№15. Авшар таңбасы -
.
Бұл таңба Оғыз түрктері тайпаларының бірі авшарларға тиесілі деп
қарастырғанымыз жөн. Бұл таңбаның басқа тайпаға тән болуы да ықтимал.
Көккүрік дәуірінде авшарларға қатысты деректер аз. Рашид-ад-диннің Оғыз
тайпаларына жататын деректерді зерттегенде авшарлардың таңбасы
пішінде көрсетіледі
296
. Махмұд Қашқари болса авшарлардың белгісін басқа
түрде ұсынады
297
: . Языжыоғлұның «Салжұқнама» еңбегінде авшар таңбасы
мына пішінде белгіленеді
298
:
. Бұл таңбаның дұрысырақ пішіні былай болуы
мүмкін:
. Осылайша, Күлтегін бітіктасы табылған ескерткіштегі тас бетіне
басқа таңбалармен қатар осы пішін де кездеседі
299
. Алайда, бұл ескерткіштегі
белгі таңба емес, кез келген символдық мәнге ие белгі де болуы мүмкін.
Қытай жылнамаларындағы Синь Тан шу «Жаңа Тан династиясының
тарихында» 阿勿嘀 A-wu-che атты бір түрк тайпасының аты кездеседі. Оның
«Тоғыз рулы Tелe» тайпалар бірлігіне мүше болғандығы айтылады
300
. Бұл есім
оғыз тайпасындағы авшар болуы да мүмкін. Осылайша, Көктүрк дәуіріндегі
қырықтан астам ру тайпаларды біріктіретін «Те-лe тайпалар бірлестігі» ішіндегі
көктүрктердің солтүстік жерлерінде мекен еткен тоғыз одақтас немесе туыс
тайпалардан құралған тағы да бір топ бар болған еді. Олар шамамен қытай
жылнамаларындағы «Тоғыз рулы Теле», ал ескі түрк бітіктастарында болса
«Тоғыз-оғыз» одағы болуы мүмкін. «Тоғыз рулы Те-ле» мен «Тоғыз-оғыздың»
293
User, 2009, S. 157-158
294
Hamilton, 1962, P. 27
295
Артамонов, 1962; Меликсет-бек, 1960, С. 112–118.
296
Рашид-ад-дин, 1952, С. 88
297
Махмуд ал-Кāшгари, 2005, С. 93
298
Gülensoy, 1989, S. 62
299
Alyılmaz, 2005, S. 91-93
300
Golden, 2002, S. 127
ҰЛЫ ДАЛА тарихы
168
бір екендігі жайлы Күлтегін мен Білге қағанның бітіктастарында « Солтүстікте
Баз (тәуелді) қаған, Тоғыз-оғыз бодун жау болатын. Қырғыз, Құрықан, Отыз
Татар, Қытани, Татабилердің барлығы жау екен» секілді мағлұматтың
кездесуі
301
де дәлелдейді.
Қытай дереккөздерінен белгілі болғандай, аты аталған ру тайпалар
Көктүрктің солтүстік шығысындағы Селеңгі өзені мен Байкал аралығын мекен
еткен
302
. Жоғарыда сөз еткеніміздей, Орхон бітіктастарында «солтүстіктегі
Тоғыз-оғыз» туралы айтылғанда Құрықан тайпасы туралы да айтылды. «Тоғыз
рулы Телелердің» құрамында Байкал көлінің ар жағында өмір сүрген Гулиган
(Құрықан) түрктерінің көрінуі де
303
«Тоғыз-оғыз» – «Тоғыз рулы Те-ле» сөздерінің
бір тайпадан шығу ықтималдылығын арттырады.
Достарыңызбен бөлісу: |