Деңгей Коллоидты химияны ғылым ретінде сипаттап жазыңыз


Дисперсті жүйелердегі электрлік құбылыстарды сипаттап, түсіндіріңіз



бет14/30
Дата12.05.2023
өлшемі111,42 Kb.
#92628
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   30
Байланысты:
Äå?ãåé Êîëëîèäòû õèìèÿíû ?ûëûì ðåò³íäå ñèïàòòàï æàçû?ûç

5. Дисперсті жүйелердегі электрлік құбылыстарды сипаттап, түсіндіріңіз.
Коллоидтық жүйелерде, әcipece диcnерсиялық орта су болып келген жағдайдағы коллоидтық жүйелерде диcnерстiк фаза бөлшектерiнiң беттерiнде болатын зарядтардың маңызы зор, Дисперстiк жүйелердегi бөлшектердiң зарядтарының болуын алғаш рет Москва университетiнiң профессоры Ф.Ф. Рейсс 1808 ж. ашқан болатын. Көптеген тәжрибелердiң нәтижесiнде бөлшектердiң жылдамдығы потенциалдар айырмасы және дисперсиялық орта тұрақтылығы артқан сайын өсетiндiгi, ал ортанның тұтқырлығы өскен сайын оның кемитiндiгi белгiлi болды. Miнe осыны - электр өрiсiнде дисперcтiк бөлшектердiң тасымалдануын электрофорез деп атайды /кейде оны катоферез деп те атайды/. Электркинетикалық құбылыстарды 2 топқа бөлуге болады:

  1. Бiрiншi тектi электркинетикалық құбылыстар: оған электрофорез

бен электросмос жатады. Бұл құбылыстар кезiнде электр өрiсiнің әcepiнен фазалардың қозrалысын байқаймыз.
2. Екiнші тeктi электркинетикалық құбылыстар: бұған седиментациалық потенциал /Дорн эффектiсi/ мен aғy потенциалы жатады, /Квинке эффектісі / Бұл құбылыстар кезінде амалсыз қозғалатын фазалардың нәтижесiнде потенциалдар айырмасы пайда болатынын байқауға болады .


6. Коллоидты ерітінділердің оптикалық қасиетін қандай жолмен түсіндіруге болады? Мысалдар келтір.
Коллоид күйінің ерекшелігі.
1. Барлық коллоидты ерітінділердің сәуле шашырату қабілеті болады. Бұл құбылысты тәжірибе жүзінде жасау үшін сәуле жолына линза қойып, одан шыққан сәулені коллоидты ерітінді арқылы жіберсе, одан опалесценцияны көруге болады. Мұны Тиндаль конусы дейді.
2.Нағыз ерітінділермен салыстырғанда коллоидты ерітінділердегі диффузия жылдамдығы төмен.
3.Коллоидты ерітінділердің осмостық қысымы аз, кейде оларды байқау да қиын. Демек, коллоидты ерітінділердегі диффузия жылдамдығы мен осмостық қысымының төмен болуы ондағы еріген зат бөлшегінің нағыз ерітіндімен салыстырғанда ірі екендігін көрсетеді. Коллоидты ерітіндідегі бөлшек ірі болған сайын оның диффузия кезіндегі қозғалысы қиындап, жылдамдығы төмендейді, өйткені бөлшек іріленген сайын кедергі де арта түседі. Сондай-ақ ондағы бөлшек өлшемі осмостық қысымға әсер етеді. Берілген бірдей көлем мен тығыздықтағы екі ерітіндінің қайсысында бөлшек ірілеу болса, онда бөлшек саны аз болады. Ал осмостық қысым концентрацияға , яғни бөлшек санына тікелей тәуелді.
4. Коллоидты ерітінділер диализге бейім, яғни онымен ерітіндіде бірге еріген төменгі молекулалы заттарды жартылай өткізетін жарғақты пленкалар көмегімен тазартуға болдады. Мұндайда төменгі молекулалы заттар жарғақ арқылы өтеді де коллоидты ерітінділер қалып қояды.
5. Нағыз ерітінділер өте тұрақты, ал коллоидты ерітінділер тұрақсыз. Олай болса, коллоидты бөлшектер болмашы ғана сыртқы әсер салдарынан коагуляцияланады.
6. Коллоидты ерітінділер, әдетте электрофорез құбылысына бейім. Бұл құбылыс электр өрісіндегі коллоидты бөлшекті оң не теріс электродқа тасымалдаумен сипатталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет