Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет354/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   350   351   352   353   354   355   356   357   ...   407
ҰЛЫ ДАЛА тарихы

366 


комитеті мүшелерін тартуды көздеген және «Шығыс социалист партиясы» деп 

аталған  бұл  жасырын  ұйымға  башқұрт  Зәки  Валидов  (Тоған),  татар  Илияс 

Алкин, Мирсаид Сұлтанғалиев, өзбек Низам Хожаев, қазақ Ахмет Байтұрсын 

пен  Тұрар  Рысқұлов  мүше  болған  еді

642

.  Олар  әуелгіде  партия  ретінде 



жасақталып,  Коминтерннің  құрамына  енуге  әрекет  жасағанымен,  Компартия 

бұл  партияның  құрылуына  түбегейлі  қарсы  болғандықтан,  жасырын  ұйым 

ретінде  жұмысын  жалғастыра  берді.  Сондай-ақ,  Түркістан  тарихының  білгірі, 

профессор А.Беннигсен, 1920 жылдың көктемінде Мирсаид Сұлтанғалиев, Зәки 

Валидов, Тұрар Рысқұлов және т.б. көрнекті тұлғалардың жасырын ұйым құрып, 

Кеңес өкіметіне қарсы астыртын күрес жүргізгенін жазады. Автордың айтуынша, 

бұл жасырын топ үш бағытта жұмыс жүргізген еді: 1. партия қатарында, үкімет 

аппараттарында  басшылық  қызметтерде  бола  жүріп,  тәжірибе  жинақтау;  

2. Жаңа кадрлар даярлау мақсатында оқу ордалары мен білім ошақтарын қолға 

алу; 3. Басмашылық қозғалысы сияқты кеңес өкіметіне қарсы ұлттық топтармен 

байланыс орнатып, ұлттық мемлекет құрудың алғышарттарын даярлау. 

Қалай болған күнде Тұрар Рысқұловтың жасырын топтың мүшесі болғаны 

анық,  дерек  көздері  соны  айғақтайды.  Расында,  Түркістанның  тұтастығы  мен 

тәуелсіздігі үшін Орталық партия комитетіне қарсы аянбай күрескен Тұрардың 

уақыт өте келе жасырын ұлттық ұйымдармен байланыса отырып, ұлт-азаттық 

майданның рухани діңгегіне айналғанын аңғару қиынға соқпаса керек. Өйткені, 

профессор  А.Беннигсеннің  сөзімен  айтқанда,  коммунистік  партия  қатарына 

өткенімен  Тұрар  Рысқұлов  өмір  бойы  ұлтшыл  болып  қалған  еді.  Ал,  бұл  екі 

идеяның бір арнада тоғыспайтыны айдан анық болса керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   350   351   352   353   354   355   356   357   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет