Алмастыру, яки метонимия(грекше metоnymia-қайтадан атау) - ӛзара шектес заттар мен себептес құбылыстардың, ӛзара байла-нысты ұғымдар мен шартты сӛздердiң бiрiнiң орнына бiрiн қолдану. Алмастыру кӛркем әдебиетте ой ықшамдылығы үшiн, кейде образ
нұсқалығы үшiн қажет.
Сӛгетiн Гомер, Феокриттi Оқыды бiрақ Адам Смиттi Ӛзi сұлу, ӛзi ақын, Пiкiрлерi Кантқа жақын. (Пушкин)
Шумақтан аңғарылғандай Пушкин кейiпкерi Гомер мен Феокриттi
сӛксе, олардың ӛздерiн емс, шығармаларын ұнатпағаны; Адам Смиттi оқыса,
оның ӛзiн емес, шығармаларын оқығаны, сондай-ақ пiкiрлерi Кантқа жақын
болса, атақты философтың ӛзiне емес дүниетанымына жақын болғаны. Бiрақ
мұның бәрiн Пушкин ащы iшектей шұбатпай алмастыру тәсiлiмен қысқа әрi
нұсқа айтады.
Үйi мәз боп қой сойды, Сүйiншiге шапқанға (Абай)
Болыстың отбасын, туған-туысқандарын түгел тiзiп жатпай ақын бәрiн
үйi деген сӛзбен алмастыра қояды.
Қасиеттi қабiрге қасiреттi Герат жас тӛктi. (Айбек)
Автордың
айтып
отырғаны
Навои
қазасына
Герат
қаласы
тұрғындарының түгел қайғыруы.
Мегзеу, яки синекдоха (грекше sinekdoche-арақатысын ашу) –
алмастырудың бiр түрi – бүтiннiң орнына бӛлшектi немесе керiсiнше,
жалпының орнына жалқыны немесе керiсiнше қолдану.
Мамасы, босат, еркiмен ӛссiн тал шыбық! Ауа мен күнге, ай менен нұрға малшынып. Бұлқынып жатыр, ұмтылып жатыр, қарашы, Кiшкентай жүрек кӛрсетiп жатыр қарсылық. (М.Мақатаев)
Ақынның тал шыбығы да, кiшкентай жүрегi де сәби бӛбегi. Тал шыбығы
– ауыстыру да, кiшкентай жүрегi – мегзеу.
– Әй, сақал! Бұл арадан Плюшкинге қалай баруға болады? (Гоголь)
Бұл жердегi сақал да мегзеу.
Алмастыру, оның түрi мегзеу жалпы халықтық тiлде жиi қолданылады.
Мысалы:
–Үйiңде неше басың бар?
– Қораңда неше тұяғың бар?
– Абайды, Мағжанды сүйiп оқыды, берiлiп оқыды.
Абай, Мағжан шығармалары деген мағынада қолданылып тұр.