Дандай ысқАҚҰлы рухани толғамдар алматы «ДӘСТҮР» 2015


–  Мемлекет  пен  халықтың  мүддесін  өз  мүддесінен  жоғары



Pdf көрінісі
бет167/191
Дата06.01.2022
өлшемі3,03 Mb.
#11468
түріБағдарламасы
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   191
–  Мемлекет  пен  халықтың  мүддесін  өз  мүддесінен  жоғары 

қоятын  ұлттық  кадрларды  атқарушы  билікке  көптеп  тарту 

жағы қиын болып тұрған жоқ па?   

– Өзің айтпақшы, қолында билігі бар адамдар түрлі амалдармен 

елдің алдын орап кетіп жатады. Халық өз арасынан шыққан адал 

азаматқа сенім білдіруі керек. Бірақ біздің сайлаудың барлығы әділ 

өтіп жатыр деп айта алмаймыз. Жаңағы қолында билігі бар адамдар 

түрлі айлалармен өзін сайлатады. Сөйтіп халыққа толық ерік бер-

мей отыр. Бізде тазару процесі жүрмеді. Олар жершілдігін, рушыл-

дығын қоздырып, ақшамен арбайды, сатып алады, басқа да түрлі 

қысымдар жасайды.

  Түсіне білсек, «ру» – деген адамзаттың ең биік гуманистік дә-

режесін көрсететін иниститут. Қазақтың танымы бойынша, бөтен 

адам  жоқ,  барлығымыз  туысқанбыз.  Басқа  халыққа  қарағанда, 

біздің бұл жүйеміз – өте мықты. Бірақ соны кейбіреулер өздерінің 

арам пиғылына пайдаланып жүр. «Ұры кетті, ұры кетті» деп, із ке-

сушілерді басқа жолға салып жіберетіндер сияқты.

  Менің ұғымымша, адамның бірнеше деңгейі бар. Бір адам бар 

өзінің  қарақан  басының  қамын  ойлайтын,  екінші  бір  адам  бар, 

ағайын туыстарына ғана көмегін тигізетін, үшінші бір адам руы-

на қызмет етеді. Ал енді бір адамдар ұлтына, халқына, мемлекеті-

не қызмет етеді. Демек, әр адамның сана-сезімі, деңгейі әр түрлі. 

Руына, тайпасына қызмет ететіндер – әлі ұлттық сана-сезімі жетіл-

мегендер. Рахманқұл Бердібайды білесің, ол кісі – өле өлгенінше 

«ұлтым» деп өткен адам. Осы жақында  Рахаңның 85 жасқа толған 



383

күні болды. Бірде бір басылым ол кісі туралы жұмған аузын ашпа-

ды.  Рахаң  туралы  материал  бірде  бір  баспасөз  бетінде  берілмеді. 

Көрдіңіз бе? Біз осындай деңгейге түсіп қалғанбыз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   191




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет