°дебиет теориясынан кјп нЅсєалы тест дайындау ѕшiн берiлетiн тапсырмалар



Pdf көрінісі
бет58/68
Дата08.04.2023
өлшемі1,27 Mb.
#80698
түріЛекция
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   68
Қазақ ӛлеңдерiнiң тарихи тҥрлерi 
Желдiрме – жырды термелеп ерекше қарқынмен жедел, екпiндете айту 
тәсiлi, ”Жыр қарқынын үдетiп, ӛлең тосқынын ағылта, тӛгiп-тӛгiп жiберу 
үшiн …” (М. Әуезов) қолданатын ӛлең түрi. Ол асқақ үн, шабытты, күй, 


71 
лептi, қуатты сӛз, жалынды лебiз, сыңғыр қаққан әуез, әсем ұйқас, шоқтай 
қызулық, әнге бейiмдiлiк, қанаттылық пен жiгерлiлiкке негiзделедi. 
Терме – ғибраттылық мәнi бар, моральдық идеялар тұрғысынан әр 
нәрсенi терiп айтып, бiр нәрседен екiншi нәрсеге еркiн ауысып отыратын 
қазақ халық поэзиясында қалыптасқан лирикалық ӛлең түрi. Нақыл сӛз 
үлгiсiнде құрылып, ӛнегелi, нұсқалы сӛздердiң тiзбегiндей 7-8 буынды жыр 
үлгiсiнде жазылады. Мұнда кӛбiне күнделiктi тұрмыс-тiрiшiлiкке қатысты 
жайттар сӛз болады, сӛз бен әуен сабақтасып келедi, яғни сӛздi айқын, анық 
жеткiзуге лайық қысқа қайырылатын, жеңiл әуенмен айтылатын 
Қазақстанның батыс аймағы мен Сыр бойында мол дамыған ӛнер түрi. 
Толғау – қазақ, қарақалпақ, ноғай секiлдi халықтардың ауызша 
поэзиясында кең тараған қоғамдық-саяси, кейде күрделi, кӛлемдi лирикалық 
туынды тiптi сюжетсiз поэма дерлiктей сипат алатын, ырғағы 7-8 буынды 
тармақтарға негiзделетiн ӛлең түрi. Оның мазмұнында маңызды қоғамдық-
әлеуметтiк, саяси философиялық тақырыптар, азаматтық әуендер кеңiнен 
орын алады. Сондықтан XV-XIX ғасырлардағы қазақ поэзиясында ерекше 
ӛркендеп, ӛзiнiң ең жоғарғы даму сатысына жеткен. Тарихы жыраулық 
поэзияға тiкелей қатысты болғандықтан, Қазтуған, Доспамбет, Шалкиiз, 
Ақтамбердi, Үмбетей, Бұқар т.б., жыраулар шығармашылығына байланысты 
туған жанр деуiмiзге де болады. Жалпы алғанда, толғау–ауызша поэзиялық 
ӛлеңдi суырып салу дәстүрiне сәйкес қалыптасқан, еркiн, әр мӛлшерде 
топтасып түйдек-түйдегiмен шоғырланып келетiн, белгiлi бiр мақаммен, 
лирикалық аспаптың сүйемелдеуiмен айтылатын жанр. 
Арнау ӛлең – белгiлi бiр адамның бейнесiн, мiнез сипатын суреттеу, 
азғана сӛзбен кейiпкердi әзiлмен дәл кӛрсету арқылы, оның қимыл-
қозғалысқа толы жанды бейнесiн, сымбатын портретiн кӛзге айқын елестету
мақсатымен жазылған дербес поэзиялық туынды. Мысалы, Абайдың 
“Оспанға”, “Жайнаған туың жығылмай”, ”Кешегi Оспан ағасы” деп аталатын 
ӛлеңдерi. 
Жан аға! Шықтым ӛлiмнен, 
Халiмдi менiң кӛрсейшi. 
Жаның нұрға кӛмiлген, 
Нұрыңнан ұшқын берсейшi. 
(Мағжан “Жамбылға”) 
Хат ӛлең – арнау ӛлеңнiң бiр түрi. Мысалы, Абайдың “Мен сәлем 
жазамын” атты ӛлеңi мен “Жiгiт сӛзi”, “Айттым сәлем, Қаламқас”, “Қыз сӛзi” 
(“Қиыстырып мақтайсыз”) атты ән ӛлеңдерi; сондай-ақ оның үлгiлерiн 
С.Торайғыровтың “Қамар сұлу”, Б.Майлиннiң ”Шұғаның белгiсi”, 
С.Мұқановтың ”Мӛлдiр махаббат” атты шығармаларынан да кездестiруге 
болады. 
Арнау сӛз – әдеби шығармада автордың кейiпкерлерiмен, 
оқырмандарымен, табиғат құбылысымен, әйтеуiр қандай да жанды, жансыз 
нәрселермен тiлдесуi. Мысалы, “Сорлы Ақбiлек! Сен жыламай кiм жыласын? 
Тас емшегiн жiбiткен, тар құрсағын кеңiткен, аруанадай анаңнан айырылдың. 


72 
Жыла, жасың бұла. Жасыңмен қайғың жуылсын. Жасыңнан теңiз жиылсын. 
Теңiздi дауыл толқынтсын. Құтырсын толқын, туласын!” (Ж. Аймауытов. 
“Ақбiлек”). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет