°дебиет теориясынан кјп нЅсєалы тест дайындау ѕшiн берiлетiн тапсырмалар



Pdf көрінісі
бет4/68
Дата08.04.2023
өлшемі1,27 Mb.
#80698
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68
Әдебиет тарихы – кӛркем әдебиеттiң қалай пайда болғанын, қайтiп 
қалыптасқанын, қандай жолдармен дамығанын зерттейтiн әдебиеттану 
ғылымының саласы. Әр халықтың әдебиетiн тарихи қалыптасу тұрғысында 
қарастырып, дәуiрге бӛлiп, әдеби бағыттарды, оған үлес қосқан iрi 
жазушылар творчествосын нақтылы зерттейдi. Әр халықтың кӛркемдiк даму 
сапарын саралап, сын кӛзiмен сұрыптап, сарапқа сала отырып, әр дәуiрдiң 
әдеби нұсқасына тарихи тұрғыдан қарап, оның сапасын сол тұстың сана 
сатысына байланыстыра тексередi. Олай етпей ауыз әдебиетiнiң нұсқалары 
болсын, жеке жазушылар творчествосы болсын, әдiл бағаланып, әдеби 
дамудағы ӛзiне лайық орнын алуы мүмкiн емес. Әдебиет тарихын 
зерттеушiлерге ең басты талап, дәл осы тұрғыдан қойылады. Кез келген 
әдеби нұсқаның эстетикалық құны мен ғылымдық мәнiн бағалау үшiн оған 
нағыз тарихи кӛзқарас керек. Орхон жазуындағы жырлардан бастап, 
жыраулар поэзиясы, Махамбет, Абай, Мағжан, Сәбиттердiң кез келген 
шығармасы бұл пiкiрiмiзге дәлел бола алады. 
Әдебиет сыны – кӛркем шығармаларға талдап баға берудi, 
ерекшелiктерiн ашып берудi мақсат ететiн, ӛз тұсындағы әдеби процеспен 
тығыз байланысты ғылым саласы. Ол ӛз тұсындағы әдебиеттiң тiрi процесiне 
белсене араласып, нақты әдеби туындыны жан-жақты талдау арқылы оның 
идеялық-кӛркемдiк құнын белгiлейдi. Әдебиет сыны, бiр жағынан, жазушыға 
жазғандарының бағалы қасиеттерiн, ерекшелiктерi мен кемшiлiктерiн 
кӛрсетiп, оның творчестволық ӛсуiне тiкелей қолқабыс жасайды, екiншi 
жағынан оқырманды оқығандарының байыбына барып, оны жете түсiнiп, 



дұрыс бағалауға баулиды. Бұл ретте сыншыны жазушы мен оқырманның 
екеуiне ортақ ара дәнекер десе де болар едi. Бiрақ бұл аз. 
Сыншы – қалың оқырманның ӛскелең талабы мен талғамының 
жаршысы, әдеби құбылысты жалпы мемлекеттiк мүдде тұрғысынан 
пайымдайтын қоғамдық ой-пiкiрдiң озғын ӛкiлi. Әдеби сында кӛркем 
шығарманы бағалаудың ӛзiндiк ӛлшемдерi бар. Кӛркемдiк критерий әдеби 
шығарманың кемшiлiгiн қазбалау емес, ол ең алдымен кӛркем шығарманың 
бағалы жағын кӛре бiлу. Кез келген шығармадан кемшiлiк табу оңай. Оның 
поэтикалық сұлулығы мен сырлылығы неде екенiн анықтау бәрiнен қиын. 
Бұл сыншының берiк принципiн, зор мәдениетiн, нәзiк түсiнiгiн, ӛрелi ойын, 
терең бiлiмiн, биiк талғамын керек етедi. Белинскийдiң айтуынша “сыншы 
таланты – сирек талант, сыншы жолы – тайғақ һәм қатерлi жол” да, шын 
мәнiндегi әдеби “сын – қимыл, қозғалыс үстiндегi эстетика”. Эстетика 
қоғамдағы кӛркемдiк даму тәжiрибесiнiң теориялық жинақталуы. 
Жұртшылық әдебиет сынын осындай iрi талап биiгiнен кӛргiсi келедi. 
Әдебиет туралы ғылымның жоғарыда аталған негiзгi үш саласы 
(теориясы, тарихы, сыны) ӛзара тығыз бiрлiкте болады. Әдебиеттiң 
теориясын нәзiк түсiнбей тұрып, тарихы жайлы әңгiме қозғау; тарихын 
бiлмей тұрып, сынын ӛрбiту мүмкiн емес. Шын мәнiндегi әдебиетшi осының 
үшеуiне де жетiк болуы шарт. Мұндай әдебиетшiлiктiң озық үлгiлерiн 
орыстың 
революционер-демократ 
ойшылдары 
В.Г.Белинский, 
Н.Г.Чернышевский, Н.А.Добролюбов, т.б кӛрсеткенi мәлiм: олар әдебиеттiң 
данышпан сыншылары ғана емес, тамаша тарихшылары және терең 
теоретиктерi де бола бiлдi. Ғұлама әдебиетшiлер әдебиет туралы ғылымның 
әлгiдей үш саласын бiлумен шектелмей, сондай-ақ ойшыл, философ, 
толғамды тарихшы, саясатшы, әлеуметтанушы, этик болуы да шарт. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет