27
Әрқашанда
жақсылық, әдiлет үшiн күресiп, халық махаббатына
бӛленген Ахиллес, Прометей, Геракл, Муромец, Алпамыс, Қобыланды
сынды образдар – әдеби қаһарманның үздiк үлгiлерi.
Әдеби характер
Кейiпкердiң
мiнез бiтiмi, адамның бойына, психологиясына, қимыл
әрекеттерiне тән сан түрлi
қасиеттердiң бiрiгiп, бiте қайнаған тұтастығын
танытатын мiнез-құлық ӛзгешелiгi, жазушы шеберлiгi арқылы кӛрiнетiн әр
кейiпкердiң ӛзгеше рухани әлемi, жан сыры, идеалы, күрес
мақсаты әдеби
характер арқылы кӛрiнедi. Ол характер деп те аталады. Ол әдеби шығармада
күрес-тартыс үстiнде, кейiпкердiң iс-әрекетi, ой-ниетi, мақсат-тiлегi арқылы
кӛрiнiс тауып, анық танылады.
Достарыңызбен бөлісу: