(1866-1932)
Ж
әлел Зейналадин оғлы Мәмедкулизаде (әдеби лақап
аты – Мырза Жәлел) 1866 жылы Нахичеванда туылған.
Жеті жасында діни мектепке барып, сауатын ашқан соң, үш жыл
орыс-татар мектебінде оқиды. 1882 жылы Горидегі Закавказье
мұғалімдер семинариясына түседі. Осында Нариман Нариманов,
Сүлеймен Сани Ахундов, Узеир Гаджибеков, Фиридун бек Кочар-
ли, Мүсілім Магомаев сынды әзербайжан мәдениетінің көрнекті
қайраткерлерімен бірге оқып, аралас-құралас болады. Семинария-
да араб, парсы, орыс тілдерін үйреніп, соның арқасында Шығыс,
Батыс әдебиеттерінен мол сусындайды. Оқу бітірген соң он жыл-
дай ауыл мектебінде бала оқытады.
1898 жылы Эриванға көшіп келіп, аудармамен және адвокаттық
іспен айналыса бастайды. Осы кезде оның тырнақалды көркем
туындысы «Данабаш аулындағы оқиғалар» жазылады. 1903 жыл-
дан Тифлисте шығып тұратын «Шарги Рус» газетінде жұмыс іс-
тей бастайды. 1905 жылы «Шарги-Рус» жабылып қалады да соның
баспаханасының базасында Омар Фаиг Неманзадемен бірлесіп,
«Молла Насреддин» (07.04.1906-07.01.1931) журналын шығара
бастайды. Әзербайжан баспасөзінің мақтанышына айналған бұл
журнал көптеген қиындықтарға, аздаған үзілістерге қарамастан
жиырма бес жылдай Тифлисте (1906-1917), Тебризде (1921-1922),
Бакуде (1922-1931) шығып тұрды. Журналдың әрі құрылтайшысы,
әрі редакторы болған Мамедкулизаденің ұзақ жылдар бойы сіңір-
ген қажырлы қажырлы еңбегінің арқасында «Молла Насреддин»
ұлттық баспасөздің жарқын беттерін жазды; әзербайжан халқы-
ның ұлттық сана-сезімінің дамуына тарихи еңбек сіңірді. Бұрқ-
сарқ қайнаған өмірде Кавказдағы қоғамдық ой-пікірдің тайқаза-
нына айналған журналдың маңына Мырза Алекпер Сабыр, Әли
Назми, Әлиғұлы Гамкюсар, Әбдірағым бек Ахвердов, Молла Саид
Ордубади секілді сол дәуірдің прогресшіл бағыттағы озық ойлы
қоғам қайраткерлері топтасты. Журналдың ұстанған саяси бағыты
коммунистер билеген кеңестік идеологиямен сәйкес келе бермеді
де 1931 жылы жабылып тынды. Ал оның шығарушысы атақты
жазушыны, ең бастысы ұлтын сүйген азамат, халықтың болаша-
ғы үшін қалам ұшымен қайтпай күрескен қоғам қайраткерін ұмыт
қалдыруға тырысты. Қоғамдық өмірде саяси, материалдық қы-
сымға ұшыраған жазушының денсаулығы сыр беріп, 1932 жылдың
4-ші қаңтарында қайтыс болды.
260
Ж. Мамедкулизаде әзербайжан әдебиетіндегі реалистік проза-
ның, оның ішінде әңгіме жанрының қас шебері саналады. Оның
әңгімелері көлем жағынан шағын болғанымен де онда бейнеле-
нетін өмірдің, көтерілетін проблемалардың ауқымы қомақты ке-
леді. Кейбір әңгімелері бірнеше беттен тұратын өте қысқалығына
қарамастан, онда қарапайым ауыл өмірі, оның табанында қалған
«кішкентай адамдардың» адам шошырлық тағдыры, проблема-
лары сол шынайы күйінде мөлдіреп көз алдыңа тұра қалады. Бұл
әлемде ұмыт қалғандай ауыл өмірінде әдеттегі оқиғалардай небір
қылмыстардың жасалып жатқандығын көркем сөз құдіретімен
бейнелеп, көрсетеді.
Жазушының «Пошта жәшігі», «Құрбанәлі-бек», «Ұста Зейнал»,
«Елтірі», «Ирандағы бостандық» секілді әңгімелері әзербайжан
прозасының іңжу-маржандарынан саналады. «Екі шаруа», «Қа-
сапшы», «Бәлкім, қайтарар», «Менің анамның кітабы», «Есі ауыс-
қандар жиыны» әңгімелерінде әзербайжан өмірінің түрлі жақтары
шынайы көрініс береді. Қысқа да нұсқа жазылған бұл әңгімелері
арқылы қаламгер қара сөздің шын майталманы ретінде танылды.
Ауылдағы «кішкентай адамдар» тақырыбы оның бүкіл шығарма-
ларының орталық өзегін құрайды.
«Азырақ алғысөзден» және «Есектің жоғалуы», аяқталмаған
«Данабаш (Бұзаубас. Д. Ы.) аулының мектебі» повестер циклі тұ-
ратын «Данабаш аулындағы оқиғаларды» (1894) жазушы Неграм
аулында бала оқытып жүрген кезінде жазған. Мұндағы «Данабаш
аулының мектебі» аяқталмай қалған. Жалпы Жәлел осындай ор-
тақ тақырыппен Х1Х ғасырдағы әзербайжан аулының өмірін су-
реттейтін повестер мен әңгімелер шоғырын жазуды ойластырған.
Бірақ та бұл ойын жүзеге асыруға қазандай қайнап жатқан өмірдің
қым-қиғаш тіршілігі мойын бұрғызбай өз ағынымен алып кеткен
сияқты.
«Есектің жоғалуы» повесінде Данабаш аулының қарапайым қо-
ңыр тіршілігі суреттеледі. Бір қарағанда, тып-тыныш көрінгенімен
де таныса келе бір кішкене ғана ауылдың өзін есінен тандырып
жатқан қаншама проблема андыздап алдыңнан шығады. Жазушы
бір ғана адамға байланысты тағдыры тәлкекке айналған осы ауыл-
дың екі адамының өміріне үңіледі.
Повестегі орталық кейіпкер Құдияр-бек – ауыл әкімі. Ол қа-
лай әкім болған десек, ері өлген оның шешесі үлкен бір бастыққа
екінші рет күйеуге шығады. Сайланатындығына қарамастан, көп
ұзамай-ақ Құдияр-бек ауылдың әкімі болып шыға келеді. Сол сол-
ақ екен әкім болмақ түгілі, өз қарақан басын әрең алып жүрген
Құдияр-бек ат ойнатып шыға келеді. Заң, адамгершілік атаулының
бәрі жайына қалып, аяққа тапталып, жұрт әкімнің айтқанымен жү-
ретін болады. Бір өзі билеп-төстеп, «жарты патшаға» айналған Құ-
дияр-бек қарапайым халықтың төбесіне әңгіртаяқ орнатып, ауылда
261
озбыр биліктің, түрлі арам жолдармен келген байлықтың арқасын-
да ойына келгенін істейді.
Осы ауылдың қарапайым бір кедейі Мәмедғасан өмір бойы та-
мағынан жырып, тірнектеп жүріп жинаған ақшасына бір есек са-
тып алады. Ондағы ойы – өмір бойы армандаған мұсылманның қа-
сиетті жерлерін есегімен аралап, зиярат ету. Ол бұл арманына жете
алмайды. Мәмедғасанның есегін ауыл әкімі Құдияр-бек алдымен,
уақытынша деп, ала тұрып, соңынан оны қалаға апарып сатып
жібереді. Ол ақшаны қазыға беріп, өзінің қайтыс болған жан до-
сының әйелі Зейнабты көнбегеніне қарамастан, сыртынан некесін
қидырып, әйелдікке алады. Зейнабтың қолында мұрагері ретінде
қалған күйеуінің бар дүние-мүлкіне ие болу, оның үш баласын құл
қылып, жұмсау үшін ол осындай амалдарға барады. Құдияр-бек
сияқтылардың ел билеуі қаншама адамдардың тағдырын сынды-
рып, бақытты өмір сүрудің орнына қайғы-қасірет әкеп жатқанын
алыс ауылдың өмірінен ойып алып, көркем бейнелей алған.
«Данабаш аулындағы оқиғалар» – сатиралық шығарма. Ауылдың
Бұзаубас аталуының өзі оқырманды мырс еткізеді. Құдияр-бектің
бейнесі ащы сарказмге толы болса, Мәмедғасанның қасиетті жер-
лерді есекпен аралап шығуды ниет етуі юморлық нышанда көрін-
ген. Қорғансыз әйел Зейнабтың Құдиярбекке қосылғысы келме-
гендегі, сыртынан «қосып» жібергеннен соңғы іс-әрекеттерінде де
юморлық сыпат бар.
Әзербайжан драматургиясының ең үздік үлгілерінің қатарында-
ғы «Өліктерде» (1903) бір қалада «өлген адамды тірілте алатын»
Шейх Насрулланың атағы жер жарады. Қаланың тұрғындары бұ-
ған құлай сеніп, қайтыс болып кеткен жақындарын тірілтпекке
әрекет жасап жатқанда, бұған бір-ақ адам сенбейді. Ол – маскүнем
Ескендір. Оқиға шейхтың халық алдында масқара болып, қаладан
қашып кетуімен аяқталады. Алданып қалған халық көшеге шыға-
ды. Сонда маскүнем Ескендір көптің алдына шығып, «Мен өзімнің
ешкім де емес екендігімді білемін. Әзірше ешкім емеспін. Ал сен-
дер кімсіңдер? Менің атым – маскүнем Ескендір. Сендер қандай
атқа лайықсыңдар? Өліксіңдер!»-дейді. Бұл сөздердің астарында
терең философиялық ойлар жатыр. Жазушы өмірде дұрыс ойлап,
дұрыс жүргендігі үшін адамдарды маскүнемге айналдырып жібер-
ген қоғамға қарсы шығады.
Ж. Мәмедкулизаде – әзербайжан әдебиетін, оның ішінде про-
задағы әңгіме жанрын, драматургияны түркілік, әлемдік деңгейге
көтерген, адам баласының бақытты өмір сүруі үшін ұлттық баспа-
сөздің бетінде қайраткерлік танытып, тек ұлттық қана емес, бүкіл
адамзаттық ұлы идеяларды көтере білген түркі әлемінің аса көр-
некті қаламгерлерінің бірі.
262
МАШРАБ БАБАРАХЫМ
Достарыңызбен бөлісу: |