Қатты денелердің механикалық қасиеттері. Қатты денелердің механикалық қасиеттері оның сыртқы механикалық әсерлерге реакциясын сипаттайды: сығу, созу, бұрау, соққы, т.б. Қатты денелердің механикалық қасиеттері оның құрылымдық бөлшектердің арасында әсер ететін байланыс күштерімен анықталады. Бұл күштердің әр түрлі болуы мех. қасиеттердің де әр түрлі болуына әкеледі: Қатты денелердің бірі майысқыш болса, басқалары – морт келеді. Әдетте, металдар диэлектриктерге қарағанда майысуға икемді. Түсірілген күш шамасы азырақ болатын кездерде барлық денелерде кернеу мен деформация арасында сызықтық байланыс орнайды (Гук заңы).
Кристалдардың беріктігі атомдар арасындағы байланыс күштеріне тәуелді болмайды.
12. Заттардың коллоидты күйі туралы сипаттап жазыңыз. Заттардың коллоидты күйідегеніміз, ол молекула емес, көптеген молекуладан жинақталған жекеленген агрегат түрінде жүретін аса майда ұнтақталған, яғни жоғары дисперстелген жүзгінді (дисперсті) түрі. Коллоидты бөлшектер көптеген молекулалардан тұратындықтан да оларға фазадағы термодинамика заңдылықтарын қолдануға болады. Кәдімгі ерітіндімен салыстырғанда коллоидты ерітінді екі фазадан тұратын гетерогенді жүйе. Әр коллоидты ерітінді гетерогенді жүйе болғандықтан, оның басты шарты бір фазадағы заттың екінші фазадағы затта ерімеуі немесе нашар еруі.
Коллоид күйінің ерекшелігі. 1.Барлық коллоидты ерітінділердің сәуле шашырату қабілеті болады Мұны Тиндаль конусы дейді.
2. Нағыз ерітінділермен салыстырғанда коллоидты ерітінділердегі диффузия жылдамдығы төмен.
3. Коллоидты ерітінділердің осмостық қысымы аз, кейде оларды байқау да қиын. 4. Коллоидты ерітінділер диализге бейім, яғни онымен ерітіндіде бірге еріген төменгі молекулалы заттарды жартылай өткізетін жарғақты пленкалар көмегімен тазартуға болады.
5.Нағыз ерітінділер өте тұрақты, ал коллоидты ерітінділер тұрақсыз.
6. Коллоидты ерітінділер, әдетте, электрофорез құбылысына бейім.