Дандай ысқАҚҰлы рухани толғамдар алматы «ДӘСТҮР» 2015



Pdf көрінісі
бет59/191
Дата06.01.2022
өлшемі3,03 Mb.
#11468
түріБағдарламасы
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   191
(сонда, 174-175 беттер).

 Ары қарайғы ойын: «Айтматов 

– қазір әлемге аян жазушы. Оның еңбектерін қай халық та қуана қар-

сы  алады.  Бірақ,  жазушы  шығармасы  алдымен  өз  халқына  жақын. 

Өйткені, ол халықтың ішінен шыққан төл туындысы, бойдағы бары, 

абыройы. Қырғызбен бірге Шыңғысқа қазақ та ортақ десем асырып 

айтқан  болмаспын.  Өйткені,  ағайынды  екі  ұлттың  тірлігі,  тағдыры, 

тұрмыс-салты ортақ, рухани болмысы, ендігі егіз. Шыңғыс кейіпкер-

лерінің ұлттық сипатын қазақ, қырғыз деп бөлу қиын» 

(сонда, 176-бет) 

деп сабақтап, Ш. Айтматовты екі ел әдебиетіне ортақ жазушы деген 

пікірмен түйіндейді. 

Т.Ахтановтың осыдан отыз жыл бұрын айтқан осы бір ойын өмірдің 

өзі  дәлелдеп  отыр.  Жақсының  жаттығы  жоқ.  Ш.Айтматовты  да  қа-

зақ халқы өз перзентіндей көріп, құрметтейді. Өйткені, Шыңғыстың 

шығармаларында  мынау  қырғыздікі,  мынау  қазақтікі  дейтіндей,  бө-

ле-жаратын ештеңе жоқ, екеуі бірігіп, біртұтас адамзаттыққа ұласып 

кеткен. Жазушы туындыларының көпшілігінде оқиғалар далада, яғни 

қазақтың даласында өтеді, қырғыз жерінде болғанымен де оларда су-

реттелетін әлеуметтік орта, кейіпкерлердің ішкі жан-дүниесі жарқы-

рай көрінген адамдық болмысы, арман-мұраттары, бәрі-бәрі қазақтың 

тұрмыс-тіршілігіндей көрініс тауып жатады. 

Ш.  Айтматов  бақилыққа  аттанарының  сәл-ақ  алдында  Қазақстан-

да болып, онжылдығын атап өтіп жатқан Астананың құлпыра түскен 

келбетіне шын сүйсінген еді; Елбасының қабылдауында болып, бола-

шақ жоспарлары жайлы ұзақ әңгімелескен еді; қазақ қаламгерлерімен 

қаумаласа  көрісіп,  шығармашылық  ойлар  бөліскен  еді.  Алда  бірге 

атқарар талай-талай жоспарлар межеленген-ді. Жазмыш тағдыр олар-

дың жүзеге асуын жазбапты. Осыдан отыз жыл бұрын жазушы елуге 

толғанда қазақтың жастар газеті 

(«Лениншіл жас», 12.12.1978) 

«Адам-


заттың Айтматовы» атаған, одан кейінгі дәуірде бүкіл түркі әлемінің 

әдебиет  айдынындағы  жарық  жұлдызына,  Шығыстың  Шыңғысына, 

заманымыздың заңғар жазушысына айналған Шыңғыс Айтматов сек-

сен жылдығына алты-ақ ай жетпей, жарқ етіп бұл өмірмен қош айтыс-

қанда, суық хабар қазақ елін де теңселтіп кетті. Қазақ елін ғана емес, 



135

«Азияның  айдынды  төрі  мен  Алатаудың  айбынды  мұзарт  шыңдары 

дір еткендей болды» (Н.Оразалин).

Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Назарбаев:  «Барлық 

туысқан қырғыз халқына әлем әдебиетінің патриархы, қырғыз халқы-

ның бас ұлы, Қазақстанның үлкен досы, бүкіл түркі әлемінің мақта-

нышы Шыңғыс Төреқұлұлы Айтматовтың кенеттен қайтыс болуына 

байланысты терең сезіммен көңіл айтамын.

Аса дарынды жазушы планетарлық деңгейде ойлай білді, сол үшін 

ол  «Адамзаттың  Айтматовы»  атанды.  Әлемнің  көптеген  елінің  оқу-

шылары сөз зергерінің әрбір жаңа шығармасын үлкен тағатсыздықпен 

күтуші еді, оның шығармаларынан үлкен рухани нәр мен өнегелік ба-

ғыт алатын.

Кенеттен келген ажал біздің ортамыздан ұлы тұлғаны алып кетті. 

Аса зор дарын, мызғымас бедел иесі жүрегінің соңғы дүрсіліне дейін 

адамдардың, гуманизм мұраттары мен адамсүйгіштіктің игілігі үшін 

еңбек еттік»

 («Жалын», 2008, №7, 2-бет)

 – деген көңілайтуын жолдады.

Ш.Айтматовтың  қазасын  бүкіл  түркі  жұрты,  әдеби  әлем  аза  тұт-

ты. ЮНЕСКО-ның Бас директоры Коитиро Мақуура «ХХ ғасырдың 

белгілі әдебиет классигі өмірден өтті» деп жазды. Ресей Федерациясы-

ның Президенті Дмитрий Медведев «ХХ ғасырдың аса көрнекті жазу-

шысы, тамаша тағдыр мен зор творчестволық қуат иесі өмірден озды. 

Ізгіліктің,  әділеттілік  пен  гуманизмнің  мұраттарын  қалыптастырған 

Шыңғыс Айтматовтың шығармалары сан түрлі ел мен ұрпақтың жү-

регіне төте жол тапты. Оның өте бай әдеби мұрасы бүкіл әлемнің шын 

мәніндегі рухани байлығына айналды. Шыңғыс Айтматов енді біздің 

арамызда жоқ, бірақ қалған уақыттың бәріне оның дана сөзі қалады 

және осы ұлы жазушы жайлы мазмұнды әрі жарқын сана сақталады» 

деген пікірін білдірді.

Ұлы  жазушы  өмірден  аттанарда  көптеген  мемлекет  және  қоғам 

қайраткерлері көңіл айтты. Олардың қатарында КСРО-ның бұрынғы 

Президенті  М.Горбачев  («Ол  менің  үлкен  досым  еді»),  Украинаның 

Президенті В.Ющенко («Заманымыздың атақты тұлғасы, адам жаны-

ның нағыз білгірі Шыңғыс Айтматовтың жарқын бейнесі мен орасан 

зор дарыны оның замандастарының жадында сақталады әрі болашақ 

ұрпақ үшін жарқын үлгі ретінде қызмет етеді»), Әзірбайжан Респуб-

ликасының Президенті Ильхам Әлиев («Шыңғыс Айтматовтың бүкіл 

өмірі мен қызметі, қайталанбас шығармашылығының өнбойы жоғары 

азаматтық,  рухтық  өнегелікпен  өрнектелген»),  Тәжікстанның  Пре-

зиденті Эмомали Рахманов («Әлем әдебиеті ауыр және орны толмас 

шығынға душар болды»), Өзбекстанның Президенті Ислам Кәрімов 

(«Шындықты көркем бейнелермен айшықтайтын, біздің сезімдеріміз 

бен уайымдарымызға дара ой салатын Шыңғыс Айтматов өз шығар-

маларымен әлем әдебиетінің қазынасына үлкен үлес қосты»), Татарс-

танның Президенті Мінтемір Шәймиев («Шыңғыс Айтматов – бүкіл 

әлем  мойындаған  сөз  зергері,  нағыз  гуманист.  Мен  үшін  Шыңғыс 

Төреқұлұлы  ұлы  жазушы  әрі  беделді  қоғам  қайраткері  ретінде  ғана 




136

емес, дана, нағыз дос әрі бауыр боп қалады. Ол әрбір шығармасында 

әділеттілікке деген сенімді бекітіп, адам бақыты үшін күресуге қабі-

летті жанқияр кейіпкерлерді дүниеге әкелді») бар, олар Ш.Айтматов-

ты әлемдік әдебиеттегі аса ірі суреткер, ұлы гуманист, биік тұлға деп 

бағалады.

Қайғылы хабарды есіте салысымен-ақ Қазақстанның зиялы қауымы 

түгелге жуық ұлы жазушыны соңғы сапарға шығарып салу үшін Біш-

кекке жетті. Қаралы жиында қазақ елінің ресми делегациясын бастап 

барған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қанат Сау-

дабаевқа алғашқылардың қатарында сөз берілді. Ол «Торқалы тойда 

қуанып бас қосатын, төс қағыстырып табысатын қырғыз-қазақ бүгін 

топырақты  өлімде  бас  қосып,  бір-бірімізге  салауат  айтып  тұрмыз. 

«Қырғыз-қазақ бір туған» деп, бабаларымыз жырлаған жырдың егіз 

жолындай, бір адамның екі қолындай бауырлас қырғыз халқының иы-

ғына түскен бүгінгі ауыр да азалы жүкті бірге көтеруге келіп тұрмыз. 

Ортақ  қайғыға  ортақ  көңілімізді  танытқалы  келіп  тұрмыз.  Шыңғыс 

Төреқұлұлы қырғыздың ғана емес, қазақтың да мәдени-рухани әлемін 

жаңа, заңғар биікке көтерген, халықтарымыздың салт-дәстүрін әлемге 

танытуда ортақ перзенттік парыз атқарған аса көрнекті тұлға еді. Ұлы 

Әуезовтің назарына жастай ілігіп, қасиетті сөздің қастерлі байрағын 

көтерген, екі халыққа егіз ұл болып, салтанаты мен мархабатын қатар 

көтерген жан еді. Сөз өнерінің саңлағы, қызыл тілдің ардағы, мәде-

ниетіміздің тарланы еді. Біз әлем әдебиетінің алыбы, шоң қаламгер, 

гуманист,  талантты  туындылары  төрткүл  дүниенің  төрт  бұрышына 

тегіс жеткен Шыңғыс ағаны мақтан етуші едік» – деп, ұлы жазушы 

туралы бүкіл қазақтың ортақ ой-пікірін жеткізді.

Ш.Айтматовпен ұзақ жылдар бойы ағалы-інілі болып, шығармашы-

лық достықта жүрген қазақтың ақиық ақыны Мұхтар Шаханов сол бір 

азалы жиында тебіреніп, теңселе тұрып, жүрекжарды пікірін жыр ғып 

төкті. Онда мынадай жолдар бар:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   191




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет