– Шиып қара, шиып қара
Құлан-жылан бұлан тай,
Мартай-мартай,
Тері тоқым мартұрғай, қай тұрғай,
Түрлен, қара бұлтым,
Мен де сенің ұлтың,
Дара шөр!
Дара шөр!
(сонда, 173 бет)
Арбау өлеңдерінде жыланға байланысты айтылатын мышы, кө-
бер, мары, маркары, саркары, қат; қарақұртқа байланысты айты-
латын мекрі, әзкер, музкер, ғұлабұз, ден т.б. сияқты теңеулер де
– осындай реттегі түсініксіз сөздер. Бұлар бір кездерде мағыналы
сөз ретінде тілімізде қолданылып, бүгінгі күндері қолданылудан
шығып қалған сөздер болуы да мүмкін.
Алғашқы дәуір адамдары өздерінің көңіл күйлерін басқаларға
білдіру үшін, тап соған ұқсас табиғат құбылыстарын параллель
етіп айтатын болған. Табиғат құбылыстарының сырын ұға алма-
ған ертедегі қоғам адамдары табиғатты да, жан-жануарларды да
адамша ойлайды, қуанады, қайғырады деп ұғынған. Поэзиядағы
психологиялық параллелизмнің о баста пайда болуы осындай көз-
қарастармен байланысты еді.
Психологиялық параллелизмді түрлі салтқа байланысты айты-
латын өлеңдерде шебер пайдаланып отырған. Оның тамаша үлгі-
лерінің бірі ретінде қызы өлгенде шешесі жоқтап айтқан өлеңді
келтірейік:
–Ақ ешкі келе жатыр ылағына,
Сүт берген ақ үрпінен шырағына.
Қосылып кел екеуміз зарланайық
Алланың жетер ме екен құлағына!
Тапқаны ақ ешкінің егіз ылақ,
Біреуі ылағының салпаң құлақ.
Ақ ешкі көкке қарап зарлай берме,
Табарсың есен болсаң, тағы да ылақ.
104
Ақ ешкі сен де мұңды, мен де мұңды,
Жаратты алла неге біздей сұмды?
Ақ ешкі көкке қарап көде жейсің,
Құдайым берер ме екен бізге тұяқ?
Доскенің баурында жалғыз тамды,
Бар құдай аямаған жалғызды алды.
Келгенде елу беске сұмырай Бәтен,
Айрылып жалғызынан аңырап қалды
(сонда, 149 бет)
Мал бағып күн көрген ел онымен мұңдаса да білген. Жалғыз
қызынан айрылған ана ылағынан айрылып зарлаған ақ ешкіні де
өзіндей көріп, мұңдасады. Ақ ешкіні адамша санап, оған жұбату
айтады: «Табарсың есен болсаң тағы да ылақ» – дейді. Елу беске
келген өзінің жалғыз қызынан айрылып, ауыр күйге душар болға-
нын ақ ешкіге аңырап айтады. Бір жағынан мал баққан елдің ер-
тедегі түсінік-сезімін бұл өлең айқын көрсетсе, екінші жағынан,
жалғызын жоқтаған ананың ішкі жан-дүниесін бейнелеуде егіздеу
тәсілі өте сәтті қолданылған.
Жанамалап айтылған нәрсе айтушының ойына, көңіл-күйіне
ыңғайлас болса ғана параллелизм болады. Кейбір салт өлеңдерін-
де ойға қатыссыз нәрселердің айтылуы да кездесіп қалады. Мұн-
дай реттерде олар тек қана өлең ұйқасы үшін ғана пайдаланылып
отырған. Мұндай жағдайлар бақсы сарыны сияқты өлеңдерде жиі
кездеседі.
Жалпы салт өлеңдерін көркемдік-әдеби тұрғыдан қарастырған-
да, мына өлең ең жақсысы, анаусы нашары деп бағалау салт өлең-
деріне келмейді. Жоғарыда айтып кеткеніміздей, біз оларды сол
шыққан кезімен байланыста, сол дәуірдің ойымен, көзімен, талға-
мымен тарихшылдық тұрғыдан қарап барып, баға беруіміз керек.
Онсыз бір жақтылыққа ұрынған болар едік. Шартты түрде болса
да, біздіңше, көркемдігі жағынан ең күштілері – қоштасу мен жоқ-
тау өлеңдері де, әлсіздері – жарапазан, бәдік өлеңдері.
Салт өлеңдерінің көркемдік қасиеттері, ерекшеліктері арнайы
сөз етуге тұрарлық. Бұл туралы қазақ әдебиеттану ғылымында
салихалы сөз қозғаған еңбектер жеткіліксіз. Халқымыздың зама-
налар бойына әсемдікке, сұлулыққа деген талғамынан шыққан
көркем туындылардың үлкен бір бөлегі салт өлеңдерінде жатыр.
Оларды зерттеп, жақсыларын екшеп алып, бүгінгі қажетімізге
кеңінен пайдаланылса, рухани байлығымыздың қадір-қасиеті онан
әрі арта түсер еді.
Халыққа түсінікті қарапайым тілмен-ақ бұрынғы өткен халық
ақындары небір тамаша өлеңдер туғызған. Доспамбет ақынның
«Күңіреніп, күн астында жортқанмын» деген сияқты өрнектерін-
де қаншама құдіреттілік, бейнелілік жатыр. Мұндай мысалдарды
салт өлеңдерінен де көптеп келтіруге болады, біразын жоғарыда
келтіріп те кеттік. Қазіргі кейбір ақындарымыз осындай алтын сөз-
дердің асыл қазынасын ескере бермейтін сияқты. Нағыз халықтық
105
көркем туындылар жасау үшін өткенге көңіл аудару – аса қажетті
шарттардың бірі.
Қазақ әдебиетінде жете зерттелінбеген, өз шешімін таппай тың
жатқан мәселелер әлі де баршылық. Осындай мәселелердің бірі –
салт өлеңдеріндегі дәстүр мен жаңашылдық туралы.
Қазақ фольклорын зерттеген ғалымдар көптеген бағалы еңбек-
тер жазды. Салт өлеңдері әдебиет зерттеушілерінің көңілін өзіне
айрықша аударып, еңбектерінен молынан орын алды. Бұл ретте
Х.Досмұхамедовтің, М.Әуезовтің, М.Ғабдуллиннің, Б.Кенжебаев-
тың, Р.Бердібайдың, С.Қасқабасовтың, т.б. еңбектерін ерекше атап
өткен жөн. Көптеген бағалы деректер С.Сейфуллиннің «Қазақ әде-
биет» атты еңбегінде бар.
Қазақ халқының ауыз әдебиеті ертеден-ақ орыс ғалымдардың на-
зарын өзіне аударып, олар қазақ ауыз әдебиеті туралы небір бағалы
пікірлер айтқан. Орыс ғалымы А.Алекторов «Пәк, таза қазақ поэ-
зиясы халықтың үлкен творчестволық күшінің жемісі» деп жазды.
Академик В.Радлов «Қазақ поэзиясы дамудың жоғары сатысына
жеткен» деп бағалады.
Қазақ әдебиеті жайлы сөз еткенде, кешегі салт өлеңдерінен бас-
талып бүгінгі дүниежүзілік оқушы қауымға белгілі болып отыр-
ған ұзақ-ұзақ эпопеяларға дейінгі әдебиетіміздің қалыптасу, даму
жолдары көз алдымызға келеді. Әрине, бұл процестер қалай болса
солай болып жатпайды, белгілі бір бағыттармен, заңдылықтармен
дамиды. Бұл заңдылықтар алдымен, әдебиеттегі дәстүр мен жаңа-
шылдық мәселелеріне байланысты. Ал, дәстүр мен жаңашылдық-
тың ұласу, даму сырларын аша түсу әдебиетіміздің өзіндік ерек-
шеліктерін, табиғатын тереңірек түсінуге көмектесетіндігі сөзсіз.
Қоғам бар жерде әдет-ғұрыптардың да міндетті түрде болуымен
байланысты салт өлеңдері бүгінгі күндері де кеңінен айтылып ке-
леді. Салт өлеңдерінің бұрынғысы мен қазіргі түрлерінің белгілі
бір ұқасатықтары мен ерекшеліктері бар. Бұл – ең алдымен, дәстүр
мен жаңашылдық мәселелеріне байланысты. Салт өлеңдерін осы
тұрғыдан қарастырғанда, салт өлеңдерінің табиғи ерекшеліктері-
не, оның түрлі әдет-ғұрыптармен тығыз байланыста болатынды-
ғына, салт өлеңдерінің қазір кездесетін түрлеріне, кейбіреулерінің
қолданылудан шығып қалу себептеріне, салт өлеңдеріндегі дәстүр
мен жаңашылдық мәселелеріне, олардың даму ерекшеліктеріне,
қазіргі салт өлеңдеріндегі форма мен мазмұндағы өзгерістерге;
салт өлеңдерінің қазіргі әдебиетіміздегі жай-күйіне, алдағы уа-
қытта олардың даму, көркемдік, шеберлік мәселелеріне назар ау-
дардық.
Қазіргі кезде салтқа байланысты өлеңдердің өмірдің қатал сын-
дарынан өткен түрлері пайдаланылуда. Мұндай өлеңдерге жаңа за-
ман жаңаша өң берген. Үйлену тойына байланысты өлеңдерді алып
қарастырсақ, беташар, жар-жар, тойбастар сияқты өлеңдердің
мазмұны түгелге жуық өзгеріп кеткен. Оларда жаңа заманға лайық
106
идеалдар кеңінен жырланады. Сыңсу өлеңдері қазір айтылмайды.
Басты себеп: бұл өлеңнің айтылуы үшін қоғамдық қажеттілік жоқ.
Осы сөздерді бақсы сарыны, бәдік, жарапазан, арбау-жалбарыну
өлеңдері т.б. сияқты өлең түрлері жайлы айтуға болады.
Қоштасу, жоқтау өлеңдері батырлар жырындағы негізгі желіні
құрайды. Қазақ ақындағы өз шығармаларында қоштасу, жоқтау-
ларды кеңінен пайдаланады. С.Мұқановтың «Сұлушаш» поэма-
сындағы басты геройдың бірі Алтайдың өлер алдындағы қошта-
суы – мұндай өлең түрлерінің тамаша үлгілерінің бірі. Қазір қоштасу,
жоқтау өлеңдері сирек болса да баспасөз беттерінде көрініп қалып
жүр. Жұбатудың жазба әдебиетіндегі ең жақсы үлгісін («Жұбату»)
С.Сейфуллин жасады
Достарыңызбен бөлісу: |