Дандай ысқАҚҰлы рухани толғамдар алматы «ДӘСТҮР» 2015



Pdf көрінісі
бет62/191
Дата06.01.2022
өлшемі3,03 Mb.
#11468
түріБағдарламасы
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   191
(Әбіш 

Кекілбаев. Таңдамалы. 1 том, А., 1989, 224-225 беттер).

Ал Ш.Айтматовтың мәңгүрттікті суреттейтін «Боранды бекет» ро-

манының оқиғасы да қазақ даласы Сарыөзекте өтеді. Әбіштегі оқиға 

нақтылы бір кезеңде, яғни қазақ-түркімен жаугершілігі кезінде сурет-

телсе,  Шыңғыста  нақтылы  емес;  Ана-бейіт  туралы  «атадан  қалған 

аңыз бойынша» баяндалған: «Жуан-жуандар ондай құрбан құлдардың 

басына кепеш кигізіп, айуан азаппен ақыл-есінен айырады екен. Әдет-

те мұндай азапқа қолға түскен жас жауынгерлер ұшырайтын. Ең әуелі 

олардың шашын бір қылпық қалдырмай тақырлап тұрып ұстарамен 

қырып алады. Шашын алып бола берген тұста жуан-жуанның жалаң-




140

даған қасапшылары таяу жерде ең сыйдаң-саяқ түйені сойып тастай-

ды. Түйенің терісін сыпырып жатып, ең қалың деген төстік көнтерісін 

бөлек кесіп алады. Сол көнді кесіп-кесіп, әлі жып-жылы буы бұрқы-

раған қалпында тұтқынның жап-жаңа алынған тақыр басына қаптай 

қойған кезде осы өзіміздің қазіргі қаманда суға жүзгіштердің басына 

киіп алатын резинка шәпке сияқты, сып-сығыр желімдей жабыса қа-

лады. Басқа көн қаптау деген осы екен. Мұндай сықпатқа ұшыраған 

пенде не өліп кетеді, не бұл азапқа шыдай алмай, ақылынан адасып, 

өткен-кеткенін мүлде ұмытып, өмір бақи мәңгүрт құлға айналады. Бір 

түйенің  төс  терісінен  бес-алты  кепеш  шығады  екен.  Басына  кепеш 

қапталған сорлының мойнына ағаш мойынтұрық кигізіп қояды. Он-

дағы амал: тұтқын басын жерге жеткізе алмауы керек. Осы бір кейіпте 

әлгі тұтқынды жуан-жуандар аяқ қолын тырыстырып байлап, шақши-

ған күннің астына, ассыз-сусыз, айдалаға апарып тастайды. Өйткені, 

әлгі тұтқын жаны қысылғанда құлындай шырқырап, өлердегі даусы 

шығып, жуан-жуандар аулының тынышын алады. Бұл тозақ бірнеше 

тәулікке созылатын болған...

Айдалада азап кепеш кигендердің Сарыөзек аптабынан тірі қалған-

дары аз болыпты. Әлгі мәңгүрттердің бесеу-алтауынан тек бір-екеуі 

ғана тірі қалатын көрінеді. Өлгендері аштықтан да емес, тіпті суса-

мыр шөлден де емес, күнге кеуіп тырысқан көн терінің басты шығыр-

шықтай қысқан жан шыдатпас талқысына шыдай алмай өледі екен. 

Тақыр шекедегі шикі көн шыжыған күннің ыстығымен құрысып, ты-

рысқан кезде тұтқын-құлдың басына темір құрсау салып бұрағандай 

сықырлата сығады. Күн екінші тәулікке айналғанда-ақ азапкердің та-

қыр басына шаш шыға бастайды. Азиялықтың тікендей қайсар шашы 

кей-кейде көн теріні тесіп кіріп кетеді екен де, көбінесе шығарға тесік 

таппай, кері қарай иіліп барып, бастың өзін бұрғылай бастайды. Он-

дайды құдай дұшпаныңа салмай-ақ қойсын. Сол азаптың ақыры ақыл-

естің айнуына ұласады...

Мәңгүрт  өзінің  кім  екенін,  ел-жұрты,  руының  кім  екенін,  өз  аты-

ның кім екенін білмес. Балалық шағы, әке-шешесі де мүлде есте қал-

мас. Бір сөзбен айтқанда, мәңгүрт өзінің адам екенін аңғармас. Өзінің 

кім  екенін  білмейтін,  сезбейтін  мәңгүрттердің  шаруашылық  тұрғы-

дан  келгенде  толып  жатқан  артықшылығы  болған.  Ол  да  бір,  тілсіз 

мақұлық мал да бір, сондықтан ол қауіпсіз де, иесіне шексіз бағынған 

құлақкесті құл. Қашып құтылып кету деген ұғым оның ойына мүл-

де келмес. Қай құлды алмаңыз, ішінде нағыз бүлікбас бұғып жатады. 

Мәңгүрттің басқа құлдардан өзгешелігі сол – онда ешқашан бүлік шы-

ғару, бағынбау деген сезім оянбас. Ондай пиғылдан ол ада. Сондықтан 

да оны қадағалап, қарауылдаудың қажеті жоқ, жаман пиғылы бар-ау 

деп сезіктенудің де реті жоқ. Мәңгүрт те ит сияқты, иесіне ғана пейіл. 

Басқа ешкіммен ол сұхбаттаспас. Бар ойлағаны қу қарынның қамы – 

қарны тоқ болса болды. Ал енді тапсырылған іске жан-тәнімен кірісіп, 

пәруана беріліп, мүлтіксіз орындайды...» 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   191




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет