Дандай ысқАҚҰлы рухани толғамдар алматы «ДӘСТҮР» 2015



Pdf көрінісі
бет73/191
Дата06.01.2022
өлшемі3,03 Mb.
#11468
түріБағдарламасы
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   191
Байланысты:
0221a9b61916ef3923a2d2a516d24b60

(сонда). 

Жалпы, С. Мұқановтың ұлтшыл Сұлтанбекті көзқарастық жағынан 

онша ұната бермегені белгілі. Солай бола тұра, өмірде өз көзімен көр-

генін жазған Сәбит өмір шындығынан ауытқымай, сол күйінде мөлді-

ретіп жеткізе алған. 

С.  Қожанов  республика  басшылығындағы  қызметінде  негізгі  сая-

си-ұйымдастырушылық, шаруашылық мәселелерімен бірге қоғамдық 

өмірдің әсіресе ұлт, жер, оқу-ағарту жақтарына ерекше көңіл бөлді. 

1924-1925  жылдардағы  Қазақстанның  саяси-мәдени,  экономикалық 

өмірінде С. Қожанов араласпаған, ізі қалмаған сала жоқ шығар, сірә. 

Сұлтанбектің  қайраткерлік қабілеті 1924-1925 жылдары Түркістан 

республикасынан  Ортаазиялық  ұлттық  республикалардың  бөлініп 

шығып, ұлттық-аумақтық шекарасын межелеу кезінде айрықша көзге 

түсті.  Қазір Еуразияда ұлан-ғайыр территоряны алып жатқан Қазақс-

танның осыншалық аумаққа ие болып қалуына бір кездерде Сұлтан-

бектердің шырылдап жүріп ат салысқанын бүгінгі ұрпақ еш уақытта 

ұмытпауы керек. Бұл туралы ол «Орта Азиядан енші алыста ақы иесі 

екеу болса, бірі, санға кіретіннің ең үлкені болуы керек. Олай болма-

ғанда, ұлт шегін ажырату тура жолмен жүргізілмегені болады», – деп 

мәселені ашық қойып,  «Қазақстан аспанда емес, жерде болмақ. Қазақ 

ұлты қоныс қылып пайдаланып отырған жердің барлығы Қазақстан 

мемлекетіне кірмек»



 («Ақ жол», 08.08.1924);

  «Шекара бөлінісінен, дү-

ние үлесінен қазақ ұтып шықпағаны рас. Һәр ұлттың өкілдері өз ұл-

тының ғана пайдасын көздеп, барлығы да даушы болды. Қазақ уәкіл-

дері  дауласуда  ешкімнен  кейін  қалған  жоқ,  оздырмаса...» 

(«Ақ  жол», 

26.10.1924)

 – деп жазыпты. 

Барлық уақыттарда да жер мәселесі аса маңызды мәселе ретінде күн 

тәртібінен түспеген.  1917 жылғы ақпан төңкерісінен кейін орыс отар-

лығынан  құтылып,  тәуелсіздік  аламыз,  жерімізге  иелік  етеміз  деген 

халықтың үміті ақталмады; керісінше, билік басына келген больше-

виктер қазақтың жерін тартып алуды бұрынғыдан бетер үдете түсті. 

Әділеттілікті талап етіп, оған қарсы шыққандардың барлығы қуғынға 

ұшырады. Қазақстан Түркістаннан енші алып, жеке мемлекет болып, 

өмір сүре бастағанда да бұл мәселе барынша ушығып тұр еді. 

Мұндай жағдайға билік басында жүрген С. Қожанов та шыдай ал-

май, ашық қарсы шықты. Қазақтың жерін түрлі айла-амалдармен ал-

дап алып жатқанын әшкерелеп мақала жазды: «Қазақтың жерін орыс 

алғанда, ескі хүкімет зорлығына жол тауып, закон жасап беру – қа-

зақтың өзінен шыққан амалдылардың міндеті еді. Өзі арқасы қышып, 



160

жеріміз артық деп қазақ халқы приагуор бергені, жерімізге өрнек көр-

сету үшін орыс орнасын деген өтініштер, диқаншылыққа лайық жер-

лерді орысқа беріп, өзіміз мал қонысына көшеміз деген қазақ атынан 

ынтымақшылдық – барлығы атқамінерлер мен амалдарлардың өнері 

болушы еді… 

Пішпек уезі Ботпай болысында Әліқұл, Қосшы деген атқамінерлер 

Шу бойындағы орыс поселкелерінің орыстарына 50 десятина жерін 

сатты. Қазақ айдағалы барса, орыстар сатып алдық деп жуытпайды. 

Болыс  исполком  бастығы  Желеу  Алдабергенұлына,  ауыл  исполком 

бастығы Әбижан Әлібайұлына қазақ арыз беріп барса, тыңдамай, өз-

деріне ұрсып жібереді. Ол жер бос жатқан соң, күші жеткен орыстар 

өз бетімен келіп егін егіп жатыр, тоқтата алмаймыз дейді. 

Бұл бір Ботпай болысында емес, һәр жерде болып жатқан болса ке-

рек. Бір жерде амалдарлар, бір жерде атқамінерлер, бір жерде жұрт-

тың өзі керікеткендік қылып, теңсерікке иә басы бүтін жерлерін орыс 

байларына өткізіп жатқаны. Мысалы, Жетісуда көп болса керек. Мұны 

алдын алып ескеріп, себебін түсініп, шарасын қарастырмаса, ана жыл-

ғы жер реформасы, «жер жетпейді» деп күнде дауласып жүрген әрекет 

– барлығы далаға кететін түрі бар





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   191




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет