Дандай ысқАҚҰлы рухани толғамдар алматы «ДӘСТҮР» 2015


Әңгімелескен  Әлімжан ӘШІМҰЛЫ



Pdf көрінісі
бет175/191
Дата06.01.2022
өлшемі3,03 Mb.
#11468
түріБағдарламасы
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   191
Байланысты:
0221a9b61916ef3923a2d2a516d24b60

        Әңгімелескен  Әлімжан ӘШІМҰЛЫ.  

 «Қазақ елі», 21.03.2013ж.


388

«ӘДЕБИЕТІМІЗ ҰЛТ МҮДДЕСІНІҢ 

ӨЗЕГІ БОЛҒАНДА ҒАНА 

ӨРКЕНДЕЙДІ»



 Дандай Ысқақұлы, әңгімемізді қазақ әдебиетінің бүгінгі жай-

күйінен бастасақ...

   ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ҚАЗІР ТОҒЫЗ ЖОЛДЫҢ 

ТОРАБЫНДА ТҰР 

– Өкінішке орай, бүгінде материалдық құндылықтар рухани құн-

дылықтардан жоғары тұратын болды. Мұның салдары өз кезегін-

де қазақ әдебиетіне де салқынын тигізіп жатқан жайы бар. Бүгінгі 

күні ең бірінші кезекте ұлттық идеологияға жете мән берілуі керек 

болатын болса, ал демократиялық қоғамда өмір сүріп жатқан біздің 

елімізде билік орындары бұл мәселеге келгенде, үнемі дұрыс көз-

қарас танытпай отыр. Көпұлтты мемлекет екендігімізді алға тарта-

тын бүгінгі билік ұлттық идеологияға басымдық берілетін болса, 

мұның  ақыры  ұлтшылдыққа,  басқа  ұлттардың  хұқықтары  аяққа 

тапталуы, сөйтіп ұлтаралық қақтығыстарға, фашизмге апарып соқ-

тыруы мүмкін деген күдікке бой алдыратын сияқты.

Бүгінгі қазақ әдебиетін Батыстан келген  постмодернизм деген 

жаңа  бір  ағым  елеңдетіп,  назарын  өзіне  аударып    тұр.  Постмо-

дернизм  адамға  көркемдік,  эстетикалық  ләззат  бағыштап,  адам-

гершілік  тәрбие  бере  алмайды.  Әдебиеттің  дамуы  барысында 

қалыптасқан көркемдік заңдылықтарын мойындай бермейді. Шы-

ғармасын  жаман  деп  сынасаң  да  мойындамайды.  Өмірді  осылай 

көрдім,  осылай  жаздым,  менің  пікірім  осы  дейді.  Кейіпкері  жоқ 

емес, бар. Бірақ кейіпкерінің бейнесі ашылмаған. Алатауды алыс-

тан  көргенде,  басқаша  да,  ішіне  барсаң,  тіпті  өзгеше  ғой.  Оның 

үстіне әр адам әр түрлі сезінеді, ақын басқаша, ал жазушы тағы 

басқаша дегендей. Міне, мен өмірді осылайша көремін дейді пост-

модерншіл. Оған не дейсің сонда. Бұл – ұлттық құндылықтарды 

жоққа шығарудың бірден бір рухани құралы.

Бұрындары көркем әдебиетте басшылыққа алынып келген ұлтқа 

қызмет ету, әдеби дәстүр, ұлттық рухани құндылықтарды сақтау, 

адамдарды адамгершілікке тәрбиелеу, ұлт болашағына қызмет ету 

деген сияқты ұлы идеалардың барлығы қазір күмәнмен қарайды. 

Осының  бәрі  әдебиеттің  дамуына  өзіндік  ықпалын  тигізуде.  Ба-




389

тыстық жаһандану ұлттық тәуелсіздігімізге, рухани тұрғыдан да, 

материалдық жағынан да, қауіп төндіріп тұрғаны тағы бар. Осын-

дай  аумалы-төкпелі  заманда  қазіргі  қазақ  әдебиеті  нені  жазарын 

білмей, аңырап қалғандай. Өйткені қазақ әдебиеті 21 ғасырда ұлт-

тық бағытта дами ма, жоқ әлде, батыстық үлгіні таңдайды ма, бұл 

жағы әлі нақтыланбаған. Сол себепті де қазақ әдебиеті қазір тоғыз 

жолдың торабында тұрғандай. 20 ғасырдың басында социалистік 

реализм енді келе бастаған тұста Мағжан Жұмабаев: «Қазақ әде-

биеті қазір тоғыз жолдың торабында тұр. Артымызда бір ғана жол, 

алдымызда  тоғыз  тарау  жол.  Дегенмен,  біз  ұлттық  жолмен  жү-

руіміз керек» деген болатын. Қазақ әдебиеті де дәл осындай күйді 

бастан кешіріп отыр. 

Қазақ  әдебиеті  қазір  тоқтап  қалған  жоқ.  Тек  ойланумен,  толға-

нумен  қоғамдық  өмірде  болып  жатқан  түрлі  үдерістерді  санадан 

өткізіп, саралау, сараптау, шығармашылық толғаныс  үстінде сияқты.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   191




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет