Дандай ысқАҚҰлы рухани толғамдар алматы «ДӘСТҮР» 2015



Pdf көрінісі
бет60/191
Дата06.01.2022
өлшемі3,03 Mb.
#11468
түріБағдарламасы
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   191
«Сені өлді деп, кім айтады Шыңғыс аға, Шоң аға, 

Әр шығармаң қайталанбас жеке, ұлы мұнара. 

Жетінші рух түйсігінің жотасынан жағар от,

Сендей дос жоқ мен сорлыға, сенен жақын аға жоқ.

Көз жұмуың ұлғайтқанмен жүрегімнің жарасын, 

Тынбай жалғай бересің сен ел мен елдің арасын.

Иә, екінші Манассың сен, Манаспен тең данасың,

Күнде рухпен, сөзбен емдеп, мәңгүрттердің санасын

Және ана-табиғатпен тауып мәңгі жарасым, 

Енді Алатаудан да зор Шыңғыс-тау боп қаласың!»

(«Жалын», 2008, №7, 13-бет).

Ш.Айтматовтың  қазасына  байланысты  қазақ  баспасөзі  түгелдей 

дерлік материалдар берді. Бас газет «Егемен Қазақстан» (13.06.2008) 

«Адамзат Айтматовынан айрылды» деген тақырыппен тұтас бір бетін 

арнады. Онда қазіргі қазақ әдебиетінің ақсақалдары мен қарасақалда-

ры Шыңғыс жайлы ыстық лебіздерін білдіріпті. Ш.Айтматов шығар-




137

маларын қазақ тіліне негізгі аударушылардың бірі Шерхан Мұртаза: 

«Шын дүниеде Шыңғыс енді Манас бабасымен табысқан шығар. Бұл 

Шыңғыс енді бұдан шамада 900 жыл бұрын жасаған Шыңғыспен де 

табысқан шығар. Ол жарты әлемді қылышпен жаулап алса, бұл Шың-

ғыс  бүкіл  әлемді  қаламмен  баурап  алды.  Рухтары  мәңгі  сөнбейтін 

алыптар екі дүниеде де жарқырайды» – деп, тебіренді.

Олжас Сүлейменов: «Қазақ табиғаты, далалықтар бейнесі Әуезов-

тен кейін барынша планеталық тұрғыда Айтматовтың романдарында 

көрінді... Шыңғыс Айтматов феномені туралы әлі көп айтылатын бо-

лады. Өзін Еуразияда мыңжылдықтар тоғысында танылуы кездейсоқ 

болмаған осынау тұлға қандай екенін оның бүкіл болмысын ой елегі-

нен өткізіп, түсіну үшін уақыт қажет» – деп жазды.

Ш.Айтматов алғашқы әңгімелерінің біріне пікір айтқан Әбіш Кекіл-

баев:  «...Шыңғыс  Айтматов  барда  арқамыз  жарға  сүйеулі  еді  ғой. 

Алайда,  өзі  ортамыздан  кетсе  де  әлемдік  әдебиет  кеңістігінде  Ала-

тау баурайында тігілген тойлы ауылдай қақырайып, Айтматов әлемі 

қаз-қалпында  тұр.  Сағынсақ,  соны  аралап,  мауқымызды  басамыз. 

Дағдарсақ, кітабын ашып, ақ пейіл ұстазбен ақылдасамыз. Қан базар-

дай қымқуыт біздің заманымызда адамзатқа, бір-біріне тонның ішкі 

бауындай жақын біздің халықтарға Айтматовтай данагөй берген тағ-

дыр мен тарихқа тәубе дейік!» – деп, мазасызданған жүректерді са-

бырға шақырады.

Жазушылар Төлен Әбдіков пен Әлібек Асқаров: «Өкінбейтін жал-

ғыз  нәрсе  –  Шыңғыс  Айтматов  шығармаларының  бізден  кейін  де 

талай-талай  ұрпақтың  жанына  ізгілік  шуағын  төгіп,  тазалық  пен 

мейірімділіктің,  елге,  өнерге  деген,  адам  баласына  деген  сүйіс-

пеншіліктің өмірден өшіп кетпеуіне қорған болып, адамзатпен бірге 

жасайтындығы» – деп, тәубе етті.

Шыңғыстың  ұзақ  жылдар  қасында  жүрген,  рухани  інісі  Мұхтар 

Шаханов Айтматов шығармаларында көркемдікпен көтерілген адам-

зат алдында тұрған ауқымды проблемаларды, оның ішінде мәңгүрт-

тену мәселесінің барынша шынайы көрініс тапқандығын айта келіп, 

«Қырғыз топырағындағы Манастан кейінгі ұлы тұлға Шыңғыс Айт-

матовтың  сан  миллион  тілектестерінің  рухын  тасытып,  бірен-саран 

қызғаншақтардың мінезін жасытатын дара ғұмыры – екінші ғұмыры 

басталды» – деп толғанды.

Академик  Рымғали  Нұрғали  «Сонда  біз  Айтматов  арқылы  күллі 

түркі  жұрты  үшін,  бүкіл  мұсылман  әлемі  үшін  мақтанатынбыз», 

С.Абдрахманов: «Адамзат Айтматовынан айырылғанда ет жүректі әр 

адам қалай аһ ұрмасын, көкірегін күрсін қалай кернемесін?!» – деп, 

тебіренді.

Шыңғыстың тағы бір рухани інісі Нұрлан Оразалин «Иә... Шыңғыс 

Айтматов  есімі –  бір  ұлттың,  бір  халықтың,  бір  аймақтың,  бір  құр-

лықтың  үрдіс-үлгісін  танытар  ұғымдармен  шектелмей,  ғасырмен, 

ғасырлармен безбенделер,  жалпыхалықтық, жалпытүркілік, жалпыа-




138

дамзаттық өлшеммен бағаланар мәңгілік биігіне көтерілген ұғым» – 

деп, адамзаттың Айтматовы рухы алдында басын иді.

«Қазақ әдебиеті» газетінің 2008 жылғы 13 маусым күні №24 саны-

ның  бірінші  беті  «Түркі  дүниесінің  тау  тұлғасы  құлады»  деген  та-

қырыппен ашылған. Онда «Қазақтың игі жақсылары» «Шықаң» деп 

әспеттеп,  қасиеттеген  Шыңғыс  Айтматов  дүниеден  озғанын  естіген 

мезетте ет бауыр жақыныңнан айрылғандай бөлекше күйді басымыз-

дан өткергеніміз рас... «Өкпеге қиса да өлімге қимайтын» азаматынан 

қазақ қауымы да айрылып отырған жайы бар, ендеше» деген жолдар 

бар. Ақын Ш.Сариев:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   191




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет