65
бүкiл қауым боп қанаттандырған қиялынан туған қымбат қазына, жалпы эпос
атаулының басы десек те болады. Миф кейiпкерлерi – құдайлар, батырлар, әр
алуан
сиқырлы кереметтер болып,
тартымды, қызық сюжетке құралатын
кӛркемдiк бояуы қанық, идеясы айқын, аса әсерлi шығармалар. “Адам
баласының сәбилiгi туралы” (Маркс) шежiре.
Аңыз – негiзiнде шындық жататын, әсiресе қиял аралас фантастикалық
хикая, шындыққа жанасымды, кӛбiне тiптi ӛмiрде болған,
халық жадында
сақталған оқшау оқиғалар жататын халықтық шығарма. Аңызға Асан қайғы,
Жиренше шешен мен Қарашаш, Жәнiбек хан туралы ел аузындағы әңгiмелер
жатады. Бұл – кӛркем түрi жағынан мифтi еске салатын, кӛлемi шағын,
оқиғасы қызық, адамдары аз, тiлi таза, идеясы айқын эпостың түрi.
Ертегi – адам ӛмiрiнде не хайуанаттар дүниесiнде болуға лайық, әр
алуан қызық, кейде тiптi ғажайып оқиғаларды ойдан шығарып, ӛсiре
әңгiмелейтiн кӛркем баян, әсерлi хикая. Бұл – әлем халықтарының ауыз
әдебиетiнiң барлығында кеңiнен тараған, кӛптеген
елдерде сюжетi,
тақырыбы, идеясы жағынан ұқсас болып келетiн шығармалар. Оның басқа
жанрлардан айырмашылығы: кӛлемi қысқа, сюжетi ықшам, композициясы
жинақы, тiлi ауызекi айтуға лайық, қарапайым, бiрақ образдары ӛткiр, дәл,
мазмұны тартымды, идеясы бүкпесiз ашық миф пен аңызға ұқсас болып
келедi. Сондықтан уақиғалары ғажайып, әсерлi баяндалады, тыңдаушысын
елтiтiп, эстетикалық тәрбие бередi. Оның жалпы танымдық тәрбиелiк мәнi
зор ӛте зор. Ертегi – “Халық жанының айнасы” (Белинский), ”Ең
алдымен
халықты мiнездейтiн” (Добролюбов) ауыз әдебиетiнiң үлгiсi.
Мысал – айтылатын ӛнегелi ойды тұспалдап жеткiзетiн, кӛбiне ӛлең
түрiнде келетiн, сюжеттi, шағын кӛлемдi кӛркем шығарма. Оның тақырыбы
сан алуан, кейiпкерлерi аң, құс, балық ӛсiмдiк дүниесi болып келедi. Кейде
оқиғаларына адамдар да қатыстырылып отырады. Оның негiзгi сюжетке қоса,
нақыл түрiнде келетiн түйiндемесi де болады және кӛбiне ӛлеңдi шығарма
түрiнде келедi. Бұл – Ежелгi Грецияда – Эзоп, Францияда – Ж.Лафонтен,
Германияда – Х.Геллерт, Англияда –
Томас Мур, Ресейде XVIII ғасырда
А.Кантемир, А.Сумароков, В.Тредиаковскийлер жазған, XIX ғасырда
И.Крылов атасы болған жанр. Мұнда диалог тәсiлi жиi қолданылады,
баяндауы ширақ, жинақы, тiлi қарапайым, жанры жағынан ғибратты,
уағыздық сарындағы дидакти-калық әдебиет түрi
болып келедi және кейде
мысқыл-сықақ үлгiсi ретiнде де кездесiп отырады. Мысалды уағыздап,
нақтылап айту тәсiлi жағынан халықтың мақал-мәтелдерiмен, нақыл-
сӛздерiмен ұштасатын, түп-тӛркiнi хайуанаттар туралы тұспалды мағынасы
бар ертегi, қысқа әңгiме нұсқаларына ұқсас ӛлеңдi шығарма десек те болады.
Негiзгi ерекшелiгi:
әрқашан сатиралық сипатта, кӛбiне аң, хайуанат, кейде
зат туралы жазылып, сол арқылы адам бойындағы мiн, әлеуметтiк ортадағы
кемшiлiк күлкiге, келекеге,
мазаққа айналдырып, сықақпен сынайды.
Мазмұны бүкпелi болғанымен, идеясы астарсыз, ашық, тура, тiлi мiрдiң
оғындай ӛткiр, шымшыма шымыр. Эпостық шығармалардың iшiндегi ең
қысқа түрi. Мысалы: