Дандай ысқАҚҰлы рухани толғамдар алматы «ДӘСТҮР» 2015


– Ұлттық әдебиетті жаңғыртып жүрген жазушылардан кімді



Pdf көрінісі
бет174/191
Дата06.01.2022
өлшемі3,03 Mb.
#11468
түріБағдарламасы
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   191
Байланысты:
0221a9b61916ef3923a2d2a516d24b60

– Ұлттық әдебиетті жаңғыртып жүрген жазушылардан кімді 

атаған болар едіңіз? 

–  Әркімнің  өзінің  айналысатын  тақырыбы  бар.  Менің  кәсібім 

–  әдебиет  тану,  әдебиетті  зерттеу.  Оның  ішінде  әдебиет  теория-

сы. Соңғы кездерде түркі әлемі әдебиетін зерттеумен айналысып 

кеттім де, қазақ әдебиетінің жаңа туындыларын оқуға уақытжетісе 

бермейді. Бірақ қазіргі көркем әдебиетпен айналысып жүрген жақ-

сы жазушыларымыз жеткілікті. Батыстың мықты деп жүрген жазу-

шыларының кейбір шығармаларын оқысаң, көңілің тола бермейді. 

Оған  қарағанда,  біздің  ақын-жазушыларымыздың  шығармалары 

жақсы.  Соның  ішінде  ұлттық  нақышы  бар  шығармаларғакөбірек 

іш  тартамын.  Мәселен,  Тынымбай  Нұрмағанбетов,  Дулат  Исабе-

ков,  Қабдеш  Жұмаділовтің  шығармалары.  Қ.Жұмаділов  –  қазіргі 

замандағы қазақ әдебиетінің хас шебері. Ал орта буын жас жазу-

шылардан Нұрғали Оразды ерекше атаған болар едім. Өмірдің өзін 

мөлдіретіп, ұлттық бояуымен кестелегенде, шығармаларының дәмі 

таңдайда қалады.

Қайбір жазушылардың шығармаларын оқысаң, тіптен түсіне де 

алмайсың. Өнер халыққа арналуы керек, халық түсінетіндей болуы 

керек. Осы тұрғыдан келгенде, абстракт сөйлеп кететін жас ақын-

дарды да кездестіреміз. Ұлтттық бағыттағы ақындардан ең алды-

мен, Темірқан Медетбекті атар едім. Бұл тізімді соза беруге бола-

ды. Соңғы кездерде Елгезек Ақберен деген жас ақынның өлеңдері 

назар аударып жүр. Бұларда ұлтық идея мен ұлттық бояу бар. Бәрін 

айт та бірін айт, біздің қаламгерлердің көбінде ұлттық тамырға қан 

жіберу  жағы  жетісіңкірей  бермейді.  Ұлттық  топырақтан  нәрлен-

бейінше, әдебиеттің болашағы жоқ. 

                     



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   191




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет