°дебиет теориясынан кјп нЅсєалы тест дайындау ѕшiн берiлетiн тапсырмалар



Pdf көрінісі
бет18/68
Дата08.04.2023
өлшемі1,27 Mb.
#80698
түріЛекция
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   68
Байланысты:
negizderi-2016

Кӛркемдiлiк – ӛнер шығармаларының ӛзiндiк ерекшелiгi, эстетикалық 
сұлулығы, дүниенi, болмысты сипаттап сӛйлетудегi суреттiлiк, бейнелiлiк, 
ӛрнектiлiк. Бұл – суреткердiң ӛмiрдегi әдемiлiктi кӛре бiлуi, шебер бейнелеуi, 
ой сезiмiн, толғанысын әсерлi жеткiзуi, қиялға байлығы, шығарманың күллi 
суреттегiш, бейнелегiш құралдарының iштей жарасым-үйлесiмi, мазмұн мен 
пiшiнiнiң тұтастық-бiрлiгi. 
Кӛркемдiк шындық ӛмiр шындығының жазушының ой елегiнен, 
творчестволық кӛрiгiнен ӛтiп, қорытылып, әдеби шығармалардағы 
баяндалған, кӛркем суретке айналған қалпы; жазушының ӛмiрдегi шындықты 
кең толғап түсiнуi, терең сезiнуi, оған ӛз қатынасын бiлдiруi арқылы туатын 
нәрсе. Кӛркем бейне әдiс тұрғысынан реалистiк және романтикалық образ 
деп, тек тұрғысынан эпикалық, лирикалық, драмалық образ деп жiктеледi.
Образ
Ол “… эстетикалық мәнi бар, ойдан шығару арқылы әрi нақты, әрi 
жинақты жасалған адам ӛмiрiнiң әсем суретi”; 
Әдебиеттегi адам, сӛздегi сурет, шығармада ӛмiр шындығын жинақтау, 
адам мiнезiн даралау, яғни суреттiлiк, суреттi сӛз, сӛзбен салынған сурет 
образ деп аталады. 
Әдеби қаһарман 
Тарихи орта сипатын айғақтап, халықтық үлгiде тәрбиелi қасиеттердi 
жеткiзушi, жан-жақты сомдалған толыққанды образ, бас кейiпкер, әдеби 
қаһарман деп аталады. Ол әдебиеттiң идеялық-эстетикалық ролiне сай 
заманның, уақыттың бағыт-бағдарын, арман-мұратын танытушы, автор 
идеясын жүзеге асыратын бейне болып табылады. 


27 
Әрқашанда жақсылық, әдiлет үшiн күресiп, халық махаббатына 
бӛленген Ахиллес, Прометей, Геракл, Муромец, Алпамыс, Қобыланды 
сынды образдар – әдеби қаһарманның үздiк үлгiлерi. 
Әдеби характер 
Кейiпкердiң мiнез бiтiмi, адамның бойына, психологиясына, қимыл 
әрекеттерiне тән сан түрлi қасиеттердiң бiрiгiп, бiте қайнаған тұтастығын 
танытатын мiнез-құлық ӛзгешелiгi, жазушы шеберлiгi арқылы кӛрiнетiн әр 
кейiпкердiң ӛзгеше рухани әлемi, жан сыры, идеалы, күрес мақсаты әдеби 
характер арқылы кӛрiнедi. Ол характер деп те аталады. Ол әдеби шығармада 
күрес-тартыс үстiнде, кейiпкердiң iс-әрекетi, ой-ниетi, мақсат-тiлегi арқылы 
кӛрiнiс тауып, анық танылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет