6
ӘДЕБИЕТТАНУ ҒЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ САЛАЛАРЫ
I тақырып. ӘДЕБИЕТ ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМНЫҢ
НЕГIЗГI ЖӘНЕ ЖАНАМА САЛАЛАРЫ
1.
Әдебиеттану ғылымының негiзгi салалары. Әдебиет тарихы,
әдебиет
сыны, әдебиет теориясының объектiсi, мақсат-мiндеттерi.
2.
Әдебиеттану ғылымының мәтінтану, тарихнама, библиография секiлдi
жанама тараулары, олардың ғылымдық мәнi
3.
Қазақ әдебиеттану ғылымы мен сынының туу, даму тарихына шолу.
4.
Әдебиет, ӛнер туралы ғылымның даму
тарихында маркстiк-лениндiк
эстетика мен әдебиет теориясының маңызы және оған қазiргi кӛзқарас.
Әдебиеттану – сӛз ӛнерiн, әдебиеттi зерттейтiн ғылым. Әдебиет жоқ
жерде әдебиет туралы ғылым болмайды. Ол кӛркем сӛздiң табиғатын, пайда
болуын, тарихи-әдеби процестi әдебиет дамуының заңдылық-тарын, кӛркем
әдебиеттi тудырушы қаламгерлердiң шығармашылық ғұмырнамасын
зерттейдi.
Әдебиеттану ғылымы әдебиет тарихы, әдебиет теориясы,
әдебиет сыны деп аталатын салалардан тұрады. Бұл – кӛркем сӛз ӛнерiнiң
қоғам тарихымен байланысты даму заңдылық-тарын қарастыратын
филологиялық ғылым.
Достарыңызбен бөлісу: