Деңгей Коллоидты химияны ғылым ретінде сипаттап жазыңыз


Коллоидты ерітінділерге сипаттама беріңіз, лиофобты және лиофильді жүйелер туралы жазыңыз



бет2/30
Дата12.05.2023
өлшемі111,42 Kb.
#92628
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Байланысты:
Äå?ãåé Êîëëîèäòû õèìèÿíû ?ûëûì ðåò³íäå ñèïàòòàï æàçû?ûç

3.Коллоидты ерітінділерге сипаттама беріңіз, лиофобты және лиофильді жүйелер туралы жазыңыз.
Коллоидты ерітінділерді алу үшін екі әдіс қолданылады. Оның бірі дисперстеу әдісі, онда коллоид жасаймыз деген затты коллоид диірменінде, механикалық жолмен үгітеді, одан шыққан бөлшектің диаметрі 10нм дейін болады. Үгіту процесін жылдамдату, әрі толығырақ жүргізу үшін әртүрлі қоспалар қосады. Ондай қоспалар үгітілетін заттың бетінде адсорбцияланып оның беттік керілуін төмендетеді. Осының салдарынан заттың беріктігі төмендеп, оңай ұнтақталады. Екінші әдіс – конденсациялау әдісі, онда жек молекулаларды, атомдарды немесе иондарды керекті мөлшерлі агрегаттарға дейін біріктіреді. Олай жасау үшін белгілі жағдайда түрлі химиялық реакциялар жүргізеді. Мысалы: мышьяк қышқылы ерітіндісіне күкіртті сутек жіберсек:
2HasO2 +3H2S = As2S3 +6H2O
Дисперсті фаза мен дисперсті ортадағы заттар фазааралық беткі қабатта әрқашанда молекулааралық әсерлесу күшінің есебінен әрекеттесіп жатады және мұндағы әрекеттесу дәрежесі әртүрлі болуы мүмкін. Мінеки, осы әрекеттесу шамасына орай дисперсті системалар лиофильді және лиофобты болып бөлінеді. Лиофильді системалар тобына жататын дисперсті системадағы дисперсті фаза мен дисперсті орта өзара әрекеттеседі. Мүның нәтижесінде жалпы химиядан белгілі сольватацияға (еріт-кіш су болғанда гидротация) ұқсас, дисперсті фаза бөлшегінің ай-наласында дисперсті орта бөлшектерімен қоршалған қабат лайда болады. Ал, лиофобты системалар тобына енетін дисперсті фаза мен дисперсті ортадағы заттар өзара нашар әрекеттеседі.
4.Беттік активті заттарды әсер ету механизмдері туралы жазыңыз.
Беттік активті заттар -OH, -COOH, -O функционалды топтары мен гидрофильді және гидрофобты компоненттері бар органикалық заттар. Беттік активті заттар—фаза (орта) бөлімінің бетінде оның бос энергиясын (беттік керілуді) төмендетіп, жинақталуға қабілетті заттар. Беттік активті заттар өнеркәсіпте (мысалы, флотация кезінде) қолданылады, жуғыш заттардың, лактар мен бояқтардың, пестицидтердің, тамақ өнімдерінің құрамына кіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет