°дебиет теориясынан кјп нЅсєалы тест дайындау ѕшiн берiлетiн тапсырмалар



Pdf көрінісі
бет32/68
Дата08.04.2023
өлшемі1,27 Mb.
#80698
түріЛекция
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   68
Байланысты:
negizderi-2016

Тілді ажарлау қҧралдары 
Сӛз сұлулығы оның қарапайымдылығы мен табиғилығында дей 
тұрғанмен әдеби тiлде әдебиетшi қолымен жасалатын әр түрлi ажарлаулар 
болады. 
Әр сӛз адамның кӛңiл-күйiмен байланысты, сондықтан “әр сӛздiң 
айтылуына қарай мағынасы бар” (А.П.Чехов).
Интонация (латынша intonare-дауыс ырғағы) – сӛздi ажарлаудың ең 
қарапайым тәсiлi. Сӛйлегенде сӛз мағынасын әсерлi жеткiзу үшiн дауыстың 
құбылып, жоғарылап, тӛмендеп ӛзгерiп отыруы, сӛздiң мәнерiмен, әр түрлi 
сезiммен айтылуы. Сӛздiң кӛтерiңкi леппен, салтанатты түрде, не терең ойға 
шомып, сабырмен, байсалды қалыпта немесе нәзiк сыршыл сезiммен 
айтылуға орай дауыс толқыны да бiрде биiктеп, ӛршеленiп, бiрде тӛмендеп, 
бәсеңдеп, сӛздердiң үндiлiгiн, саздылығын ұдайы ӛзгертiп отырады. Дауыс 
толқынының ӛзгешелiгi даустың кӛтерiлiп тӛмендеу қалпынан, сӛздiң сӛз 
тiркестерiнiң қандай сазбен, қандай жылдамдықпен айтылуынан, дауыстың 
ӛзiндiк бояу-реңкiнен, құбылмалы әсерлiгiнен тағы сол сияқты белгiлерден 
айқын аңғарылады. Дауыс шексiз мол болады, шаттану, қуану, мұңаю сияқты 
күйi қандай шексiз мол болса, олардың әрқайсысына сәйкес толқынының 
ӛзгеру, түрленуi де шексiз мол болады. Мысалы, кӛтерiңкi лептi интонация 
бiр түрлi де, сұрау, сауал қою интонациясы одан басқа түрде болатыны 
белгiлi. Немесе, екi нәрсенi қарама-қарсы қойып шендестiрiп айтқандағы 
интонация мен бiрыңғай бiрнеше нәрсенi қатар алып, санамалап айтқандағы 
интонация әр басқа екенi де түсiнiктi. Интонацияның, дауыс толқынының 
сӛздiң мағыналық байлығын алуан түрлi реңкi, бояуымен жеткiзуде де үлкен 
мән бар. Қандай интонациямен айтылғанына орай сӛздiң мағынасы аз ба, кӛп 
пе ӛзгерiп отыратынын да айту қажет. Әдеби шығармадағы сӛздiң 
интонациялық байлығы текстi мәнерлеп оқығанда әсiресе айқын танылады. 
Кӛркем шығарманы мәнерлеп оқу шеберлiгi ӛз алдына үлкен ӛнер болып 
саналатыны тегiн емес. Поэзияда интонация, дауыс толқыны ӛлеңнiң 
ырғағымен тығыз байланысты болады, ӛлең сӛздiң ырғағын түрлендiруге 
үлкен әсер етедi. Сонымен бiрге интонация сӛйлемдердiң, ондағы сӛз 
тiркестерiнiң қалпына да сәйкес болады. Оқылатын, сӛйлеп, тақпақтап 
ӛлеңдерде интонацияның, дауыс толқынының неғұрлым құбылмалы келiп, 
түрленiп отыруы айрықша қажет.
Әдеби тiлге дыбыстық қайталаулар арқылы да едәуiр ажар бiтiруге 
болады. Бұл тәсiл екi түрлi: аллитерация (латынша adlittera-дыбыстас) – 


43 
бiрыңғай дауыссыз дыбыстарды қайталау және ассонанс (французша 
assonanse-үндес) – бiрыңғай дауысты дыбыстарды қайталау. 
Бұлар әдеби тiлдi ажарлап, сӛздiң реңiн келтiре түседi. Бұл тәсiлдер 
Гомер мен Горацийден бастап, Пушкин мен Абайға дейiнгi ақын атаулының 
бәрiнде бар. 
Ираншахқа мұңың шақпа, Низами! 
Бiздiң жақта гүл құшақта, Низами! 
Қ.Аманжоловтың осы ӛлең жолдарында ш дыбысын қайталайтын 
аллитерация да,   дыбысын қайталайтын ассонанс та бар. 
Қазақ мақал-мәтелдерi мен жұмбақтарында бiр дыбыс немесе бiр сӛздi 
қайталау сӛз ұйқасымы айрықша роль атқарады. Мысалы, “Бейнет, бейнет 
түбi – зейнет”, “Әуеден күбi түстi, күбiнiң түбi түстi”. 
Орнымен үндескен сӛздер әдеби тiлдiң ӛрнек кестесiне әдемi ажар, 
айшық қосады. Әсiресе ассонанс сӛздiң интонациялық-музыкалық мәнiн, 
экспрессивтiк-эмоционалдық бояуын күшейтiп, ерекше елеулi тұстарды 
дыбыстандырып, ой-сезiмнiң әсерлiлiгiн арттырады. 
Мысалы, Еңсесi биiк ақ орда, 
Еңкейiп сәлем бер сана. 
Ернеулi жұқа сары аяқ, 
Ер сарқытын бер сана (“Ер Едiге”) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет