Деңгей Коллоидты химияны ғылым ретінде сипаттап жазыңыз


Коагуляция теориясын айтып беріңіз



бет8/30
Дата12.05.2023
өлшемі111,42 Kb.
#92628
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   30
Байланысты:
Äå?ãåé Êîëëîèäòû õèìèÿíû ?ûëûì ðåò³íäå ñèïàòòàï æàçû?ûç

15.Коагуляция теориясын айтып беріңіз.
Коллалдтардың тұрақтығы, олардың бөлшектерінде адсорбцияланған зарядтың болуынан және су молекулаларының қоршауынан екендігі жоғарыда айтылды, ол осы себептерді жойса, коллоидтардың тұрақтылығы кемиді. Бөлшектер біріне-бірі жабысып, бірігісіп, ірірек агрегат түзеді, оның ақтық нәтижесі олар ауырлап тұнба болып шөгеді. Осы процесті ұю, немесе коагуляция дейді.
Коллоид ерітінді ұю үшін оған ұйытқы ретінде электролит қосылады. Коагуляция (ұю) процесін былай сипаттауға болады. Коллоид ерітіндіге электролит қосқанымызда, ерітіндіде иондардың жалпы концентрациясы артады, сондықтан зарядты коллоид бөлшегінің қарсы зарядты ионмен кездесуінің, демек бейтараптануының мүмкіншілігі өседі; зарядсыз бөлшектер жабысып, бірігісіп ірі агрегат түзіп, тұнбаға түседі. Гидрофобты коллоидтар гидрофильді коллоидтарға қарағанда оңайырақ коагуляцияланады.
Зарядтары қарама-қарсы коллоидтар араласса да коагуляция болады. Мысалы теріс зарядты күкіртті күшән мен оң зарядты темір гидрототығы коллоидтарын араластырса, бұлардың арасында ешбір химиялық реакция болмағанымен, коллоидтар бірінің зарядын бірі сөндіргендіктен бірлесіп коагуляцияланады. Кейбір әр түсті сияларды араластырғанда іріп кету де осы коагуляциядан; өйткені сия органикалық бояулардың коллоид ерітіндісі, солардың бірі оң, екіншісі теріс зарядты болып кездессе коагуляцияланады.
Кейбір коллоид ерітінділер қыздырғаннан коагуляцияланады, өйткені қыздырғанда коллоид бөлшектерінің адсорбциялағыштығы кемиді, одан оның зарядтары азаяды, демек бірін-бірі кейін тебу нашарлайды.
Коагуляция нәтижесінде шөгетін тұнбалар әр түрлі болады. Гидрофобты коллоидтар жалбыр-жұлбыр болып немесе ұнтақ түрінде тұнады, олардың кұрамында еріткіш аз болады. Гидрофильді коллоид өзімен бірге суды ала тұнады сондықтан олар дірілдек, кілегей түрінде болады. оларды гель (сірне) деп атайды. Гель біраз тұрса сығылып, кішірейіп бойындағы суын бөліп шығарады, бұл құбылысты синерезис деп атайды. Кептірілген гельді ксерогель деп атайды. Ксерогельді сумен араластырса -оны бойына сіңіріп ісініп қайтадан гельге, яғни гидрогельге айналады, температурасын көтерсе зольға да айналады.
Заттың коллоидтық күйде бола алуының, коллоидты жүйелердің өнеркәсіптік үлкен маңызы бар. Көп заттардың мысалы пластмассалар, каучук, жасанды торқа тері тағы басқалардың технологиясы заттың коллоидтық күйіне өте байланысты болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет