Новелла (итал. Novella - жаңалық, соны сӛз) – жеке адамдар басынан
кешкен оқыс, оқшау оқиғалардан туатын, шағын эпикалық түр ретiнде
Еуропадағы ояну дәуiрiнде қалыптасқан түр. Новелланың үздiк үлгiлерiн
жасағандар: Италияда Боккаччо (“Декамерон”), Ресейде Н.Гоголь мен
А.Чехов, Францияда П.Мериме мен Г.Мопассон, Америкада Эдгар По мен
О’Генри т.б. Новелланың әңгiмеден айырмасы онда әдеттегiден тыс, ӛзгеше
жағдай, ғажайып оқиға баяндалатын, оқиға желiсi қызықты болып, тосын,
күтпеген жерден аяқталады.
Әңгiме – оқиғаны баяндап айтуға негiзделетiн, қара сӛзбен жазылған
шағын бас-аяғы жинақы, тиянақты бiр оқиға айтылатын кӛркем шығарма.
Мұнда алдымен адам, оның ӛмiрi мен тағдыры, аса маңызды деген оқиға
суреттеледi. Ерекшелiгi: аз сурет арқылы кӛп жайды аңғарта бiлетiн айрықша
кӛркемдiктi талап етедi. Сондықтан да қаламгерден нағыз шеберлiк мектебiн
талап етедi. Жалпы, әңгiме –жауынгер, ұшқыр, ӛмiр құбылыстарына шұғыл
үн қосқыш, оқушысын тез тапқыш, ӛткiр, икемдi, сүйкiмдi жанр.
Очерк – суреттелетiн шындық та, қаһармандары да ойдан
шығарылмайтын, ӛмiрде бар, болған ақиқат пен адам туралы шығарма. Оны
ӛткен шақтың кӛне шындығынан емес, осы шақтың жаңа шындығынан
туатын ӛз кезiнiң үнi, жаңаның жаршысы десек те болады. М.Горький оны
кӛркем шығарманың ӛзi емес эскизi, ғылыми зерттеу мен әдеби шығарманың
орта-сында тұрған аралық зат деп түсiндiредi. Ол – беллетристиканың да,
публицистиканың да сипаттары бар әрi әдеби, әрi газет жанры.
Фельетон (франц. Feuilleton - парақ) – француздың парақ деген Ұғымды
бiлдiретiн сӛзiнен шыққан әрi әдеби, әрi газет жанры. Ол әдеби қасиетi мол
жақсы үлгiлерiнде кәдiмгiдей кӛркем бейнелер, қызық мiнездер, сатиралық
типтер жасалуымен ерекшеленедi. Яғни ол –“…шағын кӛлемдi,
публицистикалық үндi, кӛркем тiлдi, сын-сықаққа бай, күлкi шақыратын,
әдеби шығарма” (Т.Қожакеев).
Достарыңызбен бөлісу: |