Деңгей Коллоидты химияны ғылым ретінде сипаттап жазыңыз


Лиофильді дисперстік жүйелер туралы жазыңыз



бет7/30
Дата12.05.2023
өлшемі111,42 Kb.
#92628
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   30
Байланысты:
Äå?ãåé Êîëëîèäòû õèìèÿíû ?ûëûì ðåò³íäå ñèïàòòàï æàçû?ûç

13.Лиофильді дисперстік жүйелер туралы жазыңыз.
Фазааралық әрекет. Дисперсті фаза мен дисперсті ортадағы заттар фазааралық беткі қабатта әрқашанда молекулааралық әсерлесу күшінің есебінен әрекеттесіп жатады және мұндағы әрекеттесу дәрежесі әртүрлі болуы мүмкін. Мінеки, осы әрекеттесу шамасына орай дисперсті жүйелер лиофильді және лиофобты болып бөлінеді. Лиофильді жүйелер тобына жататын дисперсті жүйедегі дисперсті фаза мен дисперсті орта өзара әрекеттеседі. Мұның нәтижесінде жалпы химиядан белгілі сольватацияға (еріткіш су болғанда гидротация) ұқсас, дисперсті фаза бөлшегінің айналасында дисперсті орта бөлшектерімен қоршалған қабат пайда болады. Ал, лиофобты жүйелер тобына енетін дисперсті фаза мен дисперсті ортадағы заттар өзара нашар әрекеттеседі.
Лиофильді (гидрофильді) жүйелер – дисперсті фаза мен дисперсті орта бөлшектері арасында әрекеттесулер өте жоғары заттар. Лиофильді жүйелерде фазалар арасындағы молекулалық әрекеттесу жоғары, сондықтан олардың бөліну қабаттарындағы беттік керілу өте аз. Лиофильді дисперсті жүйелер өздігінен дисперстілеу арқылы түзіледі. Олар термодинамикалық тұрақты жүйелер, себебі дисперсті фаза сыртындағы сольватты қабаттар Гиббс энергиясының ∆G артуына мүмкіндік бермейді. Мұндай жүйелердің мысалдары: кейбір саздар мен беттік-активті заттар (БАЗ) дисперсиялары, жоғары молекулалық қосылыстар (ЖМҚ) ерітінділері.


14.Седиментация теориясын айтып беріңіз.
Коллоидты ерiтiндiлердiң тұрақтылығына олардың өз диcпеpcтiлiгiн, құрылымын, күйiн yaқыт бойынша өзrертпей бiр қалыпты сақтауы жатады. Кәдiмгi ерiтiндiлерге қарағанда коллоидты ерiтiндiлердегi еpiген бөлшектер iрiлеу болып келетіндігі белгiлi. Ендеше, бұлардың ayыpлық күшi әсерінен тұнбаға шөкпеуiне нендей күш себепшi болып отыр. Бұл cұpaққа , ғалым Н.П.Песков (1920) мынадай түсініктемелер жасады:
Коллоидты ерiтiндiлердiң тұpaқтылығына басты әсер ететін екі күш бар. Олардың бiрi еpiген бөлшектердiң ерiтiндi бойында бағыт-бағдарсыз броундық, қозғалысы. Бұл кинетикалық немесе седиментациялық тұpaқтылық деп аталады.
Седиментация - ауырлық күші əсерінен дисперстік фаза бөлшектерінің сұйық (немесе газды) ортада шөгуі.
Екінші коллоидты бөлшектердiң өз құpылымы, дис­пepcтiлiгiн өзгертпей сақтауы. Бұл құрылымдық немесе aгpегативтi тұрақтылық деп aтaйды.
Дисперстік фазаның едəуір ірі бөлшектеріне қарама-қарсы бағытта екі күш əсер етеді. Ол төмен қарай бағытталған ауырлық күші (Fg) мен жоғары қарай бағытталған Архимед күші (ҒА). Бұл күштердің шамаларын төмендегі теңдеулер арқылы көрсетуге болады:
Fg = m·g = 𝜗·d·g; FA = 𝜗·d0·g
мұндағы, m мен υ – бөлшектің массасы мен көлемі; d мен d0 – дисперстік фаза мен дисперстік ортаның тығыздықтары; g – еркін түсу үдеуі.
Сонда бөлшекке əсер ететін седиментациялық күш Ғсед. Ауырлық күшінен Архимед күшін алып тастағанға тең болады: Fсед. = Fg - FA = 𝜗·(d - d0)·g
d > d0 шарты орындалған жағдайда дисперстік фазаның бөлшектері ыдыс түбіне шөгеді. Бұл құбылысты - седиментация деп атайды.
d < d0 шарты орындалғанда дисперстік фазаның бөлшектері сұйықтың бетіне қалқып шығады. Бұл құбылысты – кері седиментация деп атайды. Седиментация көбінесе суспензиялар мен аэрозольдерге тəн, ал кері седиментация газ бен сұйық эмульсияларында жиі байқалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет