Ырыққа көну ме, ымыраға келу ме?
Əуел баста ашық айту керек, Ресейде оқып, білім алған және саясатқа ертерек
араласқан, сондықтан, большевиктердің түпкі пиғылын айқын сезінген Аяз
Исхаки, Садри Мақсуди, А. Баттал Таймас, М.Емин Ресулзаде сияқты ұлтшыл
зиялылардың үлкен шоғыры жаңа билікті мойындаған жоқ еді. Эмиграцияға
кеткен бұл ұлтшыл саясаткерлердің қатарына Мұстафа Шоқайды да атауға
тиіспіз. Өйткені, жаңадан құрылу кезеңінде, яғни 1917 жылдың Қараша айында
жергілікті халықтан тірек табуды көздеген большевиктер Мұстафа Шоқайды
Ташкентке шақырып, оған жаңа құрылған үкіметке мүше болуын, тіпті Түркістан
Халық комиссарлары кеңесінің төрағасы қызметін ұсынған болатын
643
. Алайда,
саясат сахнасында шыңдалған Шоқай, бұл ұсыныстан бас тартып, Түркістанның
тұтастығына ұмтылды. Осындай ұлы мақсатпен Қоқан қаласында құрылған
Түркістан автономиясы небәрі екі айдай өмір сүріп, 1918 жылдың ақпан айында
642
Қыдырәлі, 2008, 140 б.
643
Қыдырәлі, 2008, 141 б.
|