II тақырып. КӚРКЕМ ӘДЕБИЕТ 1.
Әдебиет – сӛз ӛнерi. Ӛмiр мен ӛнер. Ӛнер және оның түрлерi. Жеке ӛнер
түрi ретiнде олардың ӛзгешелiктерi. Поэзия ӛнерi туралы пiкiрлер.
2.
Әдебиеттiң шындық болмысты суреттеу мен адам тұлғасын таныту
ерекшелiгi.
3.
Образдылық, сӛздегi сурет.
4.
Кӛркем әдебиет пен ӛнердегi шарттылық мәселесi.
Кӛркемӛнердiң сан алуан түрлерi бар. Оның түрлерiне музыка, мүсiн
ӛнерi, бейнелеу ӛнерi, сәулет ӛнерi, театр, би, балет, сӛз ӛнерi жатады.
Ӛнердiң әр түрiнiң ӛзiндiк ерекшелiктерi бар. Ӛнердiң барлық түрлерiне
ортақ ерекшелiк – олардың ӛмiрдiң шындығын, қоғамдық құбылыстарды,
табиғаттың сұлулығын образдар арқылы танытуында. Бiрақ ӛнердiң әр
түрiнде образ әр қалай жасалады. Мысалы музыкада образ дыбыс арқылы,
бейнелеу ӛнерiнде бояу, би ӛнерiнде қимыл, әдебиетте сӛз арқылы жасалады.
Ӛнердiң әр түрi туралы тӛмендегi анықтамаларды беруге болады:
Музыка (ән-кҥй, әуез) ӛнерi – ӛмiр шындығын, адамның кӛңiл-күйiн,
сезiмiн дыбыстың әуездiлiгi, ән мен күйдiң әуенi, ырғақ арқылы жеткiзедi.
Оның сӛз ӛнерiмен, поэзиямен тамырлас сабақтастығы, жақындығы мол.
Бiрақ ойды айқын жеткiзу жағынан поэзиямен таласа алмайды, алайда
адамның кӛңiл-күйiн, сезiмiн кейде тiптi поэзиядан да әсерлi нәзiк бiлдiредi.
Музыка поэзиямен бiрге қазақ халқының ӛмiрiнде айрықша үлкен орын
алған. Онда адам жанының iшкi дүниесiн айтып берушiлiк басым, бiрақ оның
айтып беретiн идеяларын үннен ажыратуға болмайды. Ал үн дегенiмiз жанға
кӛп нәрсе сездiре алса да, санаға айқын және байымды еш нәрсе бере
алмайды.
Мҥсiн ӛнерi– адамның бет пiшiнiндегi ойдың бiр белгiсiн, денесiнiң
бiр сәттiк қалпын ғана бере алатын, бiрақ адамды тегiс қамти алмайтын,
еркектiң бойындағы қайрат пен күштi, ұлылықты, әйелдiң бойындағы
әдемiлiк пен грацияны ғана елестете алатын ӛнердiң түрi. Ол адамның рухани
сұлулығын дене сұлулығы арқылы бейнелейдi. Оның қарымы сәулетшiлiктен
гӛрi кеңiрек: амал-тәсiлдерi молырақ, адам денесiнiң әдемiлiгiн, адам
дидарындағы ой нышанын кӛрсетедi.