Дастандар



бет3/41
Дата27.11.2022
өлшемі1,43 Mb.
#52906
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41
Байланысты:
30 Қалижан Бекхожин Поэзия тербетеді жүрегімді

KEK


БІРІНШІ КӨРІНІС


I

Жасымнан құм ойнағын Керекудің


Жазылған ақ мамықтай көретінмін.
Шиыршық атып құмы құйындаса,
Артынан асыр салып еретінмін.
Іздерім қалған шығар сол қырында,
Жүгірдім ұқсап жаңа жортуылға,
Естідім ес білгенде Ертіс даусын,
Қызық жыр шертілгендей толқынында.
Онда мен жетідегі жүгірмекпін,
Ұқтым ба дүбірлеген сырын көптің?
Зеңбірек күркіресе қызық көріп,
Қызыл ту желпілдесе күлімдеппін.
Білдім бе сол сәуле деп шын өмірге,
Шаттықтың келгенін сол шумен бірге?
Білдім бе бақыт барын, өні сұрғылт,
Солдаттың жұлдызы бар шлемінде.
Соқынан жауынгердің жүгіргемін,
Сол күннен ұмытылмас сыр білемін.
Шыққан бір шулы батыр Керекуден, –
Естіген бала күннен жырым менің.
Ертегі емес оның өмірі де,
Ол туды көк Ертістің өңірінде.
Жасынан жалшылықта өскен бір жан,
Қаналып қаланың сұм жебіріне.
Бірақ ол жалын алып Октябрьден,
Зеңбірек атылғанда атқа мінген,
Қорғауға қызыл тулы Керекуді,
Қасқиып қас батырдай отқа кірген,
Геройым – атышулы ер Балтабай
Бай десе жарқылдайтын ақ балтадай.
Кегіне жарлы жұрттың жанын қайрап.
Ел сүйген ерліктері өткен талай.
Кегі бар кеткен оның дұшпанында,
Сол кегін қайтару бір құштарым да.
Қылыштай қаламымды сермейін бір,
Соным ғой қолымдағы күш-қару да...


II

Ертісім, шула шапшаң, қақ дабылды!


Балтабай ереуілдеп атқа мінді.
Қасында жиырма шақты жасағы бар,
Шаңдатып кетті күңгірт жатқан қырды.
Алдынан қоқыр салқын жел гуледі,
Жалдары аттарының желкілдеді.
Балтабай жортып міне келе жатыр,
Ашулы жолбарыстай бұл түндегі.
Келеді қай-қайдағы кегі кайнап,
Ызамен тұтанғандай көзі жайнап.
Не үшін жортты түнде Баян тауға,
Келеді қай майданға өзін айдап?
Бұйрық сол, алған кеше штабынан,
«Кегіңді ал құтырынған дұшпанықнан».
Баянды қанды балақ банда басты,
Қосылған Бағай соған тысқарыдан».
Бағай ма? Ашынғаны Бағай еді.
Жанбасын Бағай десе қалай кегі?
Қанаған өзгені де, өзін де ол,
Бар еді сол Бағайда талай кегі.
Жас албырт өміріне өткендегі,
Сол Бағай сор-азабын төккен еді.
Езілген есігінде қайран жасы,
Есіне түскен сайын кектенеді.
Салдырған қырға дүкен, ойға сарай,
Қалталы, қазыналы болды Бағай.
Дауды да, сауданы да дуылдатып,
Ұлықпен өзген бірге елді талай.
Октябрь отын тастап ордасына,
Ол шыққан қалың өртпен арбасуға.
Бандаға қосылуға қылыш қайрап,
Баянға жеткен екен ол асыға.
Баянның бауырында сап бүлікті,
Атаман атқа мінер сап құрыпты.
Бағай бай атаманға бәйек болып,
Талайды аттырыпты, шаптырыпты.
Балтабай ойлап соны тістенеді,
Жалындап жанған өрттей іште кегі.
Басында Баян таудың бұлт түйілсе,
Баурында долы дауыл күш келеді.


ІІІ

Тағдыры екі жаққа даулы түнде,


Баян тау бұлт ішіне ауды мүлде.
Түксиген түйелердей құж-құж тастар,
Тығылған түсі суық тау түбіне.
Жөңкілген аңдай жаудың жасағына,
Құпия, көз көрмейтін таса мұнда.
Тұр еді банда тобы тосқауылдап,
Кезеніп қылыштарын бас алуға.
Сезді ме әлде желдің күбірінен?
Банда да Балтабайдың сырын білген.
Тұр еді тау қойнында тілін тістеп,
Сескеніп Балтабайдың дүбірінен.
Дүбірі, түн жамылған жарып тауды,
Отряд құйындатып келіп қалды.
Селк етіп көтерілді жау тобыры,
Кеткендей дауыл соғып бұлттарды.
Атаман, алабұртып үйірімен,
Артына арқа тастың иірілген.
Аңқылдап Балтабайлар келген шақта,
Оқ жауды Баян таудың бүйірінен.
Теңселген қалың жау ма, тас қана ма?
Балтабай содан қорқып жасқана ма?
Уралап атой берді, жау шебіне,
Мейлі жау өрт сала ма, бас сала ма?
Оқ зулап серпілгендей тау түнегі
Даусынан айрылғандай жау жүрегі,
Жарқылдап жау үстіне отын шашты,
Күркіреп нажағайдай зеңбірегі.
Атаман ат үстінде айғайлаған,
Алдында қорқып Бағай маймақдаған.
Айқасқа айбат шегіп кірді міне,
Балтабай көрсетуге майданды оған.
Банда да өршеленді, жылыспады,
Лап берді, кескілесіп ұрысқалы.
Аспаннық жарқ-жұрқ еткен садағындай,
Айқасып жарқылдады қылыштары.
Екі жақ араласып қызды майдан,
Күркіреп от шыққандай нажағайдан,
Бүйірі Баян таудың бұлан-талан,
Өлгендер оқтан қулап аза жайған.
Өшіккен бірін бірі өлтіруге, –
Болсын деп дүние шіркін кең тіріге.
Кек буған, Балтабайдың көзі жайнап,
Ашулы арыстандай сол түрінде.
Қалшылдап қан сорғалап қылышынан,
Талай бас домалаған ұрысынан.
Шартылдап қылыш, найза кескілесіп,
Талай жан тасты құшып ыңырсыған.
Артынан қашқандарды тау алқалап,
Жарқылдап қылыштары алдын орап,
Жау жүрек Балтабайдың жігіттері
Жасқады тығырыққа жауды қамап.
Баурында Баян таудың шу қызғалы,
Бұлт қоршап, көк те күнін туғызбады.
Сол түнді жарып міне жетті таңға,
Шлемнің қызыл түсті жұлдыздары.
Шыдамай Балтабайдың ұрысына,
Қашқандай кетті таудың қуысына.
Балтабай сап тұрғызды жинап міне,
Банданы түсіруге уысына.
Әсілі келмес жаумен келісімге,
Мәз емес батыр әлі жеңісіне.
Қараса атаман жоқ, Бағай да жоқ,
Қашыпты түннің түнек керісінде.
Қып-қызыл оттай көзі шатынады,
Ашуын қай-қайдағы шақырады:
– Бағайды, қайда кетті, табыңдар! – деп,
Тұтқынға түскендерге ақырады.
Үн-түнсіз қанды тобыр тістенеді,
Бар екен жанып жатқан іште кегі.
– Атыңдар! – деп бұйырды, ашу кернеп,
Балтабай жауап тілеп күштемеді.
Сол оқтар кеудедегі кекті шертіп,
Есіне түсті Бағай кеткен қорқып.
Бүйірін Баян таудың дүбірлетіп,
Балтабай іздеп соны кетті жортып.


IV

Астына жасырғандай тасын жайдың,


Жалтылдап жатыр көлі Жасыбайдың.
Көк мөлдір теңселгендей тегенеде,
Түбінен көк көрінген жасыл айдын.
Көл жатыр тау қойнында дөңгеленіп,
Ақбет тұр ақша төсін күнге керіп.
Жар тастық тасасына, көл шетіне
Бағайлар орналасқан түнде келіп.
Қасында екі қызы, атшысы бар,
Баяннан түн бүркеніп қашты бұлар.
Атаман кетті қайда, ол белгісіз,
Сұсынан Балтабайдың састы қулар...
Ашудан, алас ұрып өткен еді –
Айналып тауды Бағай кетпек еді.
Ағылған Ақмоладан бандаларға,
Амалын тауып жылдам жетпек еді.
Бөгелді аз ғана шақ тыныс алып,
Бұл жерге жеткен әрең бұрыс барып.
Бағайдың қайғысы бар көлден терең,
Отыр ол тауға қарап құрыстанып.
Алданды екі қызы көл шетінде,
Қос аққу еркін жүзген көл бетінде.
Екі қыз жүзген солай ен байлықта, –
Ойларын толқын сондай тербетуде.
Дариға! Жап-жаңа күн ашық еді,
Көңілдің гүліне нұр шашып еді –
Керемет! Күннің бетін бұлт басты да,
Баянның күңгірт тартты асу белі.
Ақбеттің төбесінде бұлт топырлап,
Кенеттен керней тартты күн шатырлап.
Шайқалып қайнар судай қазандағы,
Көлі де Жасыбайдың шу шақырмақ.
Асудан үш салт атты түсті төмен,
Бағайдын зәре-құты ұшты неден?
Балтабай дүбірлетіп келіп қалды,
Қаптаған қой тастардың үстіменен. –
Уа, қосшы, аттар қайда? Қамалдым ба?
Құдая, біткені ме амалдың да? –
Деп Бағай жармас0анда мылтығына,
Қас0айып т9рды батыр тап алдында.
– Ал, қашқын, атшы кәне, міне кеудем,
Жауыңмын кек алуға қуып келген.
Бәрібір қоштаса бер құдайыңмен,
Дәуренің бітті сенің, күнің сөнген.
Ал, байым, атпадың ба, қалтырайсың,
Білемін, жалынасың, жан сұрайсың.
Сездің бе өзге жанды өзгенің де?
Сүліктей қанды сорған арсыз байсың.
Балтабай айтып соны аттан түсті,
Жарқылдап көз жанары оқтан күшті.
Кебіндей түсі қашып қатты Бағай,
Қалың бұлт төбесіне қаптай түсті.
Айтуға жалынышты, еріндері
Илікпей өз бетінше дірілдеді.
Алдында ақ семсерлі Балтабай тұр
Нажағай кеудесінде дүбірледі.
Басына бұлт бүркенген Баян-аула,
Куә ғой ел қайғысын баяндауға.
Балтабай қарап соған күрсінді де,
Бекінді елдің жауын аямауға.
Жауына өрттей жанып өр мінезі,
Сермейтін ақ семсерін келді кезі.
Еңіреп екі қызы құшағында,
Бағайдың ауызына әрең келді сөзі: –
Алдыңда мінәжатты етемін де,
Еңкілдеп жас төгемін етегіңе.
Сұраймын алла атынан бір жанымды
Жүрейін енді сенің жетегіңде.
Қолымда өсіп едің жетіміңнен,
Бағанды жоқ шығармын жете білген.
Ие бол, енді бүкіл дүниеме,
Кешікпей қу өмірден кетемін мен.
Кешір сен, болса менің айыбымды,
Бұзбайды, пенде болса, баю кімді?
Қанымды арқалама, – қалаулым бол,
Ал таңдап екі қыздан зайыбыңды!
Өскен ем ой мен қырды еркін жайлап,
Біледі дабысымды ауыл, аймақ...
Қолымнан дәмді татқан мұндар едің,
Алдында бұқтым міне дауыл айдап.
Араға от жағылып осы күнде,
Ажалдың ашып тұрсын есігін де.
Ая, сен, еніреген екі қызды,
Тербетіп өсіріп ең бесігінде.
Жалынам, жанымды қи, ер Балтабай,
Саған күн туа қалса екі-талай,
Қалармын туғанымдай сақтап сені,
Қиясың сұм ажалға мені қалай?
Куә қып сертіме бұл атар күнді,
Айтамын алла атынан бар антымды.
Қалдыршы шыбын жанды, – деп, алдына
Сондықтан төкті Бағай cap алтынды.


* * *

Бағайдын, ыза болып құрметіне,


Батырдың ашу жанды сұр бетінде.
Тіктенді тікенектей қара мұрты
Тұрғандай көзінен оқ бұрқ етуге.
Көлгір сөз тиді ердің намысына,
Қалайша сатсын батыр арын сұмға.
Алтынды аяғымен теуіп қалды,
Қайтадан қаһар шашып қарысуға.
Кеуделі кектің ұлы, өр денелі,
Намысын өшпендіктің бермегелі.
Көтерді көк семсерін жалаңдатып,
Басына Бағай байдың сермегелі.
Екі қыз егіз лақтай екі жақтан
Еңіреп, көздерінен бұлақ аққан,
Асылып иығына Балтабайдың,
Жалынды назды сөзбен жалын атқан.
Қос сұлу үлбіреген балғын бөбек,
Көздері көл суындай тұр мөлдіреп.
Беттерін жел сүймеген, перизаттар,
Өскендей күнге күліп, айға еркелеп.
Білетін Балтабайды балғын күннен,
Шадыман бай қыздары шалқып күлген.
Балтабай онда жалшы, еркелетіп
Екеуін арғымақпен алып жүрген.
Енді тұр қара көзін қайғы көміп,
Жайнаған жүзіндегі айы сөніп.
Екеуі жас киіктей қалтырайды,
Балтабай көк дауылдай айбын беріп.
Үлкені екі қыздың Бану еді,
Өткір көз, өр көкірек, жалын лебі.
Байлықтың жұлдызындай жайнап өскен,
Берілген әкесіне балғын еді.
Кенет сол іркіп жасын көзіндегі,
Сөз тастап Балтабайға безілдеді.
Жармасып жалаңдаған семсеріне
Әке үшін құрбан болам өзім деді.
Ағажан, болса сенде сезім, – деді, –
Аяшы, тұр ғой жаным езілгелі,
Азат қыл әке жанын, батыр, сенің
Кірейін құшағыңа өзім, – деді. –
Антым бұл айтқан ару кезімдегі,
Бір жанға айтылмаған сөзім тегі.
Сенікі – жүрегім де, дәулетім де,
Сенікі – жанған шоқтар көзімдегі.
Сол көздің сиқыр бар ма қиығында?
Жылан ба оралған кол иығына?
Балтабай қарап еді Баян-тауға,
Нажағай жарқ етті бір қиырында.
– Тарт! – деді, – қолыңды, қыз, иығымнан.
Баянның айнымаймын бұйрығынан.
Мыңдаған пенделердің кегі жанып,
Жанымды өшпендіктің күйі буған. –
Деп батыр көкірегін ашу кернеп,
Бағайға ақ семсерін қалды сермеп.
Қан ыршып кеңірдектен түсті құлап,
Жау каны ақса мейлі, мейлі сел боп.
Кекпенен көздеріне қанталаған,
Екі қыз – жау секілді анталаған.
Сол бір сәт естіп зарын екі қыздың,
Қаһарын батыр әрман қалқалаған.
Кенеттен зар жылауын тыйды Бану.
Қалайша қыз жанында тынды налу?
– Мені де жарып кет! – деп Балтабайға
Көзінен отын шашып тұрды Бану.
Жоқ, батыр қан төгуді қалады ма?
Азалы қыздың азар талабы да.
Семсерін қынабына қайта салды,
Таңырқап Бануға бір қарады да...
Осылай уақыт қатал, зор тілекті,
Жасынан жасымайтын болды кекті.
Бүйірін Баян таудың бүлкілдетіп,
Балтабай жолбарыстай жортып кетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет