(«Ақ жол», 04.05.1923).
Еліне, халқына «Қазақ» газетінде жарияланған өлеңдері арқылы
кеңінен танымал болған Мағжанның өлеңдерін Сұлтанбек Қожанов
алғысөз жазып, 1923 жылы Ташкентте бастырып шығарды. Мағжан-
ның өлеңдерін бастырмақ түгілі ол туралы әңгіме козғаудың өзі саяси
тұрғыдан аса қауіпті болғандығын ескерсек, Сұлтанбектің бұл ісін са-
налы түрде істелінген асқан ерлік деп санауға болады.
Кітапқа жазған «Мағжан өлеңдері туралы бір-екі ауыз сөз» тақы-
рыпты алғысөзінде С.Қожанұлы сол кездегі Мағжан дегенде күйіп-
жанып тұрған ресми саясатты ескерген болу керек; ақынның өлең-
дерін талдамайды, идеялық жағын сөз қылмайды. Негізгі ойды сол
кезде көтеріліп жатқан қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе беріп, оны
қоғамдық өмірдің барлық саласында қолдану көтеріліп жатқандық-
тан, осылай қарай бұрған.
С.Қожановтың Мағжан туралы ойы ашық: «М.Жұмабайұлының
өлеңдері қазақ әдебиетінде үлкен орын алған деп басып отырмыз.
Мағжан Жұмабайұлының өлеңдері әдебиет тарихындағы соңғы 10-
15 жылдағы ағымдарды тексеруге де жақсы құрал бола алады деп
ойлаймыз... М. Жұмабайұлы өлеңдерінің тіл жағынан, әдебиет тану
жағынан пайдасы көп болады деп сенеміз». Мағжанмен оқушылар
бұрыннан да таныс» деген негізгі ойын білдіріп алған соң барып, қой-
шылар тілі саналып келген қазақ тілінің бай, жатық, өткір, әдемі тіл
екенін Мағжан өлеңі көрсете алатындығын ескертеді: «Әдебиеті жаңа
аяқтанып, әдебиет тілінде жасалып келе жатқан жұртта Мағжандай
ақындардың қызметі зор екені анық. Осы күнге дейін Түркістанда
қойшылар тілі саналып келген ресми қағаздар жазуға, кітаптар жазуға
жарамсыз делініп келген қазақ-қырғыз тілі іске асуы былай тұрсын,
өнерге асатын бай, жатық, таза, өткір, әдемі тіл екенін Мағжан өлең-
дері көрсете алады».
Сұлтанбек «Мағжан өлеңдерінің марксизм дүниетануына ұйқаспай-
тын жерлерін оқушылар көре салып үрікпей, көркемдік жағына, сыр-
шылдық жағына көбірек көз салуы керек, тарих мәнісіне жете түсіну
керек» – деп, пікірлерін саяси жағынан негіздей отырып білдіреді.
Автор ақын өлеңдерінің идеялық жағына емес, көркемдік сипатына,
тіл кестесіне назар аударғанын «Мағжан өлеңдерінің саяси мәнінен
гөрі, әдеби мәнісін көбірек көзде тұттық»-деп, ескертеді. Мағжанды
Абайдан кейінгі қазақ әдебиетіндегі өзіндік орны бар ірі тұлға деп ба-
ғалайды.
164
Келесі 1924 жылы «Ақ жол» газетінде жоғарыда біз тоқталып өт-
кен Сұлтанбектің М. Жұмабаевтың кітабына жазған алғы сөзінде ай-
тылған пікірлермен сарындас, осы ойларды өрбіте түскен «Мағжан»
атты мақала жарық көрді. Мақаладан «Абайдан соңғы шыққан ақын-
дардың тілдері аса дөкір болған жоқ. Бірақ соңғы ақындардың ішінде
өлеңге тәтті күй, еәзік сезім, майда тіл тудыру жағынан Мағжаннан
артық қызмет істегені жоқ»
(«Ақ жол», 01.04.1924)
– деген мазмұндағы
жолдарды оқимыз. Сұлтанбектанушы профессор А. Шәріптің пайым-
дауынша, «бұл мақала не Сұлтанбектің ұсынысымен жазылған, не
оның қаламынан туған»
(Сұлтанбек Қожанов. Шығармалары. Алматы,
«Арыс», 2009, 311-бет).
Ж. Аймауытов «Мағжанның ақындығы» туралы көлемді мақала жа-
зып, ұлы ақынның поэзиясын жан-жақты талқылағанда да Сұлтанбек
жүрген жолмен жүргендігі байқалады. Сөйтіп, осынау бір мың құбыл-
ған аласапыран кездерде С. Қожанов Мағжантанудың тура жолда да-
муына негіз салып, тарихи еңбек сіңірді.
Өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдарының алғашқы жартысын-
да, С. Қожановтың республика басшылығында істеген кезінде қазақ
әдебиетінің алдында шешімін күткен сан алуан мәселе тұрды. Әсіресе
ұлттық әдебиеттің даму жолдарын саралап, алда тұрған міндеттерді
айқындау, қазақ әдебиетінің тарихы, бүгіні, болашағы сияқты мәселе-
лер баспасөз бетінде зәру көтерілді.
Қазақ әдебиетінің тарихын зерттеуге кіріскен С.Сейфуллин «Қазақ
әдебиетінің қысқаша тарихы»
Достарыңызбен бөлісу: |