Дандай ысқАҚҰлы рухани толғамдар алматы «ДӘСТҮР» 2015



Pdf көрінісі
бет61/191
Дата06.01.2022
өлшемі3,03 Mb.
#11468
түріБағдарламасы
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   191
«Жанды өртеніп жүрегің жанғанынша,

Қақтың қанат қанатың талғанынша.

Сен өлмейсің, уа, Шыңғыс, сен тірісің,

Жар бетінде бір қырғыз қалғанынша,

Жер бетінде бір қазақ қалғанынша» – деген жыр жолдарын төкті.

Академик  Т.Кәкішұлы:  «Шыңғыс  –  әлемдік  құбылыс.  Ол  жалғыз 

қырғыз халқының перзенті емес. Әлем халқының азаматы, оның ішін-

де қазақтың да ұланы... Менің елімнің, халқымның рухани дүниесін 

жарқыратып көрсеткен Шыңғысты өзіміздің классигіміз, ұлымыз деп 

тануға бармын. Солай қадірлеймін, солай құрметтеймін» – деп жазды.

«Әдебиет  айдыны»  газеті  бірінші  бетіне  «Адамзат  Айтматовынан 

айрылды» деген үлкен тақырыппен жазушы туралы Қазақстан Жазу-

шылар одағы басқармасының жазушыға арнаған қазанамасы мен бір-

неше автордың материалдарын топтама түрінде берген. 

Қаламгерлер Ә.Нұршайықов, С.Досанов, С.Елубай, Н.Оразалин қа-

заға қайғырып, көңіл білдірді. Ақын К.Салықов:



«Жаңылды ажал тағы да,

Жер көкке салып наланы.

Жаралған адам бағына

Шыңғыстай жұтты дананы» – деп, ұлы жазушыны жоқтады.  

Қазақ  қаламгерлерінің  Ш.Айтматовтың  қазасына  қатысты  көңіл 

білдірген  пікірлері  «Түркістан» 

(К.Адырбекұлы.  Қош  бол,  Шоң  аға! 

12.06.2008),

  «Заң  газеті» 



(Адамзат  Айтматовынан  айрылды.  12.06.2008),

 

«Президент  және  халық» 



(Адамзат  ардақтаған  Айтматов.  13.06.2008)

«Айқын» 



(Қ.Ысқақ. Адамзаттың Айтматовы еді. 12.06.2008)

, т.б. басы-

лым беттерінде кеңінен жарияланды.

Шыңғыс бұл дүниеден қош айтысқанда қазақтың ұлтжанды зиялы 

қауым, көзі қарақты қалың оқырманы – қалың қазақ қайғырып, асы-

лынан айрылғандай мазасыз күй кешті. Мұның барлығы да Ш.Айтма-

тов шығармаларының әрбір қазақтың ой-аңсарын дөп басып, жүрек 

қылын тербеп, сырласына айнала білуінен деп түсінген жөн.

Ш.  Айтматовтың  әлемдік  әдебиетке  алып  келген  жаңалығы  мол. 

Өзі бақилық болғанымен де Шыңғыстың екінші өмірі – шығармала-

ры арқылы жалғасады. Айтматовтың әдеби әлеміне әлі де талай ұрпақ 

өкілдерінің үңіліп, өздерін толғантқан көкейкесті сауалдарына жауап-

тар  тауып,  кейіпкерлерімен  сырласып,  мұңдасып  жатуы  хақ.  Адам-



139

зат қоғамының алдында өзекті әлеуметтік мәселелердің Ш.Айтматов 

шығармаларында  қалайша  көркемдік  құралдармен  шешімін  тауып 

жатқандығын анықтау әдебиеттану ғылымдарының болашақта атқа-

руға тиіс жұмыстарының еншісінде. Жазушы шығармаларының идея-

лық,  көркемдік  ерекшеліктерін  анықтай  түсу  қазақ  ғалымдарының 

да алдында тұрған келелі міндеттердің қатарында. Оларға тоқталып 

жату да бұл мақаланың міндетіне жатпайды. Сонда да болса кезінде 

әлемдік әдебиетке, сол арқылы әлеуметтік өмірге Ш.Айтматов алып 

келіп ендірген мәңгүрттік сана туралы аз-кем тоқтала кеткен жөн.

«Мәңгүрттік сана» термині әдебиетке Шыңғыстың «Боранды бекет» 

(1980) романы арқылы келді. Ал қазақ әдебиетінде мәңгүрттің бейнесі 

одан бұрынырақ, нақтырақ айтқанда Әбіш Кекілбаевтың «Дала бал-

ладаларында» (1968) көрінген болатын. Бірақ Әбіштің мәңгүрті мен 

Шыңғыстың мәңгүрті екі басқа. Ә.Кекілбаевта мәңгүрт жасау – жау-

ласқандардың  дұшпанынан  кек  алу,  оны  мұқату,  қорлау  түрі.  Оның 

«Күй» повесіндегі мына бір көрініске назар аударайық: «Қолдарына 

ағараңдаған бір жапырақ тері ұстаған алты жігіт қалың топты жарып 

өтіп, тұтқындарға беттеді. Манадан бері білектерін сыбанып тұрған 

мосқал еркектер алты баланы құлақтан тартып шөкелетіп, жерге бұқ-

тырды, алты жігіттің қолдарындағы теріні алып, тұтқындардың басы-

на жапты. Әлі ылғалы бойындағы жып-жылы тері жаңа ғана шашы 

алынған жалтыр басқа жабыса кетті. Тұтқын балалар бұның не екені-

не түсіне алмай, айналасына әлі алақтап отыр. Қолдары жып-жып ет-

кен мосқал еркектер терінің жиегін шыр айнала бүрмелеп қойған көн 

тартпаны  шірене  тартып,  сықситып  таңып  тастады.  Жаңа  ғана  дені 

жайылып отырған бастар қайтадан зіл тартты. Жылы тері шекелерін 

солқылдатып сорып ала жөнелді.  ...Кенет тұтқын балалардың бірі ар-

тындағы тұтқынның кеудесіне екі шекесін алма кезек ұрғылап, шың-

ғырып  жіберді.  Ақ  тайлақтың  терісі  күнге  күйіп,  тырысып  барады. 

Қаудырлап кеуіп жатқан түйенің көні бас сүйекті сытырлатып шаға 

түсті. Қазір-ақ ұн қылып уатып жіберетіндей. Басқа тұтқындар да бе-

беулей бастады... Алты тұтқын айдалада ауыз жаппай сарнап келеді. 

Олар бір апта бойы осылай зар илеп, шыңғырды да жүрді. Сосын бас-

тарына шаш шықты, ол түйенің көнінен өте алмай, қайтадан бастың 

құйқасын тесіп, кері өсті. Алты тұтқын елі қайда, жері қайда екенін 

білмейтін мәңгүртке айналды. Жүре-жүре тілден де айрылды...» 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   191




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет