Дисперстік жүйе – газ, суйық не қатты ортада біркелкі таралған көптеген ұсақ бөлшектерден тұратын жуйелер.
Дисперстік жүйелердің тұрақтылығы деп олардың қасиеттерінің (дисперстігінің, дисперстік ортада біркелкі таралуының, фазааралық әрекеттесудің) уақыт өту барысында өзгеріссіз қалуын (тұракты болуын) айтады. Демек, тұрақтылық деп дисперстік жүйелердің ірілену және шөгу құбылыстарына қарсы тұра алу қабілетін айтады. Дисперстік жүйенің тұрақтылығының теориялық және практикалық маңызы бар.
Песковтың ұсынысы бойынша дисперстік жүйелердің тұрақтылығын екіге бөліп: 1) шөгу құбылысына қарсы тұра алу және 2) бөлшектердің бірігіп, ірілену құбылысына қарсы тұра алу қабілеті деп қарастырған жөн. Бірінші тұрақтылықты седиментациялық тұрақтылық деп атайды. Екіншісін - агрегаттық тұрақтылық деп атайды. Агрегаттық тұрақтылықтың өзі термодинамикалық және кинетикалық тұрақтылық болып екіге бөлінеді.
18.Көбік тұрақтылығына температураның әсері туралы айтып беріңіз. Көбіктер – дисперстік фазасы газдың көпіршіктері, ал дисперстеуші (дисперсиялық) ортасы өте жұқа қабыршық түріндегі сұйықтық болатын дөрекі жоғарыконцентрлі дисперстік жүйелер.
Көбіктерді шартты түрде былай белгілейді: Г/С.
Көбіктің тұрақтылығы - бұзылуға дейінгі көбіктің бар екенін сипаттайды. Көбікті алудың әдісі мен уақытына, көбік түзуші мен сұйық фазаның табиғатына, тұрақтылығына температура әсер етеді. Сұйық жұқа қабатты көбіктер ұзаққа шыдамайды. Көбіктер өз бетінше немесе сыртқы факторлардың әсер етуінен (температураның, қысымның, механикалық әсердің) бұзылады.
Температураның жоғарылауы көбіктің тұрақтылығына кері әсер етеді, өйткені:
- көбіктүзгіш молекуласының десорбциясын күшейтеді;
- қабыршықтағы сұйықтықтың булануын жылдамдатады;
- қабыршықтағы сұйықтықтың тұтқырлығын азайтады.
19.Шульце-Гарди ережесін сипаттап жазыңыз. 3ольдi ұйыту үшiн пайдаланылатын электролит құрамындағы ионның заряд таңбасы коллоидты бөлшектiң потенциал анықтауыш ион таңбасына қарама – қарсы болуы тиiс. Атaлған ион зарядының шамасы apтқан сайын оның ұйыту қабiлетi де артады. Бұл заңдылық Шульце-Гарди ережесі деп аталады да төмендегiше тұжырымдалады.
Ұйыту шегiнің ең кішi мәні заряды үлкен ионга сәйкес келедi және олардың арасындағы байланыс мына mеңдiкпен өрнекmеледi: cоnst
γ =
z 6 Мұндағы z- ион заряды
1. Шульце-Гарди ережесiне opганикалық тeктeгi иондар бағынбауы да мүмкін. Органикалық иондардың ұйыту қабiлетi олардың адсорбциялану бейiмдiлiгiнiң өcyiмен артады.
2. 3арядтары бiрдей иондар үшiн олардың гидратациялану дәрежесi кему бағытында ұйыту қабiлетi де артады.