Деңгей Коллоидты химияны ғылым ретінде сипаттап жазыңыз


Суспензия туралы түсінік беріп, классификациясына тоқталыңыз



бет15/30
Дата12.05.2023
өлшемі111,42 Kb.
#92628
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   30
Байланысты:
Äå?ãåé Êîëëîèäòû õèìèÿíû ?ûëûì ðåò³íäå ñèïàòòàï æàçû?ûç

7.Суспензия туралы түсінік беріп, классификациясына тоқталыңыз.
Суспензия – қатты дисперстік фазаның сұйық дисперстік ортада таралған микрогетерогенді система. Ондағы қатты бөлшектердің өлшемі 0,1 мкм < r < 10 шкм. Егер бөлшектердің дисперстік дәрежесі төмен болса, онда оның радиусы үлкейіп, тұрақтылығы төмендейді де тез тұнбаға шөгеді.Суспензиялар – бұл 10-5 см өлшемді қатты заттың бөлшектері дисперсті фаза болатын дисперсті орта – сұйықтық болады. Шартты түрде суспензияны бөлшек түрінде белгілейді. Қ/с мұнда фазаның агрегатты күйі және ортаның агрегатты күйі көрсетіледі. Суспензияға мынадай анықтама беруге де болады: Суспензия – бұл ұнтақтардың сұйықтағы өлшемі.«Суспензия» (suspensio) термині көне латын тілінен аударғанда «іліну», «өлшеу» мағыналарын береді.


Суспензияның классификациясы
Суспензиялар бірнеше белгілер бойынша жіктеледі:

  1. Дисперсті орта табиғаты бойынша: органосуспензиялар (дисперсті орта – органикалық сұйықтық) және сулы суспензиялар.

  2. Дисперсті фаза бөлшектерінің өлшемдері бойынша: дөрекі суспензиялар (α >10 -2) нәзік суспензия (-5 ∙ 10 -5< α< 10-2) муттар (1۬∙ 10 -5< α< 5∙ 10-5 см)

  3. Дисперсті фаза бөлшектерінің концентрациясы бойынша: сұйытылған суспензиялар (өлшенділер) және концентрленген суспензия (пасталар).

Сұйытылған суспензияларда бөлшектер сұйықтықта еркін жүреді, бөлшектер арасында байланыс болмайды және әр бір бөлшек кинетикалық тұрғыдан тәуелсіз. Сұйытылған суспензиялар – бұл бос дисперсті структурасыз жүйелер.


8. Эмульсия туралы түсінік беріп, классификациясына тоқталыңыз.
Эмульсия - eкi сұйыктың бiр-бiрiнде epiгeн микрогетерогендi системасы. Эмульсиядағы дисперстi фаза да, дисперстiк орта да бiрдей агрегаттық күйде, атап айтқанда сұйық коллоидты система екен. Егер мұндай системаларды бiрi екiншiсiнде ерiмейтiн сұйыктар құрайтын болса, онда ұзак- уақыт сақталады. Эмульсиялардағы дисперстi фазаны құрайтын шар тәрiздi бөлшектердiң өлшемi oлаp әр түpлi болады: Кәдiмгi көзге көрінетін бөлшектен бастап коллоидтық дәрежедегі дисперстiлiкке дейiн эмульсия­дағы дисперстiк фазаның бөлшектерi көбiнесе 0,1-10,0 мкм аралығында болады. Сондыктан да оларды кәдімгi жай оптикалық­ микроскоп арқылы байкауға болады. Эмульсиялардың тұрақтылығы жайлы көптеген ғылыми-зерттеулер жүргiзiлген. Сүт тағамдарын сақтағанда, түрлi салқындаткыш сусындар мен балмұздақты даярлағанда эмульсиялардың тұрақтылығы eскеріледі. Кейбiр жағдайларда эмульсия тұрақтылығы нашарлап, құрамындағы сұйык фазаларды жеке бөлiп алуға тура келедi. Эмульгатор көмегімен тұрақтандырылмаған сұйык, эмульсияларды бұзу үшiн, оларға шамалы ғана электролит қосса жеткiлiктi, осы кезде эмульсияның электрокинетикалық потенциалы төмендеп, ол оңай бұзылады. Мысалы, бу машинасында пайда болатын кон­денсатты эмульсияны бұзу үшiн, оған алюминий сульфатын Аl2(SО4)З қосады. Мұндағы май тамшысының зарядын анықтайтын кepi ион ролiн алюминий немесе сульфат иондары атқарады. Кейде, эмульсияларды бұзу үшін оған беттiк активтi заттарды деэмульгатор peтінe қосады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет