ҰЛЫ ДАЛА тарихы
365
ұлт-азаттық қозғалысының ауқымды майданға айналуына ұйымдасқан жасырын
ұйымдардың қосқан үлесі зор еді. Өйткені, білікті мамандар мен саяси сауатты
зиялылар жаңадан орнығып келе жатқан Кеңестік жүйенің құрылысымен жақсы
таныс болатын әрі онымен күресудің жолдарын анағұрлым жақсырақ білетін
еді. Сондықтан, негізінен астыртын ұйымдарда біріккен зиялылар бастапқыда
шашыраңқы әрі бағыты айқын болмаған жекелеген қарулы күштерді топтастырып,
оларды бір майданға шоғырландыра білді әрі сол арқылы қозғалысқа біртұтас
саяси сипат берді
639
.
Түркістандағы жасырын ұлттық ұйымдардың тарихы жалпы алғанда міне,
осы басмашылық қозғалысымен тұстас келеді. Басқаша айтқанда, ұлттық
автономия құлағаннан кейін халық қолына қару алып, күреске шыққан кезде ұлт
зиялылары да Кеңес үкіметіне қарсы екінші майдан ашып, жасырын ұйымдар
құра бастаған. Міне, осындай астыртын ұйымды алғашқылардың бірі болып
Мұстафа Шоқай құрған еді. 1918 жылы Екетеринбург қаласында қазақ Мұстафа
Шоқай, башқұрт Зәки Валидов (Тоған), татар Илияс Алкин, Юсуф Минар және
Вадим Чайкин тарапынан құрылған астыртын ұйым Түркістан, Татарстан және
Башқұртстанды біріктіруді көздеген болатын. Астыртын ұйымның төрағасы болып
бірауыздан Мұстафа Шоқай сайланған еді
640
. Алғашқы мәжілісін 1918 жылы 19
қараша күні өткізген астыртын ұйым мүшелері Америкаға барып, ел президенті
Уилсонмен кездесуді жоспарлаған болатын. Алайда, визалар дайындалып,
билеттер алынып, дәл жолға шығар алдында Шоқай мен оның серіктерін
адмирал Колчактың әскерлері тұтқындайды. Челябинск маңында серіктерінің
жәрдемімен тұтқыннан қашып шыққан Мұстафа Шоқай әуелі Орынборға барып,
Зәки Валидовпен бірге астыртын төңкеріс ұйымдастырады. Алайда, атаман
Дутовқа қарсы жасалуы тиіс бұл әрекет, бір опасыздық нәтижесінде сәтсіздікке
ұшырағаннан кейін «Түркістан ұлттық орталығының» тапсырмасы бойынша
шет елдерге шыққан Мұстафа Шоқай, Маңғыстау арқылы әуелі Бакуге барып,
онда көп тұрақтамай Грузияға өтеді. Түркістан ұлт-азаттық күресі осылайша,
бұрын-соңды болмаған жаңаша саяси сипат алып, бұдан былай шет елдерде
жалғасады.
Алманияда болған кезінде Мұстафа Шоқайдың материалдарымен
танысуға мүмкіндік алған Хамза Абдуллин, аталмыш ұйымның құрамында
Сұлтанғалиевтің де болғанын жазған еді
641
. Уақыты мен мүшелері жөніндегі
мәліметтерде ауытқушылық болғанымен, бұл пікір де негізсіз емес. Өйткені,
Сұлтанғалиев аталмыш ұйымның ізімен 1919 жылы Мәскеуде құрылған
жасырын топтың мүшесі болған еді. Егер Заки Валидовтың (Тоған) естеліктеріне
сүйенер болсақ, құрамына Түркістан, Башқұртстан, Бұхара, Хиуа өлкелік партия
639
Хайыт, 1997. – 367 б.
640
Қойгелдиев, 1997. № 2.
641
Ана тілі, 1990
|