Соңғы кездерде өзбек әдебиетінің тарихын зерттеушілер ақын-

ның  1653  жылы  туылғандығын  айғақтайтын  деректер  тапқандығын 

жариялады. 

Бабарахымның әкесі Уәли баба іс тігумен айналысқан қарапайым 

еңбеккер  болғанымен  де  сауатты,  көзі  ашық  адам  болады.  Отбасын 

асырау қиындығына қарамастан, Уәли баба балаларын оқытады. Сауа-

тын  әкесінен  ашқан  болашақ  ақын  Наманғандағы  медресеге  түсіп, 

онда  атақты  дінтанушы  Молда  Базар  Ахуннан  дәріс  алады.  Базар 

Ахун жас шәкіртінің бойынан білім-ғылымға деген ерекше бір қабі-

летті, құлшынысты көріп, оны Қашқардағы атақты ищан Аппақ қожа-

дан дәріс алуға жібереді. 23-24 жастағы болашақ үлкен ақын Аппақ 

қожаға  мүрид  болып,  жеті  жыл  дін  негіздерін  оқиды.  Бірақ  та  діни 

оқудың қатал тәртібіне шыдамай, еркіндікті аңсаған  жас ақын мен ұс-

тазының арасында түсінісбеушіліктер көбейе түсіп, бұл кикілжіңдер  

идеялық алшақтықтарға алып барады. Мұның аяғы ашық араздыққа 

ұласып, Машрабтың кетуімен тынады. Ақынның Қашқардан қуылуы-

на оның Аппақ қожаның қарамағындағы бір қызметкер қызға ғашық 

болып қалуы себепкер болады. 

1672 жылы Қашқардан біржола кеткен ақынның өмірінде жаңа ке-

зең  басталады.  Осы кезден бастап, оның бүкіл саналы өмірі – қырық 

жылдай уақыты  ел аралаумен өтеді. Ол Орта Азияны, Таяу Шығысты 

түгелдей аралап шығып, Индияда болады.

Ол кезде исламдық тәртіптің қатып қалған қатал тәртібіне, көпте-

ген шектеулеріне көнгісі келмей, ел кезіп кеткен дәруіштер, ақындар, 

ғалымдар, өнер адамдары көп-тұғын. Бұлардың көпшілігі ресми ис-

ламдық идеологиямен келісе бермейтін, оның ішіндегі сопылық ба-

ғытты қолдаушылар болатын. Екінші жағынан, бұл олардың халық-

тың тұрмыс-тіршілігімен жақынырақ танысып, мұң-мұқтажын сезіну 

үшін, елдің сөзін сөйлеп, адал қызмет ету үшін керекті өмір мектебі 

болатын.  Машраб  та  сол  кездегі  осындай  жағдайға  байланысты  бір 

жерде тұрақтай алмай, дәруіш ақын атанды. 

Ол ірі мәдениет орталықтары болған Ходжент, Ташкент, Самарқан, 

Бұхара қалаларында болып, өздігінен білімін жетілдіре түседі. Бұха-




263

рада атақты дін қайраткері Накшбанди орденінің негізін қалаушы  Ба-

хауддин Накшбандимен танысады. 

Бұл кез – ислам дінінің барынша дәуірлеп тұрған кезі болатын. Б. 

Машраб та сол заманға лайықты исламдық білімді алды. Бірақ та қатал 

тәртіпті талап ететін исламдық жүйе мен Бабарақымның бойындағы 

еркіндікті  қалайтын  ақындық  қасиеттер  бір-бірімен  үйлесе  бермеді. 

Оның үстіне діннің айналасында жүрген кейбір дүмшелердің иманды-

лықпен сиыспайтын пендешілік әрекеттерін де әділдікті аңсаған ақын 

жүрегі  қабылдай  бермеді.  Нәтижесінде  кейбір  дін  қызметкерлерінің 

екі жүзді бейнесі жыр жолдарына түсіп, аяусыз әшкереленді. Дін ба-

сында отырған кейбір діншілдердің сөзі басқа, ісі басқа болуы ақын-

ның ислам дінінің өмірден алшақ жатқан кейбір қатал қағидаларына 

күмән келтіруіне әкеліп соқтырды. Осындай жағдайлар Машрабтың 

өлеңдерінде о дүниеден гөрі бұл  дүниенің қызығын, жұмақтан гөрі 

қиын да болса, бүгінгі тіршіліктің бір күнінің өзі артықтығын жыр-

лаушылық орын алды. 

Әрине, мұның барлығы сол кездегі ислам жолын  ұстанған билік-

тегілер  мен  дінбасындағыларға    ұнамады;  тіпті  Машрабтан  ислам 

дінінің қас жауын көрді. Мұндай жағдайларға жол беруге болмайтын 

еді; 1711 жылы мұсылмандық діни жоғары ұйымның шешімімен Аш-

тарханидтер әулетінің Балхы қаласында Құндыздың  (Ауғанстан) би-

леушісі Махмуд Қатаған оны дарға асты. Кейбір деректер оның өлген 

жері Құндыз қаласы дейді. Ақынның моласы Ауғанстандағы Ханабад 

қаласының оңтүстігінде жатқан Ишкашале елді мекенінде жатыр. 

Өмірі осылайша қиындықтармен өтіп, трагедиямен аяқталған ақын-

ның арты жаман болған жоқ.  Белгісіз автор негізінен ақынның өлең-

дерін, ол туралы аңыздарды арқау еткен «Ессіз Машраб туралы» по-

весть жазған. Аты аңызға айналып кеткен шайырдың артында қалған 

мұрасы кейінгі ұрпаққа осы кітап арқылы жетті. Соған қарамастан, 

ақын өмірінің әлі де ашылмаған ақтаңдақтары көп. 

Халықтың мұңын жырлап өткен ақынды бүгінгі ұрпақтары аса зор 

құрмет тұтады. 1992 жылдың 23 мамырында туған өлкесі Наманғанда 

оған музей ашылды; еңсесі биік ескерткіш қойылды. Қаладағы орта-

лық  көшелердің  біріне,  паркке  және  кинотеатрға  Бабарахым  Маш-

рабтың аты берілген. Осы облыстың Үйші ауданындағы №11 мектеп 

ақынның атымен аталады. Жыл сайын Наманған қаласында «Машраб 

оқулары» өтіп тұрады. Ташкенттің «Ильхом» театры режиссер Марк 

Вайлдың «Машрабтың самғауы» пьесасын сахнаға шығарды. Кеңес 

өкіметі жылдарында «Машраб» атты әдеби, қоғамдық-саяси, сатира-

лық көркем иллюстрациялы журнал шығып тұрды. Мұнда өзбек қоға-

мында орын алған кейбір кертартпа құбылыстар, кемшіліктер аяусыз 

сынға алынып отырды. 

Жастайынан өлеңге құмар болып өскен Бабарахым ауыз әдебиетін, 

Шығыс поэзиясын, Лұтфидің, Науайының, Хафиздың өлеңдерін сүйіп 

оқиды;  оқи  отырып  олардан  көп  үйренді.  Бұлар  оның  өлең  жазып,  

ақындық жолға түсуіне тікелей ықпал етеді.  Машрабтың поэзиясын-



264

дағы халықтық сарын оның атын ерте шығарып, он бес жасында-ақ 

елге танымал бола бастайды. Оның ақындық мұрасы ол өлгеннен соң, 

аса жоғары бағаланып, түркі әлемінің әдебиет алыптарымен қатар ата-

латын болды. Әдеби дәстүрі өзінен кейінгі поэзияға айтарлықтай әсер 

етіп, зайырлық бағыттың дами түсуіне айтарлықтай үлес болып қо-

сылды. Нәзік лиризмге бөленген ғазал, мурабба, мұстазад, мұхаммас 

жанрларында шынайы өмірден алып  жазған аса көркемдігімен ерек-

шеленетін  өлеңдері  қалың  көпшілікке  түсінікті  қарапайымдылығы-

мен,  шырылдаған  шыншылдығымен,  алға  үндеген  өміршеңдігімен 

ерекшеленеді.  Өмірге  деген  құлшынысқа,  бұлқынысқа  толы  өлең-

дерін жүрегінің әмірімен жазған Бабарахым Машраб шын мәніндегі 

халық ақыны болды. 

Б.  Машраб  өлеңді    түркі,  парсы  тілдерінде  қатар  жазған.  Оның 

«Диуани Машраб» аталған жинағы ел арасына кеңінен тараған. Ақын-

ның өлеңдерінде кейбір билік басындағылардың,  діннің тонын жамы-

лып жүрген түрлі пысықайлардың халықты қалай арбап, қанын тірідей 

сорып жатқандары аяусыз әшкереленеді. Бір-бірімен ауыз жаласып, 

халықты аяусыз қанап жатқандарды сынаған өлеңдерінің әлеуметтік 

мазмұны – терең. Қызды-қыздымен кей тұстарда исламның кейбір қа-

тал қағидалары хақында да сындар айтып жібереді. Оның өлеңдерінен 

ақынның  бір  ғана  жаратушыны  мойындап,  соған  ғана  ұмтылатыны, 

шынайы  махаббатпен  жырлайтыны  байқалады.  «Бір  алладан  басқа-

ның  барлығы  –  қателік»  деп  білген  ақын  алланың  атын  жамылып, 

жеке басының қамы үшін не бір құйтырқы істерге  барып жүргендерді 

барынша сынайды. 

Ақынның өлеңдерінде  «жүректері зорлықтан жараланған», «еңсесі 

қайғы мен азаптан езілген» қарапайым халықтың аянышты халы жыр-

ланып, оларды осындай күйге түсірген әділетсіздіктер мен тирандар-

ды  аяусыз  сынайды.  Сондықтан  да  халық  оны  өзінің  сырласындай, 

жанашырындай көріп, өзінің ақыны санап кеткен. 

Б. Машрабтың өмірінің көпшілігі туған жерінен жырақта, оқумен, 

ел  аралаумен  өтті.  Ақындық  азаптың  салдарынан  Отанынан  алыста 

өмір сүруге мәжбүр болған ақын жүрегінің туған елін аңсауы заңды 

еді. Оның шығармашылығының негізгі өзегін құрайтын ғазалдардың, 

мұхаммастар мен төрттағандардың басты тақырыбы туған жер болды. 

Бабарахымның кей өлеңдеріне ән шығарып, халық арасына жайылып 

кетті. Мысалы, «Сағым» атты туған жерге деген сағынышты жыр ет-

кен  өлеңі Орталық Азия мен Шығыс Түркістанда кеңінен тарап, ха-

лық әніндей айтылып жүрді. 

Түркілік әдебиеттің тарихында нәзік сыр шертіп, халықтың жырын 

жырлаған сопылық әдебиеттің аса көрнекті өкілдерінің бірі  Бабара-

хым Машрабтың поэзиясы ғасырлар бойы халқының жүрегін тербеп,  

ойын қозғап келсе, келер ұрпақтарға да рухани азық бола бермек.

                          

                                                                                                             




265

ӘЛІШЕР НАУАЙЫ





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   191




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет