62
“Жанр дегенiмiз – белгiлi бiр шығарманың кӛрiнiс табу формасы“
(Т.Қожакеев).
“Тәжiрибеде әдебиеттiң эпос, лирика, драма сияқты тектерiн жанр деп
қате қолданушылық кездеседi. Дұрысында жанр әдебиеттiң тегi емес, тегiнен
тарайын iшкi тармақтар” (“Жанр сипаты” атты ұжымдық монография).
“Жанр дегенiмiз – тек пен түрдiң т.б. түрлi кӛркемдiк компонент-тердiң
бiр-бiрiне кiрiгiп, түрлiше құрамда қолданылу барысында пайда болған әдеби
шығарманың тарихи қалыптасқан түрi” (Д.Ысқақұлы).
Эпос (грекше
epos - баян, әңгiмелеу, тарихтап айту) – оқиғаны баяндап
жеткiзуге негiзделетiн,
кейiпкерлерiнiң iс-әрекетiн, күй-жағдайын, мiнез-
қасиеттерiн, ӛзара қарым-қатынастарын молынан кӛрсететiн әдебиеттiң тегi.
Ол ӛмiр шындығын мейлiнше мол қамтып, кең суреттейдi, адам мiнезiн
мүмкiндiгiнше терең ашып
жан-жақты танытатын iргелi, күрделi әдебиеттiң
байырғы, негiзгi тектерiнiң бiрi болып саналады. Оның туу, қалыптасу
тарихы тым әрiге адам санасының алғаш ояну дәуiрлерiне тамыр тартып
жатыр. Эпос – кӛркем
творчествоның ең бiр егде, етене, кең тынысты,
кәмелеттi түрi. Әдебиеттiң бұл тегiнде шығарма арқауы автор үшiн “iшкi”
субъективтiк шындық емес, ”сыртқы” объективтiк шындық – жекелеген
адамдардың кӛңiл күйi ғана емес, бүкiл
халықтың тұрмыс-тiршiлiгi, тарихи
тағдырлары мен ұлттық даму заңдылықтары басты болып табылады.
Шындық кең кӛлемдегi баяндау, әңгiмелеу арқылы жинақталады, адамның
ӛмiр жолы кеңiнен баяндалалып,
оқиғалар молынан суреттеледi, адамдар
арасындағы қарым-қатынас әр қырынан айқын кӛрсетiледi.
Лирика (гр.
Lyra – ежелгi гректер үнiне қосылып, ән салған музыка
аспабы) – бас қаһарманы ақынның ӛзi ақын кӛкiрегiндегi сезiм-оқырман
сезiмi, ақын кӛңiлiндегi сыр оқырман сыры болып табылатын әдебиеттiң
тегi. Мұнда ақынның
бiр сәтте жалт еткен нұрлы ойы, сол бойда жарқ етiп
тұтас кӛрiнген iшкi сырлы дүниесi берiледi. Бұл –шындықты адамның iшкi
кӛңiл-күйiне бӛлеп, ойы мен сезiмiне астастыра суреттейтiн терең
психологиялық шығармалардың түрi. Мұнда шығарма мазмұны объективтiк
оқиғаның
дамуы емес, субъектiнiң ӛзi және сол субъект арқылы ӛтетiн
дүниелер болып келедi. Кӛңiл бұрар, ой толқытар, я қуантып, я қайғыртар, я
сергiтер, я қажытар, субъектiнiң рухани ӛмiрiне ұрық себер, жүрегiне ұялар,
толғағына айналар нәрсенiң бәрi мазмұн болып табылады. Бұл – халық ауыз
әдебиетiндегi салт ӛлеңдерi той бастар мен жар-жардан, сыңсу мен
беташардан, мұң-шер ӛлеңдерi–қоштасу мен кӛңiл айтудан, естiрту мен
жоқтаудан бастау алатын әдебиеттiң тегi. Жеке адамның жан дүниесiн,
толғанысын, ой сезiмiн жалпы адам баласының
қоғамға тән сипаттарын,
заман, дәуiр келбетiн танытатын қасиет ерекшелiктердi кӛрсетедi.
Достарыңызбен бөлісу: